ШƏКІРТТЕРІМЕ ЖАУАП
Білу үшін болып құмар,
Сұрақ қйды оқушылар:
-
Ата, Сіздің жас шағыңыз
Қызықты боп өткен шығар?
-
Жас шағымды тізіп бүгін,
Айтсам, тым аз қызықты күн:
Балалығым бақсыз өтті,
Қызығымды бұзып мұңым.
-
Зарлы заман елді торлап,
Арды таптап, ерді қорлап,
Алты жаста ашаршылық
Азаптарын көрдім сорлап.
Аштық, азап қысты күнде
Басты дажал, сұсты күндер
Көшедегі көп өлікті,
Көріп, зəрем ұшты мүлде.
Азық құрып, болмай нəсіп,
Азып, тозып, əлім қашып,
Білмейтінмін бір тоюды,
Күлмейтінмін көңіл ашып.
Мектепке алғаш барғанымда,
Менің таң боп арманым да.
Жалаңаяқ достар көрдім,
Жайы жоқ тым арлануға.
Келеді деп «тамаша күн»,
Басталғанда балашағым,
Сойқан соғыс басталды да,
Сорым болды болашағым.
Ерте тұрып, мен түн қаттым,
Ер азамат орнын жаптым.
Қара қағаз қартқа оқып,
Қасіретке күнде баттым.
Жастай іске ие болдым;
Жаралыға сүйеу болдым,
Балалықтың бал шырынын
Татып білмей өсіп толдым...
Айтылған соң сұрақтарың,
Аздап мен де сыр ақтардым.
Көрмей аштық, соғыс өртін,
Көп жасаңдар, шырақтарым!
ХАЛҚЫМА СЕНЕМ
Көзі деп көсегелі бабалардың,
Өзі деп батагөйдің, балаларым.
Сөзімді ұйып тыңдар, сыр шетемін
Өрнектеп өсиетін даналардың.
Тəлімгер ұлтымыздың мұралары,
Тəлімге бағдаршам боп тұрар əлі:
Шыңдаңдар ой- білімді шəкірттерім,
Тыңдаңдар сансыз ұлы ғұламаны.
От жанды, шəкірттерім, жарқын жүзді,
Отанды қастерлеңдер, салтымызды.
Парықтап қасиетін келер ұрпақ,
Тарихқа танытады халқымызды.
Өнерлі, қайырымды, ақын халқым,
Көреді саптан əлем, атың- жарқын.
Əлемге таныларсың талантыңмен,
Əр елге өнеге боп салтың, парқың.
АЛМАТЫНЫҢ АЙЛЫ ТҮНІ
Көктөбеден көрсең сүйіп, сүйініп,
Көркем қала інжу-маржан киініп.
Салтанат нұр-жұлдыздары жарқырап,
Самсалап тұр көркемдігі құйылып.
Жарасады жарығымен арайлым,
Таратады нұр сəүлесін Абайдың.
Аңдағанға арулығын көрсеткен,
Маң қалаға мақтанышпен қараймын.
Айлы түнде қайырлы сəт- тыныштық,
Айдай жарқын аппақ үйлер құрыш нық.
Даламыздан дамыл таппай, зымырап,
Қаламызға ағылуда ырыс-құт.
Айдың нұры саукеле боп аспанда,
Алтын сəулең Алатаудан асқанда.
Ырыс құтқа ие болып осылай,
Тыныштықта жарқырай бер, Бас қала.
АЯ, ЖАНЫМ
Сен мені сүйем дедің,
Сендім де, иемдендім
Уəдең соза бердің
Уақыт оза берді.
Осынша мазаладың,
Отқа сен жазаладың;
Сезіліп ізеттілік,
Сенімді күзетті үміт
Тізбеймін ұмыт мінді
Үзбеймін үмітімді.
Сезім-сол, ая жаным:
Өзің бол сая бағым.
КҮРЕСКЕРМІН
Жалындаған жастықты бойымдағы,
Жаным маған жаратты, мойымады.
Өртті сезім, дарыным аман болса,
Өткізермін өмірдің тойын əлі.
Салауатын өмірдің сақтап келем,
Сан апатын ерлікпен аттап келем:
Дарыныма кесірі тимесін деп,
Қарынның да «қаржысын» шақтап берем.
Жастығымның тауып жүр күрес емін,
Жас ғұмырдың жалғасын бір есемін:
Əр үміттен жастықтай жалау алып,
Кəрілікпен өлгенше күресемін.
Кəрілікті жеңем бе, жеңбеймін бе?
Зəрулікті қалдырам мен кейінге.
Жалынбаймын «кəрілік қақтықпа» деп,
Жалындаймын жастықтың денгейінде
Əруақытта қайыспас күрестемін,
Əр бағытта кəрілік тірескенім;
Ғайып елес емессің қайран жастық
Айып емес Серік боп, ілескенің.
Өзің барда: жеңілмес күрескермін.
МЕН ҰСТАЗБЫН
Мен ұстазбын
Мейірманды жүрегім.
Иен іс сазын,
Игеру-іс тірегім:
Өміріңмен
Өзегім де бір елім.
Азаматқа
Асыл ғылым-бақ табам,
Адамзатқа
Ақыл кенін ақтарам.
Адал ісім-
Арым, күшім-бақ маған
Адам үшін
Ар міндетін атқарам.
ТАБИҒАТТЫ САҒЫНУ
Қызыл аяз қыс-қарда сабырда-мұң
Қызығы көп көктемді сағынамын.
Құсым қайтып, гүденем көктем келсе,
Құдіреттің көркіне табынамын.
Жасыл көктем өрінен табыламын,-
Жадыраған жаз нұрын сағынамын.
Жаз келгенде жайнайды еккендерім
Жазираның гүлдерін тағынамын.
Астық жинап, далама ағыламын,
Ыстық жазда күз əнін сағынамын:
Еңбегімнің есесін күзде көріп,
Еңбек-етсем, байлыққа малынамын
Күз келген соң ақ қысты сағынамын,
Күнде бір іс бітсін деп сабыламын.
Жылым келіп, қыс, көктем тойын жасап,
Жылы жазда тағыда сарыламын.
Əр мезгілді аңсаймын сағынамын:
Əсемдікке құмартты, тағы жаным.
Өндір ерен сағыныш жалғастырған
Өмір деген құдірет- табынарым.
АРМАН
Армансыз адам болмайды,-
Арманға жетпеу - сол қайғы.
Арманның көп-ақ асуы:
Арманым іске жолдайды.
Арман да араман, мол арман:
Арманмен бақыт, жол табам.
Арман-бай,-надан, томырық
Армандай алмай, сорлаған.
Арманым - бекем тыныштық,
Арналы болсын ырыс-құт:
Адамдық, достық, татулық,
Амандық болсын құрыш нық!
Арман мен еңбек – қосегіз:
Атқарсақ,сонда өсеміз.
ЫСТЫҚ СƏТ
«
Я помню чудное мгновение!»
(
А.С. Пушкин)
Бой балқытты мөлдіреп қарағаның,
Ой шалқытты: жанымды қанап алдың.
Жалынды леп-жанжүрек лүпілдеді,
«
Табылды,-деп,-бір сəтте бар арманым.»
Толқын – ыстық, бойымнан жүріп өтті,
Толқи түсіп, сезіндім құдіретті.
Түстік, тəубе, махабат алауына:
Ыстақ сəуле жүрекке нұрын екті.
Кездесуден кетуім жақын болды:
Біле алмадым, жаным-ау, атыңды оңды.
Көзден түскен үзіліп ыстық моншақ -
Сөзден күшті «қоштасу сəтің» болды.
ЖЫРЫМ МЕНІҢ
Таным боп келесің
Мəнін өмір-белестің
Əнім болып өресің.
Тасбұлағым-мөлдірім,
Жас құрағым-сен жырым.
Махаббатым - өзіңсің,
Махаббатты сезімсің
Сағынышым-жан арым,
Бағым үшін жаралдың
Қуанышым-жігерім,
Жуанышым-тірегім.
Серпіл ойым, үнім боп,
Сенсіз менің күнім жоқ.
БАЛАМА СӨЗ
Сөзімде астар, нала, мұң,
Сезімге көнгіш адаммын:
Кезінде түзе мініңді,
Өзіңде бас бар, қарағым.
Айтқанмен ақыл əманда,-
Ар болмас милау адамда.
Зар болмас əкең жақсыңа
Бар болса сəулең санаңда.
«
Жамандық көрсең өзіңнен,
Жақсылық көрсең-өзіңнен.»
Адалдық жолдан адаспа,
Адамдық асыл сезіммен.
АНАҒА КЕҢЕС
Мінін айтып баланың.
Міңгірлеуі ананың
Жанын ұлдың күйдірер
Жалынындай шаланың.
Менің де бар жан , арым,
Мейлімше сақ жанарым:
Талқыласам баламның
Талай мінін табамын.
Тəлім нұры-ана күн,
Тəрбиелеу-талабың;-
Жаныңмен ұқ, аяла
Жақсылығын балаңның.
Бала бақыт ана-күн:
Байқасаң, көп аларың.
Мірін сөздің молайтып,
Мінін неге санадың?
Айтып өмір талабын,
Ақылын тап баланың:
Шайқалмасын қырсығы
«
Шатағы» мол сананың.
ƏДЕП
Мұқалтпас мені қиындық:
Мұралы ғұмыр сыйы-нық.
Арлана əдеп сақтаймын
Аллаға берік сиынып.
Жан жарым, балам-қимасым.
Жанғанын жарқын тыймасын:
Арылмай өтсін өмірден
Арымдай қымбат сыйласым.
Көп мінім, көрсем, түзетем:
Көп күннің өмір ізі екен.
Көңілі қымбат, жұртымның
Көңілін-көркін күзетем.
АРМЫСЫҢ, ТҮРКІСТАН
Ассалам! Ұлы қала қасиетті!
Бас қалам, саған ғалам бас иеді.
Ақ ниет адамзаттың басын қосты,
Ахмет Яссауидің өсиеті.
Мекенім-теберігі мұсылманның,
«
Меккенің көзі» дейді ел, місің мəлім.
Ғұлама Құлқожаға ғибадат қып,
Ұлы ана-ел сəлемін ұсынамын.
Армысың, азат қала Тұрандағы!
Арымсың ғажапнама-«тұран бағы»
Дос досты қуанышпен құшты сенде
Достасты Ер Түркіктің Ұландары.
Сүйінген бауырластар, төрлет енді,
Күйімен Қорқыт ата тербетеді.
Дабылда, той бастаған ақын қазақ,!
Бабыр да, Бейбарыс та төрге келді.
Өнерпаз қазағымның арлы ұланы,
Өлең, саз, биғе шебер арулары:
Мол нəмін өнер тойға толқындатсын
Қолдасын Қожахмет аруағы!
ҰСТАЗДЫҚ ӨСИЕТ
Анасына, əкеге гүл-бақ бала,
Санасына балаңның нұр жақ ана:
Еркелетіп өсірме, есер болар,
Ерте жетік болса да құр мақтама.
«
Айтқанымның-деп ойлар-бəрі дұрыс»,
Айт қарымын сөз айтса зəрлі бұрыс:
Қолға алсын ұл əдепті тіршілікті .
Болмасын кер, əрі қырт, əрі қырыс.
Ылғайына өспесе жанып іштен,
Ыңғайына келмес пес жалынышпен:
Əр ісіне кеңесші, төреші бол,
Дəрісіңе болсын ар, жаның-үстем.
Ұл тəлімі, қыз қылқы саналуан,
Ұл жалынды, қайтарма талабынан:
Тасып-толмай əр істің қалпын білсін,
Жасық болмай өр өссін бала-бұлан.
Ата-ананы «бағынтып» бір өзіне
Қатал-əңгі болмасын мінезі де:
Сақтандырып жаманнан тұт баланды
Мақтандырып, өбектеп, тым езілме.
Қуанышың-əр балаң-сағынышың
Бұлан күшін өсірсін сабырлы ісің:
Əр жүйеге тəлімдеп, іс үйретіп,
Тəрбиеле балаңды бағың үшін.
ƏРБІР АҚЫН – ЖАНАР ТАУ
Өлең - өмір өлмейтін мəңгілікте,
Мəңгілікке өлеңсіз сəн кіріп пе?
Өлең – қуат,нұрлы əсер аңғарса кім,
Бағдар шамын жағады əр үмітке.
Əрбір ақын – жанар тау,дара жалын,
Дара жанын өлеңмен саралар мың.
Қуаты боп өмірдің қуатты жыр,
Шуақты нұр төгеді дана дарын.
БОРЫШ ПЕН ПАРЫЗ
Дана халқым,
Дара парқың:
Дайын саған мол ісім:
Арым – биік,
Сені сүйіп,
Қызмет ету – борышым..
Ерлігімді,
Елдігіңді
Көрсетеді əр ізім:.
Сая маған,
Аялаған
Сені қорғау – парызым..
Білім,еңбек
Бəрін жеңбек,
Атқарар көп қарызым:
Өнер,ісім
Өзің үшін –
Өркендейді əр ізім.
ӨМІРГЕ УƏЖ
Азабыңды қоя тұр,Ажал батыр,
«
Ажарыңды» тігерсің маған да бір:
Ақсатпағын Парнасты,мəре жақын,
Мақсаттарым тілейді саған сабыр.
Дарынымды құндаған байқап дəйім,
Қарымымды халқыма қайтарайын.
Мəңгі болмас ғұмырым,тек өнермен
Мəңгі солмас гүл болып,жайқалайын.
АҚЫН СҮРЕСІ
Жасағанның ой жетпейді сырына,
Жасарамын бөленгенде нұрына:
От нұрына шомды менің жырым да,
От жырыма құлақ түрші, құбыла!
Жырға құмар адамзаттың баласы,
Нұрланыңдар,тұрды жырдың қаласы:
Ой алады жырдан ақыл қанасы,
Оянады тыңдаушының санасы.
Жыр сарасы қуат берер білімге,
Нұр парасы ақылым мен ділімде:
Жалын берем:, алауым жыр – үнімде,
Тəлім берем асыл ана тілінде.
25.10.2009
МЕНІҢ ҚАСИЕТІМ
Ғылымды іздедім,-
«
Қызықты» қидым.
Кəсіпті үзбедім,-
Нəпсімді тыйдым.
Асылды бағалап,-
Ақылды түйдім.
Адалды қалап ап.
Адамды сүйдім.
АЯЙМЫН
Безбүйрек жоқ көнімі,
Безерсе, тым аяймын,
Иманы қалмады-ау деп.
Пəк адамның көңілі
Пəс болса да аяймын,
Бақыты жанбады- ау деп.
Маскүнем қың «көңілді»,
Мас болса да аяймын,
Өз басын жалмады-ау деп.
Адамзат - тым көнімді,-
Аш болса да аяймын,
Бір тойып, қанбады-ау деп.
Алалауың - маған жат:
Аяулымсың,адамзат.
ЖАСТАРҒА СЫР
Айтатын ашық сырым бар,
Аңғарып,жастар,ұғыңдар:
Адаммын іскер өндірге,
Адалмын мынау өмірге.
Адамға тілеп амандық,
Арттырдым ісін адал-құт.
Адамға жасап жақсылық,
Арттым ой,білім,жақсы үміт.
Ақыл мен санам – бақытым:
Арналды іске уақытым.
Асылын тауып ғылымның,
Асуын астым білімнің.
Арттырған тəлім – іс сазын,
Абыз жан,ойлы ұстазбын.
Ақындық –дарын, жыр-ағын,
Ағыздым жырдың бұлағын.
Арманына өреннің
Арналды білім,өнерім.
Асылды іздеп,теремін:
Аянбай, елге беремін.
Алғанға үлгі - əр ісім,
Ақтадым елдің намысын...
Алаулы жастар – жалындар,
Адамдық іспен танылар:
Атқарған істе қарым бар,
Ақылмен зерттеп таныңдар,
Асылын таңдап, алыңдар.
27.03.07
ТӨРТТАҒАНДАР
«
Папам!» деп,маған төккен ақыл – нұрын,
«
Атаң!» деп, ұлына айтқан нақыл – сырын,
Ұлыма, келініме мың рахмет!
Нұрына қуаныштың батып жүрмін.
31.09.2007
Баланы сақтай біл,дос,еркеліктен,
Ананы сүйсін ол да еліте кұткен.
Сөзіңді қысқа,нұсқа айта біл де,
Өзіңді сергек сақта селтеңдіктен.
1.10.2007
Арымдай ардақтаймын адамдықты,
Арудай сүйіп өтем адалдықты:
Ел ісін ақниетпен атқарамын,
Мен үшін əрбір ізгі қадам құтты.
3.10.2007
Баланы өзегінен жара туған,
Ана – Күн, сəулесі мол таратылған:
Баланың күлкісі мен қуанышы,
Ананың бақыты боп жаратылған.
4.10.2007
Денсаулығым – бақытым,байлығым да,
Жансаулығым – уақыттың айбынында:
Қызық көрем ұрпақтың өмірінен,
Жүзіп келем бақыттың айдынында.
5.10.2007
Қарашы жүрегімнің «сыр бергенін»,
Қарақшы «иттің» еніп үлгергенін:
Азап-ай! Айдамашы қарауына
Ажалдай аямайтын «сұрмергеннің.»
23.06.1999
Намысым қозғау салып,туар ісім:
Табысым – еңбектегі қуанышым,
«
Еріңмін мен де сенің!» деп өлер ем,
Елімнің алып өлсем «мың алғысын».
6.10.2007
«
Күнім!» деп,ардақтаймын ана-жарды,
«
Гүлім!» деп,құшақтаймын балаларды.
Жүрегі тіршіліктің – асыл ана
Тірегі адамдардың – аналары.
8.10.2007
Жан адамға береді бұлан күшін,
Жан аманда жаңарып,туар ісім:
Жаңғыртамын ісімді таң нұрымен.
Əрбір таңым – мереке,қуанышым.
9.10.2007
А Р Н А У Л А Р
ЖАСА , ҚАЗАҚСТАНЫМ
Қазақ –құт: ғаламға танықпыз,
Азаттық, ерлікпен алыппыз:
Əр істі өңгерген алып-біз,
Ғарышты меңгерген халықпыз.
Басты алға азат ел - анамыз,
Бастауда Нұрсұлтан данамыз.
Гүлденді кеңбайтақ даламыз,
Түрленді сəнді сан қаламыз.
Елдікке, бірлікке сенеміз,
Ерлікке, тірлікке кененбіз:
Жол жасап, қарыштап келеміз,
Болашақ бағына енеміз.
Басқарған ел басы ұлы іс –
Басталған жаңаша құрылыс:
Оңдаған оны бетбұрылыс,
Оңғарған ер көсем құрып іс.
Алтайдан қарт Кəспи арасын,
Марқайған еңбектің даласын
Өндіріс көркейтті, қарашы:
Өндіргіш – қазақтың баласы.
Азия кіндігі – Астанам,
Жазира кең далам – баспанам.
Жаннатым - туған жер , жас қалам,
Алматым - пейішім – Бас қалам!
Мол шығып күтілген егінім,
Молшылық – бағы боп елімнің,
Тасыды байлығы жерімнің,
Асырды атағын ерінің.
Қазақтың сырына қаныңыз:
Азат Күн нұрындай сəніміз.
Өнерпаз халықпыз – жалынбыз:
Өлең, саз, жыр - біздің жанымыз.
Бақытқа бастаған данасы,
Ақықтай нұрлы жас қаласы,
Зейінді елдің əр баласы,
Мейірлі ата мен анасы.
Ғаламат əн мен жыр, күйіміз –
Азамат шаттығы – биіміз:
Меймандос, құтты əр үйіміз,
Ей жандос, мол кəде, сыйымыз
Жаңаша дарыған білімім,
Жараса дамыған ғылымым:
Қазақтың өркенін өсірген
Азат күн - бақытым – ұлы күн.
Еріміз ерлікпен қарымды,-
Еліміз жойған өрт қаруды:
Бастаған бірлікке əр үні -
Басқарған көсемі – дарынды.
Тыныштық қорғаны – еліміз,
Ырыс-құт мекені жеріміз:
Дос – құтым, дайын, дос, төріміз,
Достықтың қызығын көріңіз.
Бірлігі дəстүрге айналған,
Тірлігі бақытқа сайланған,
Сыйлауды ғаламға үйреткен
Иманды халқымнан айналам!
Құтты бақ төрінде той бүгін:
Құттықтап, құшағын жайды күн.
Ақтарып туған жер байлығын,
Мақтан қып, тойлаймыз айбынын.
Жас та, ғажапстан:
Жаса, Қазақстан!
АТЫҢНАН АЙНАЛАЙЫН, ТƏУЕЛСІЗДІК !
Жаралған бабалардың ерлігінен,
Таралған Желтоқсаннан - өр дүбірден,
Атыңнан айналайын, тəуелсіздік,
Затыңнан абаттандым, елдігімнен!
Аялы, нұрлана бер, азат Күнім,
Баянды бақытымсың, азаттығым!
Таңымды тамылжытқан бостандықтан
Танылды бар əлемге қазақ бүгін.
Қас сақпын – Күннің түрік баласымын,
Қазақпын – ұлы Тұран даласының,
Өмірдің жеңіп алғам Еркіндігін,
Өр үнім, бостандықтың панасымын.
Кең далам, құт мекенім, сеңгір тауым,
Жер – анам алып жатыр көздің жауын.
Байрағым желбіреп тұр биіктерде,
Байладым Тəуелсіздік - өмір бауын.
Жаныммен ақтап бабам өсиетін,
Қаныммен жойдым заман қасіретін.
Мың жасап, бар ұрпағым бас иетін,
Қымбат-ақ, Тəуелсіздік, қасиетің.
Құтты күн - Тəуелсіздік, киелі Күн, -
Құттысың, егемендік – иелігім,
Уақыттың асқарынан нұрын төгіп,
Бақытым – Еркіндік боп, сүйеді Күн.
Жарық Күн - тегім менің, жасын жаным,
Тарихтың – төріндемін-ғасырлардың.
Атқарам бостандықта ұлы істерді:
Бақ маған тəуелсіздік – асыл арым!
Береке, гүлденген жер, ғажапстан!
Мереке құтты болсын, Қазақстан!
2011
ж.
ҒҰЛАМА
(
Академик М.Қаратаевқа)
Келе жатқан тізбектеліп кешегі,
Телкөл жақтан бағыт алған көш еді.
Халі-кірбең ана көште толғатты,
Қалы кілем тең үстінде төсегі.
Дəті бармай тоқтатуға көш басын,
Татып алмай жол азығын-кешкі асын.
Тістенеді қажірі мол жас ана,
Піскен еді, толғақ қалай кеш қалсын?!
Бөбек үнмен кен даланың шат қойны,
Келеді інген артып шағын, бақ тойды.
Əмбеге тəн шілдехана жасалып,
Мұхамеджан деп атасы ат қойды...
Тарих өткен қаранғылық белеңді,
Парық еткен ғылым мəнін ел енді.
Думан басы, интернаттың сəні боп,
Дудар шашты қара бала келеді.
Шапақтанды жастық өмір-таң арай,
Атақ, бағы жас жігіттің данадай.
Дүлділ еткен саяпкерше қуанды,
Тіл үйреткен, кеңес берген Ваня ағай.
Ленинград-өнер ғылым ордасы,
Сенім-шырақ, жігіттің ой жолдасы.
Сынға жетік ғұламалық біліммен,
Сыннан өтіп келді өнерге қолбасшы.
Қорлатпады, ой жауына шүйлікті,
Қорғап қалды «Қызыл аттай» жүйрікті.
Бар əділет сөздеріне күңкілдеп,
Қара ниет қас дүшпаны ширықты.
Дара сынап өнердің ақ қарасын,
Таразылап айтқан сөзі-жарасым.
Алыптардың бірі болды жалғаған,
Халықтардың əдебиет арнасын.
Дəуір артты ұлы міндет, зор мақсат,
Ауыр шартты орындады қол бастап.
Мəдениет шыңдарына келеді,
Əдебиет қамқоршысы жол бастап.
Халқымыздың саңлақтары тел өскен,
Даңқымыздың биіктері демес кім?
Жеңістерін еңбегінен кім көрді,
Жемістерін олар өткен белестің.
Кісілігін жеткізе ме дастаным?
Кішілігін көксемейді басқаның.
Тұрған күліп сын шыңында Мұқаң ғой,
Нұрландырып əдебиет аспанын.
Келе жатқан қатар түзеп кешегі,
Телкөл жақтан бағыт алған көш еді.
Көш үстінде дүниеге келген ұл,
Осы күнде сөз дағдырын шешеді.
Шамы сөнбей ой арманын бағады,
Жаны селдей, тасқынды арна табады.
Өр сарынды елегізіткен ел сөзі,
Жер шарына Мұқаңдардан тарады.
Күнде баурап жалындаса жанып кім,
Күнге балап ісін əрбір алыптың,
Ол жаяды атақ-даңқын өнердің,
Қол қояды шежіресіне халықтың.
Күлімдеген əзілқой дос, ұлы аға:
Күнім!-деген сізге халық,-ғұлама.
Дарын құйып өсіре бер өнерді.
Арың-биік! Биігіңнен құлама!
АКАДЕМИК СӨЙЛЕП ТҰР
Достарыңызбен бөлісу: |