Миф – табиғат құпияларын, адам не қоғам өмірінің сан алуан сырын қиял-ғажайып оқиғаға айналдыра бейнелейтін фантастикалық баян. Бұл байырғы халықтардың бәрінде бар, бірақ түпкі туған төркіні көне Грекия, Рим болып табылады. Аңыз –Қазақ халық ауыз әдебиетінің тарихи негізі бар мол саласы. негізі шындыққа жанасымды,көбіне тіпті өмірде болған,халық жадында сақталған оқшау оқиғалар жатады. Ертегі – миф пен аңызға ұқсас, адам өмірінде, не хайуанат дүниесінде болуға лайық, әр алуан қызық, кейде тіпті ғажайып оқиғаларды ойдан шығарып, өсіре әңгімелейтін көркем баян, әсерлі хикая.
Мысал – эпостық шығармалардың ішіндегі ең қысқа түрі. Әрқашан сатиралық сипатта, көбіне аң, хайуанат, кейде зат туралы жазылады да, сол арқылы адам бойындағы мін, әлеуметтік ортадағы кемшілік күлкіге, келекеге, мазаққа айналдырылып, сықақпен сыналады.. Мазмұны бүкпелі болғанмен, идеясы астарсыз, ашық, тура, тілі мірдің оғындай өткір, шымшыма, шымыр келеді. Новелла – (итальянша novella – жаңалық, соны сөз) – «бұрын-соңды көз көріп, құлақ естімеген тамаша оқиға туралы шындыққа сыйымды әңгіме. Қара сөзбен жазылған шағын прозалық шығарма, кейде өлеңмен жазылады. Оқиғасы қызу дамып, күтпеген жерден кілт, тосын шешіммен аяқталатын әңгіме. Новелланың әңгімеден айырмашылығы онда әдеттен тыс, өзгеше жағдай, ғажайып оқиға баяндалады.
Әңгіме – оқиғаны баяндап айтуға негізделген, қара сөзбен жазылған шағын көркем шығарма. Әңгімеде әдетте бас-аяғы жинақы, тинаяқты бір оқиға айтылады. Онда аса маңызды деген қысқа оқиға суреттеледі. Кейіпкерлері көп болмайды, сюжет желісі бір арналы ширақ келіп, тақырыбы мен идеясы айқын болады. Қазақ әдебиетінде балаларға арнап тұңғыш әңгімелер жазған – Ы.Алтынсарин.
Әңгімені композициялық талдау С.Мұратбеков «Ескек жел»