ШОРТАНБАЙ ҚАНАЙҰЛЫ
(1818–1881)
Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы, Қаратау бойы. Қайтыс болған жері: Қарағанды облысы, Шет ауданы. Сүйегі Қарақыстақ аңғарының жоғарғы саласында шағын обаның үстіне, көне бейтке қойылған.
Қызметі: ақын, өз дәуіріндегі қоғамдық, әлеуметтік өмірдің әр саласын кеңінен қамтып, көркем бейнелеген ірі суреткер, әдебиеттегі «Зар заман» деп аталатын кезеңнің ірі өкілдерінің бірі.
Ақын өлеңдерін тұңғыш жариялаған академик В.Радлов, оның өлеңдер жинағы Қазан қаласында басылды.
М.Әуезов Шортанбай, Мұрат, Дулат секілді ақындарды «Зар заман ақындары» деп айтқан.
Ол бүкіл өмірі мен ақындық дарынын туған халқының отаршылдық езгідегі ауыр халін, оның ертеңгі болашағының мән-жайын жырлауға арнады, өзі куә болып отырған заманның кесел-мерездерін өзгелерден бұрын сезініп, соны аяусыз әшкерелеуге аянбай атсалысты.
Ресей отаршылдығының зорлығын көзімен көріп, «Зар заман», «Бала зары», «Тар заман», «Опасыз жалған», т.б. толғаулары арқылы ақиқатты ашып көрсетті.
Ең танымал туындысы – «Келер заман сипаты». Онда халықтың болашағын болжай отырып, тығырықтан шығар жол іздейді. Келер заманның кескін-келбетін көрегендікпен көрсетіп, өз тарапынан тұжырым жасайды, баға береді.
Шортанбай айтыс ақыны ретінде Шөже, Орынбай, Асан ақындармен сөз сайысына түскен. Осылардың ішіндегі көлемдісі, мазмұны жағынан толымдысы – Орынбаймен айтысы.
Шортанбай мұраларын зерттеушілер: М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Х.Сүйіншәлиев, М.Мағауин, С.Қирабаев, Ы.Дүйсенбаев, Т.Нұртазин, Ғ.Мұсабаев12.
Толғаулары:
«Атамыз Адам пайғамбар»
«Шортанбайдың насихаты»
«Асан Қожаға айтқан арызы»
«Зар заман»
«Бала зары»
«Тар заман»
«Опасыз жалған»
«Келер заман сипаты»
ЗАР ЗАМАН
Келе ме деп керт басқа,
Сол себептен қорқамын!
Әуелгі қорлар зор болды,
Сондағы зорлар қор болды.
Достарыңызбен бөлісу: |