Әдебиеттануға кіріспе


Сәбит Мұқановтың “Адасқандар” (қазіргі “Мөлдір махаббат”) романына тақырып табу тарихы



бет31/35
Дата29.10.2022
өлшемі246,3 Kb.
#46096
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Сәбит Мұқановтың “Адасқандар” (қазіргі “Мөлдір махаббат”) романына тақырып табу тарихы
Бір күні, түскі уақытта жұмыс кабинетімде жазумен шұғылданып отырғанымда (“Сұлушашты” жазып жүрген кезім болатын) әлдекімдер: “Өлтіріп тастапты!” — деп шуласып, тереземнің алдынан жүгіріп өте берісті. Құлаққа жат естілген дауысқа мен де елеңдеп, ашық тұрған тереземнен қарғып көшеге шықтым. “Немене?” — деп сұрасам, жүгіргендер: “Өлтіріп кетіпті!” — деседі, бірақ кімді кім өлтіргенін білмейді. Үстіме өзбектің жұқа шайы шапанын іле сала, жүгірген көпшілікке ілесіп жалан, аяқ, жалан, бас мен де жүгірдім. Бәріміз бір үйге келсек, бірталай милиционер айналасын қоршап алып, халықты есік, терезелердің сыртында ішке жібермей бөгеп тұр екен. Милиционерлердің арасымен қысылып-қымтырыла үйдің, ішіне кірсем, жаралы басынан жан-жаққа шапшып қаны аққан әлдекім етбетінен түсіп, аяқ-қолдары әрең қимылдап, өлгелі жатыр! Оның қасында түрегеп түрған бір жас жігітті екі- үш милиционер қолын артына байлап ұстап тұр. Жігіттің аузы әлденеге соқтығып, тістері сынған болу керек, аузынан қанды көбік шұбырады. Оның кім екенін білген жоқпын. Ал өліп үлгірген жігітті шалқасынан аударғанда қарасам, өзіме таныс, “Еңбекші қазақ” газетінің қызметкері Мұстапа Көшеков… Артынан естісек, Мұстапаны өлтірген жігіттің аты — Сұлтанбек Әбеуов екен, Мұстапамен екеуі апалы-сіңлілі әйелдерден туған бөле екен. Бұл ғажап оқиғаның сырын сұрастырып келсек, Сұлтанбектің үйленгелі жүрген қызын Мұстапа әлдеқалай алдаусыратып, үйленіп қояды. Бұл оқиғаға кектенген Сұлтанбек бөлесін өлтіреді. Оқиғаның мән-жайын толық естігеннен кейін, маған бұл іс екі жастың қызға таласуы ғана емес, екі дәуірдің, яғни феодалдық ескілік пен советтік жаңалықтың өз ара тартысуы сияқты боп көрінді.


Сәбит Мұқановтың Сұлтанбек ісін өз дүниетанымы мен таптық мүддесі түрғысынан бағалауы
Ең алдымен - Сұлтанбек — комсомол… санасы бар шәкірт. Комсомол кісі әйелді меншікті мүлкім, менің әйелім өлгенше менімен ғана бірге болу ‘керек деп өмірінде айтпайды. Әйел тату тұрса ғана,— әйел. Кетемін десе,— ешбір еркектің зорлап ұстауға қақы жоқ. Өйткені әйел — еркектің, меншікті мүлкі емес… Кеңес өкіметі әйелді еркекпен теңгерген. Олай болса, безген Бәтиманың маңдайынан Сұлтанбек сипап қоя беру керек еді. Ол өйтпеді. “Махаббат” дегенді тауып алып, ақырында Бәтима тиген Мұстапаны өлтірді. Мұстапа да өзіндей жас, әрі талпынып келе жатқан талапкер еді. Қара басынын, қамы (!) бір азаматты өлімге қиды. Ендеше біздің айтарымыз — Сұлтанбек 1) комсомолдың қасиетті атын былғады; 2) әйел тендігіне қол сұқты; 3) Мұстапаны қатеден емес, қастап өлтірді. Бұл жұмыстың бүгінгі коғам тұрмысына залалы күшті. Егерде мұндайларға қатты жаза берілмесе, басқалар да үлгі алып, көңліне жақпаған адамды аңсары ауған күні өлтіріп тастай беруі мүмкін…
Қосымша Ә




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет