Әдебиеттану мен эстетикадағы психологиялық мектеп Мазмұны: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім



Дата02.04.2023
өлшемі20,02 Kb.
#78494
Байланысты:
Әдебиеттану мен эстетикадағы психологиялық мектеп


Әдебиеттану мен эстетикадағы психологиялық мектеп


Мазмұны: 
І. Кіріспе 
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Әдебиеттану ғылымындағы әдіснамалық мектептер 
2.2. Эстетикалық тәрбие 
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе


Әдебиеттанукөркем әдебиет мәселелерін зерттейтін ғылым. Сөз өнерінің түп төркінін, тегін, туу, қалыптасу тарихын, даму заңдылықтарын, көркемдік және эстетикалық ерекшеліктерін зерттейді. Негізгі салалары үшеу: әдебиет теориясы, әдебиет тарихы,әдебиет сыны. Жанама тараулары — текстология, тарихнама, библиография. .
Психологиялык мектеп - принципі бойынша әдебиетші коркем шығарманы тудырған суреткердің психологиясын зерттеу керек немесе суреткер жасаған бейнелердің психологиясына назар аудару керек. Украин ғалымы Потебня жане оның шәкірттері кейбір еңбектерінде жалпы бейне табиғатына әдеби процестерге объективті баға беруден тыс. Психо-аналитикалык мектеп немесе Фрейдизм 20 ғ. басында Австрияда көрініс берген. Негізін салушы - 3.Фрейд. Ол әдебиеттің әлеуметтік маңызын мойындамайды.
Екі халыктың әдебиетін салыстыру қажет емес дейді. Оның назар аударатыны- суреткер санасының астарлы сырлары, туйсіктің жұмбақ құпиялары. Фрейд адам бойындағы ен басты қасиет- адам тіршілігін бағыттайтын куат кезі нәпсі жеңуге ұмтылу. Адамның қателіктері нәпсінің кесірі дейді.


Негізгі бөлім:
2.1. Әдебиеттану ғылымындағы әдіснамалық мектептер 


Әдебиеттану ғылымының тарихында көптеген мектептер мен ағымдар болған. Бағыттар қатар да,әр кезеңде де өмір сүріп кейде бірін-бірі ауыстырып та отырады.Филологиялық мектеп (филология-сөзге құмарлық) жазба ескерткіштерді тілдік және стилистикалық жағынан талдау арқылы адамзаттың рухани мәдениетін зерттейтін тіл білімі әдебиеттану, историография, текстология т.б гуманитарлық пәндердің жиынтығы.Көне мектептердің бірі-филологиялық мектептің дәстүрін ұстанған ғалымдар негізінен көркем шығарманың мәтінін зерттеп бағалауға бой ұрған. Әдебиеттің әлеуметтік табиғатын ашудың есесіне қоғамда атқаратын қызметін көрсетудің орнына бұл бағыт мәтінді бастыру, мазмұн баяндауды күйттейді. Жеке сөздер, тіркестер қолжазбалар тарихын бажалайды. Эстетикалық догматизм мектебінің белгілі өкілі деп француз ғалымы- Никола Буалоны айтамыз. «Поэтикалық өнер» деген трактатында көркем шығармаға күні бұрын жасалған қалыппен келу принциптері бар. Үш бірлік: орын бірлігі, уақыт бірлігі, әрекет бірлігі сақталсын дейді. Корольдар,рицарьлар ғана қаһарман бола алмақ. Көркем әдебиеттің даму процесі бқл мектептің жалғандығын айтылмаш шарттардың бекер нәрсе екендігін дәлелдеді. Биграфизм мектебі-19 ғасырдағы француз сыншысы Сент-Беф зерттеудің басты мақсаты, негізгі тенденция суреткердің рухын тану.Оның айтуынша, көркем шығарманы тудыратын фактор әлеуметтік орта, қоғамдық тартыс, таптық наным, дүниеге көзқарас, суреткердің өзі көрген, өзі сенген нәрсесі. Мәдени-тарихи мектеп – әдебиеттану ғылымындағы ең танымал бағыт.

2.2.Эстетикалық тәрбие
Эстетикалық тәрбие – жаратылыс дүниесіндегі немесе өнер туындысындағы сұлулық пен әсемдікті қабылдап, ғибраттануға баулитын, адамның эстетикалық сезімін, талғамын қалыптастыратын тәрбие.
Эстетикалық тәрбие мектеп жасына дейінгі кезеңнен басталады. Эстетикалық тәрбие арқылы бала қоршаған ортадағы әсемдікті, үйлесімділікті көре білуге, алған әсерін шығарм. жұмысында көрсетуге, бейнелей білуге үйренеді. Мектепте Эстетикалық тәрбие барлық оқу-тәрбие процесінде жүзеге асырылады. Баланы тәрбиелеуде әдебиет, музыка, бейнелеу өнері сабақтарының, сыныптан, мектептен тыс жұмыстардың маңызы зор. Эстетикалық тәрбие ақыл-ой, адамгершілік, дене тәрбиелерімен тығыз байланысты. Ол адамды рухани байытып, көркем-шығарм. қабілетін дамытуға ықпал етуге тиісті. Эстетикалық тәрбие берудегі негізгі бастау қайнар көз дәстүрлі қазақ қоғамында ғасырлар бойы қордаланған құндылықтар жүйесі, рухани мұралары, халық ауыз әдебиеті болуы, жаһандану дәуіріндегі рухани азғындау қаупінен сақтанатын бірден-бір жол.
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты – баланың бойына эстетикалық құндылықтарды сіңіруді қажетсіну, оған деген қызығушылығын, эстетикалық талғамын дамыту, эстетикалық іскерлік пен дағдысын қалыптастыру. Баланың сезіміне әсер ету – шексіз жұмыс және тәрбие жұмысының күрделі саласы.
Мектеп оқушыларының эстетикалық түсініктері, олардың еңбекке әсемдік тұрғысынан қатынасы, өзіндік белсенді іс-әрекетімен байланысты екенін көрсетеді. Мәселен өзі шешу мүмкіндігі болғанда ғана оның әрі мінез-құлықты, әрі әсемдік көңіл-күйі жай табады.
Қорытынды
Қорыта келе, бастауыш мектепте балалардың негізі әрекеттерінің ішінде жоспарлы, жүйелі, мақсатты жүргізілсе, олардың қоршаған ортаға, табиғатқа, адамдарға т.б. эстетикалық талғамы, көзқарасы, қызығушылығы дамып, мейірімділік, қайырымдылық қасиеттері қалыптасады.


Пайдаланылған әдебиеттер

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том

  2. Алмаханова Х. Жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие. Әдітемелік нұсқау. – Алматы, 1990.

  3. Ұзақбаева С.А. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі. ‒ Алматы, 1990.

  4. Ұзақбаева С.А. Эстетикалық тәрбие негіздері.13 Дәріс. ‒ Алматы, 1991


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет