Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет16/245
Дата24.03.2022
өлшемі0,52 Mb.
#28640
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   245
Шешендік сөздің жанрлық түрлері

Шешендік сөздің жанрлық түрі: шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау.



Шешендік арнау – өмірдегі сан алуан оқиғаларға сай әр түрлі мазмұнда айтылатын шешендік сөздер. Оларға шешендік бата, тілек сөз, көңіл жұбатарлық сөз, ақыл-насихат т.б. жатады. Мысалы, Жәнібек батырға Соқыр Абыздың айтқан арнау батасы, «Байдалы бидің Уәли ханымы Айғанымға айтқаны», Бөлтірік шешеннің сөздері жер, ел, ер т.б. сөздерді сипаттап арнау мағынада қолданған.

Бөлтірік шешеннің шешендік арнауы:

Үлкен алдында иіліп сөйле,

Кіші алдында сызылып сөйле.

Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді,

Сызылып сөйлегеннен сөзің үзілмейді.


Шешендік толғау – айтушының әлеуметтік мәселелерге өзіндік көзқарасын көрсететін сөз. Мысалы, ақылгөй, дана қариялардың көрген-білгендерін келер ұрпаққа аманат ақылын, өсиетін және адам өмірін қатар алып суреттеу, шендестіру тұрғысында келеді. Шешендік толғаулар мақал-мәтел, сұрақ-жауап, қанатты сөз, жұмбақ, мысал түрінде айтылады. Мысалы, Асан қайғының толғаулары, Мөңке бидің толғауы, «Бұ дниеде не өлмейді?» т.б.

Шешендік нақыл: «Үйіңнің алдында төбе болса, ерттеулі атпен тең, ауылыңда ақылгөй қарт болса, жазып қойған қартпен тең». (Малайсары)



Шешендік дау – айтушының халық арасындағы түрлі даулы мәселелерді реттейтін ежелгі әдет заңы. Шешендік дау мазмұнына қарай жер дауы, жесір дауы, құн дауы және ар дауы болып бөлінеді. Мысалы, ар-намыс дауына Қазыбек бидің қалмақ ханына айтқан «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз...» деп басталатын шешендік сөзін келтіруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   245




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет