(
Төлеген Тəжібаев БҰҰ мінберінде)
Ұлы бірлік мінбеде қазақ ұлы
Ұлылықпен танытып қазағымды,
Тыныштық пен бірлікті ұран етіп
Сілкіндірді ғаламды азат үні.
Қазағымның ғалымы, сүйікті ұлы,
Қазығұрттың шыңындай биік үні:
Академик Төлеген сөйлегенде
Адал жандар əз басын иіп тұрды.
«
Адал елдер сақтасын тыныштықты,
Арттырайық ғаламда ырыс-құтты.
Оқ атпастан елдермен достық құрдық:
Одақтасқан еліміз – құрыш – мықты.
Сөйлегенде ҚазМҰУ-дің ректоры,
Лүпілдеді жастардың жүректері:
Арнасынан адамдық асып кетпей,
Арасынан достықтың «қыл өтпеді»
Ұлы достық, бірліктің күндерінде,
Сөйлеп тұр ол тыныштық мінберінде.
БАҚЫТГҮЛІМ – БАҚЫТЫМ
Сен туғанда сүйіншілеп анашым,
«
Тұңғышың» деп қүттықтады баласын.
Бақытты боп, той жасадық ауылда,
Бақытгүлім – балабасы – панамсың.
Өстің еркін құтты болып бесігің,
Аштың жайнап мектебіңнің есігін.
Өзекжарды тұңғышым деп өзіңді
Өжет, жарқын өнерлі қып өсірдім.
Ұқсап маған қанға тартып тудың да,
Ұстаз болдың əке жолын қудың да.
Аймаладың панасы боп, Күні боп,
Екі қыздың, төл тума төрт ұлдың да.
Аруақтар – ата-бабаң киелі,
Ардақтайды əкең сені сүйеді.
Бақытты бол! Тойын жасап, өзіңе
Бауырларың , барша жүрт бас иеді.
27.02.2010
ƏКІМ ТАРАЗИГЕ
Есімде пионерлік бала шағың
Есіл де, ерен еді бала шағың:
Бой ұрдың дарыныңның бағдарына,
Ойыңның жасадым мен «жолашарын».
Мектепте мондалинмен өнер бастап,
Жетпекке мақсатыңа өнерлі асқақ,
Өрілдің дағдырыңа дана болып,
Өмірдің өрнек терін шебер жасап.
Батырдай Отан үшін қияр жанын,
Батыл да, бағдарлы істі қиялдадың:
«
Тауыңның» биігіне шығу үшін,
Ауылдың аясына сыя алмадың.
Кешкенде білім, дарын мұңды күнді,
«
Кескенде Ғабит дана кіндігіңді»:
Беліне өр өнердің шығын алып,
Еліңе жайып салдың шындығыңды.
Бұйрықты Алла берді, ой бастадың:
«
Құйрықты жұлдыз» болып, ой тастадың.
Өртіне өміріңнің тамызық боп,
Дертіне дұшпаныңның жай тастадың.
«
Күлмейтін комедия», «Қыз махаббат»...
Білмейтін қызықтарды қызға тақап,
Бастадың театрдың үлкен көшін,
Тастадың ел жауларын мұзға матап.
Тірегің- Розадай- гүлің жарқын,
Жүрегің- Алпамыштай- ұлың- парқың.
Сөзіңе зер салады бүкіл əлем,
Өзіңе бас иеді ұлы халқың.
ӨНЕРПАЗ ҰСТАЗ
(
Барахан Есенамановқа )
Сыйладың мені,жаным, ұстазым деп,
Жинадың ұстаздықтың іс-сазын көп.
Барахан – шəкірт,бауыр,əріптесім,
Дара жан – қазақ едің ұстамың көп.
Шыңына Алатаудың көп қарадың,
Шыбырға, Жалпақсазға шеп қададың:
Сəні нұрға бөленген өлкеде сен
Əлі жырлап отырма деп қаламын.
Даналық - ұстаз болу,алысы кең,
Даралық көріп едім əр ісіңнен.
Шебер ең,сені сүйіп шəкірттерің,
Өнер мен білім алған дəрісіңнен.
Өзіңнен көрінетін ақыл,білім:
Сөзіңмен өрілетін ақындығың.
Ғажап тым сүйсіндірген бəрімізді,
Қазақтың өнеріне жақындығың..
Басқарып ойын-сауық үйірмесін,
Жасқа құт – от өнерді үйіргенсің.
Еріміз өнер туын көтерді деп,
Еліміз қалайынша сүйінбесін.
Сайраттың қазағымның домбырасын,
Жайнаттың елге жайып мол мұрасын:
Абайша айтқан сөзді шəкірттерің
Қалайша көкейіне қондырмасын?!
Көтеріп ұстаздықпен елдің жүгін,
Көп өріп,шəкірттерге бердің білім:
Ұшырдың ел көгіне Қанатыңды,
Құсыңның шарықтауын көрдім бүгін.
Сыйынып, ұстаз едің білім өрген,
Сүйініп шəкірттерің «Күнім!» деген:
Жырларың сақталады, мақталады,
Сырларың ашылады білінбеген.
Ұстаздың сөнбес, əсте, жанған шамы,
Іс – сазың шəкірттермен алға асады:
Өркен боп өскен балаң, сан шəкіртің
Өркендеп, өмірің боп, жалғасады.
Иманғалиға
Мəдениет,ғылымды,
Мəнге жеткіз білімді:
Ардақты елге нəсіп ет
Ақыл-сана,тіліңді.
Əдептілік сабағын
Жоспарға енгіз,қарағым.
21.08.1997
Мұхтар Құлмұхаммедке
Туғанда елге азат күн,
Тушысы болдың қазақтың.
Əділ сын айтқын маған да,
Əділеттісің – ғажапсың.
22.08.1997
Ақселеуге
Қиын жұмыс,азап та,-
Қызмет қыл қазаққа:
Қандасыңды алалап,
Қалып жүрме мазаққа.
Даңқ іздеп,шатпағын,-
Даналығыңды сақтағын.
2.09.1997
ЖАМАЛ РАХЫМҚЫЗЫНА
Уа Жаке, құтты болсын ғалымдығың !
Еңбекпен елге даңқың мəлім бүгін:
Жастарға əрбір ісің өнеге боп,
Аспанға көтеріп тұр алымдығың.
Докторлық дəрежең бар асқаралы,
Ұжымнан ұлы ісің басталады:
Өзіңнен өнегелі тəлім алып,
Ісіңді шəкірттерің басқарады.
Көп бердің шəкірттерге сана-білім,
Өткердің ұстаздықтың даналығын:
Əрі дем,əрі білім - əрбір сөзің,
Бəрінен жоғары түр аналығың.
Сүйеміз ұстаз –ана асыл, ізгі :
Иеміз құрметпен басымызды.
Ш А Һ А Р И З А Д А Ғ А
Орындалып ойымыз,
Тойға сыйлық қойдық біз:
-
Құтты болсын, уа Шəке,
Қуанышты тойыңыз.
Мараттың жолы биік-ті,
Талғатыңыз сүйікті:
Лəйля менен Гүлмира
Сізге басын иіп тұр.
Бақыт – жайсаң балаңыз,
Байыпты қыз – Галяңыз,
Жанна келсе жадырап,
Бір қуанып қаламыз.
Баянды мен Нұртасқа -
Сүйінесіз бір басқа,
Сағынасыз оларды
Жиі келіп тұрмаса.
Алланың берген дəулеті –
Аман – есен нəубетің.
Құрметтейді өзіңді
Əдібайдың əулеті.
Ұстаздық – ұлы жолыңыз:
Құтты болды қолыңыз.
Шəкірттердің тілегі –
Аман-есен болыңыз.
Үш жиырма бес жасыңыз,
Жүзге қарай асыңыз:
Балаларды қуантып,
Бақытты болсын басыңыз!
10.11.2007
ИВАН ДОСЫМА
(
Шерстюк И.Н. досыма. 1950-1957ж)
Иван – досым – Никитаның баласы,
Иман – қосың,ізгілігің – жарасым:
Назым менің – ініліктің сəні еді,
Жазып едің жүрегімнің жарасын.
Он жас үлкен болсаңдағы,-кішіріп,
Олжас достай көрсетуші ең кісілік.
Кемелдендім ойдың құсын ұшырып,
Сенен көрдім ұлылықтай кішілік.
Адамдықты бойға сенен сіңірдім,
Адалдықды ойға кенен сіңірдің.
Ойлы күнің берді маған тəлімін,
Ой-білімнің мөлдірінен сімірдім.
Анашымның ұлы болып,сыйладың,
Жанашырым,əкемдей-ақ сыйладым.
Өрендерді тəрбиелеу – сертім боп,
Өнегеңді өміріме жинадым.
Əсер беріп,ояттың ой-сезімді,
Əрқашанда еске алам əр сөзіңді.
Əзіз досым,рухыңа бас ием:
Əкемнен де артық көрдім өзіді
ҰЛЫ ҰСТАЗ
(
Еңбек ері Аягүл Төре қыэына)
Ұстазсың – құрмет иесі,
Іс-сазың – білімнің киесі.
Ғылыммен өзіңе дарыған
Білім мен тəрбие жүйесі.
Күнің көп іске сəт,сенесің,
Күлімдеп сыныпқа енесің.
Махаббат,мейірмен шəкіртке
Шапағат нұрыңды төгесің.
Ғылымды шəкіртке білдіріп,
Білімді мадақтап білгірлік,
Сөзіңмен баурайсың,оқушы
Өзіңнен іс ұғар үлгілік.
Күніге мың рет толғандың,
Білімге мың тəсіл қолдандың:
Ер ісін жігермен атқарып,
Ел үшін жалындап,мол жандың.
Ұшырған əрбір жас түлегің
Ұсынған алғыспен жүрегін:
Сан құсың – шəкірттер бас иіп,
Алғысын айтады ұлы елің.
Еңбекпен ел ері атандың
Еліңе махтаныш атағың:
Қыэығын көре бер ісіңнің
Қызым! деп, беремін батамды.
АЛМА ЖЫРШЫ
(
жыршы ғалым Алма Құралбаеваға)
Өнерпазым- жырау қыз Алма деген
Өлең жаздым өзіңе арнап ерен:
Құштым сүйіп қастерлеп өнер отын,
Ұшты биік көгіне арман өлең.
«
Ойым шалқып көргенде дидарыңды,
Бойым балқып тыңдадым күй- дарыңды.
Елтіп ағаң қадірлеп қабылдады,
Ел тыңдаған əн мен жыр – сыйларыңды.
Жырладың да Жамбылдың өлеңдерін
Жыр- ағында толқыттың өрендерін.
Көрсең құтты сəттерін тыңдаушының:
Көркемдіктің нұрына бөленгенін.
Елжіредім сөзіңе жалын атқан,
Ер жүрегін жырладың жалындтқан:
Жүрек- бейім, өнердің өрнегі боп,
Жібектейін мінезің жан ұнатқан.
Армандаймын несіне «хордың қызын»,
Ақмаңдайдың аңсаған көрдім жүзін.
Қалаулы адам бейнесін жырға қосып,
Алаулаған сезімге бердім тізгін.
Жаным- ай, тым қызықтым жамалыңа,
Жалындайсың, бейнең тұр жанарыңда.
«
Бақ құс» десін өзіңді сүйген жарың,
Дақ тұспесін пəк, таза жан- арыңа.
ҰСТАЗ - ДАНА
Қазақ халқының ұлы педагогы
Ыбырай Алтынсаринге
Əкесі боп ұландардың сан қилы,
Жүрегіне от, санасына мəн құйды.
Бала шақтың бақыт жолын салды да,
Болашақтың дағдыры үшін жан қиды.
Күнге теңеп қазақ халқын- ананы,
Күнше жебеп, мəпеледі баланы.
Ұстамдықтың өнегесін көрсетіп,
Ұстаздықтың биік шыңын қалады.
Ой ғылымның биігіне самғады,
Ой, білімін жас ұрпаққа арнады.
Сарып етті білім үшін ғұмырын,
Салып кетті ұстаздық мол арнаны.
Тəлім алған ұстаздардан сан алып,
Жалын алған от сезімді балалық:
Жұрағатты білім беріп баулыған
Ұлағатты ұстаздықта –даналық.
ҚҰЛЫНЫМ-АУ
(
Бақбергенге)
Адамға ашу-дұшпан, ақыл көсем,
Адалда кеңесімді мақұл десең.
«
Зор» болып өмір заңын ескермесең,
Қор болып кетеді ғой ақын- есең.
Сезімнің біл, алтыным, сырын қанық,
Өзіңнің ойыңды өсір, білім дарыт.
Биікті бұл өмірден өзің таңда,
Сүйікті бір ұлым боп тілімді алып.
Сөзіме түйілмесін қас-қабағың,
Төзімге дау болмасын «тас-талағың».
Зорсынбақ, қырсық əдет жаудан жаман,
Қорсылдақ мінезіңді таста, жаным.
Сен кімсің қабағыма қарамасаң?
Дертімсің көңілімді қараласаң...
Кезегін зауалыңның өмірден көр:
Беземін жүрегімді жараласаң.
Бақпадың ақылымды: құрылды дау...
Ақпанның боранындай құбылдың-ау!
Шерімнен арылайын адам болсаң,
Шегіңнен шығып кетпе құлыным-ау!
ШОҚ ТІЛДІ ШОНА
Сыры «күшті» ойласам,
«
Ұры тісті» қаққаның, -
Ақ ниетпен «ойнасаң», -
Ағайынға жақпадың.
«
Шайпау сөз бен шұбар тіл»
Шатағына су құйдың:
Басынуға құмар кіл,
Басын идің «су мидың».
Əккілердің «амалын»
Əшкерелеп, сорлаттың:
Қырттың бұзып, «қамалын»,
Жұрттың ойын орнаттың.
Есек, көкек, жапалақ...
Есептесек, бейнең көп:
Ез түзепсің атап-ақ,
Сөз түзеттің бейнелеп.
Бауыздадың арамды:
Жауыз «жанын ұшырдың».
Садағыңмен сараңды
Сабасына түсірдің.
«
Шымшыладың» ездерді
Шымбайына батырып,
Таптың қылыш сөздерді,
Шаптың песті «қатырып».
Елпек болар елпектеп,
Ел ішіне тұрады:
«
Шона көрмей, өлсек!» - деп,
Шошып, бұғып жүр əлі.
Менмен қырттың алдында
Мерейленттің сыныңды:
Кер шын үлгі алды да,
Кемшілігі сылынды.
Өмір алға көшеді:
Берді төрің мектебің:
Өнер қаулап өседі,
Өне берер еккенің.
Атып сөздің оқ мірін,
Сөйлей берсін шоқ тілің!
ГҮЛМИРАҒА
Ақ балапаным,
Бақ балақаным – жүрегім!
Ар, жаны-биік,
Арманы – биік: тірегім!
Асырған сана,
Ақылмен – дана алтыным,
Селтеңсіз көрік,
Сенен сый көріп, шалқыдым,
Ата-ана қамын,
Атқардың жаным! Сыйладың.
Сабылып, біз деп,
Сағынып іздеп, қимадың.
Талғампаз сенің,
Табылды теңің – үй алдың.
Батамды бердім,
Бақытын көргін ұяңның.
Тілегің - досың
Тірегің болсын жолдасың:
Арттырып арын,
Ақылмен бəрін оңдасын.
Тəтті боп бірлік,
Сəтті боп тірлік лайым,
Уақытың өнсін:
Бақытын берсін құдайым!
РАУШАНБЕККЕ
(50
жас- мерейтой)
Біліммен қаруланған инженерім,
Тіліңмен көркемсөзді үндеп едің:
Сын алдың əдебиет əлемінен,
Қиялдың бабын тапқан жүлдегерім.
Білімді, еңбексүйгіш балаларың,
Білінді: ойлар əке бала қамын.
Жетем деп көп арманға, көшіп жүрсің
Мекендеп елдің «центр» қалаларын.
Себеп боп алтын сөзің, батылдығың.
Семейің тыныштықта жатыр бүгін.
Тірілтіп Қорқытты да «мың жасаттың»,
Бір ұлттың мақтанышқа татыр жүгің.
Шығармаң толқынымен томдай берсін,
Шырағдан қиялыңды оңдай берсін.
Мол құттың – дарыныңның шырағы боп,
Қорқыттың аруағы қолдай берсін!
Мерейтой, құдажыным, құтты болсын!
Мерей, ой, денсаулығың мықты болсын!
Елдегі ең ару қыз – сүйген жарың,
Еңбегі Тамараның нықты болсын!
БАУКЕҢЕ ТАҒЗЫМ
Тараз қаласындағы Бауыржан
Момышұлының ескерткішіне
Ассалаумағалейкум,
Қолбасшымыз Бауыржан!
Тыныс тауып тұрсыз ба?
Келіп қырғын дауылдан?!
Қорғап қалған батырсыз
Мəскеуді де жауынан,
Фашистерді қудыңыз.
Қолды бастап ауылдан,
Ұшып шыққан қырансыз,
Қазығұрттың тауынан.
Нағыз маршал болдыңыз,
Батырларды баулыған.
Ер қолбасшы өзіңіз
Сарбаздарды жалынды:
Ерліктері ерлердің
Бар əлемге танылды,
Басынған жау қазақтың
Батырына табынды.
Үлгі болып жастарға
Мəңгі қалды даңқыңыз,
Сəлем беріп батырға.
Тəжім ету - салтымыз.
Батырлықтың рухына
Бас иеді халқымыз.
ХАМИТ АҒАМА
Армысың, айналайын асыл дарын!
Ар мүсін, жарқылдаған жасын жаның:
Самғадың келешектің кемеліне,
Жалғадың қазақ жырдың ғасырларын.
Арқалап нар көтермес дүйім жүкті,
Ар, талап жеңді талай қиындықты.
Бағалай, бағдар алып, жырды сүйсек,
Ағатай, елге берген сыйың – құтты.
Табылды армандаған теңдігіміз:
Танылды бар əлемге елдігіміз.
Елдікті, ақиқатты, арды қорғау –
Ең мықты ел аңсаған ерлігіңіз.
Қазақтың толқындайды жырдан сазы:
Ғажап мұң – «Тарас ата», «Құрмағазы»!
Алатау, Тұран тербеп, тұнған жырды
Атырау, Ақжайықтай нұрдан жаздың.
Баптаған қазақ жырдай бағымызды,
Баққа тəн жанашырлы жаның ізгі.
Орнадың поэзия шырағы боп,
Қорғадың ана тілдей арымызды.
Сексенде серіміздей жарасасың:
Тоқсанда тоқырамай, əрі асасың.
Сүйеді сені талай келер ұрпақ,
Тиеді халқымызға шарапатың.
Ел күтіп, елжіреген абызымыз,
Толқытып жыр өзенін ағызыңыз!
Танитын, табынатын жыр – тəңірге
Тарихтың талғамынан табылыңыз!
ТҰМАНБАЙҒА
Ақын халқын ардақтап сүйе білген,
Айналайын асыл зат сүйегіңнен:
Алғысымды сол үшін үйемін мен,
Ақын дана, жырыңды сүйемін мен.
Арындаған ақ толқын ақындығың
Арман болды жастарға атың бүгін
Арқаладың өнердің ақын жүгін,
Ала тауы өлеңнің - ақын інім.
Жырға бөлеп қуанттың халқымызды
Бар ғаламға белгілі даңқың ізгі,
Болашаққа əндетіп апара бер,
Абыройлы ақындық салтымызды.
БƏЙДІБЕК БАБАМА ТАҒЗЫМ
Ассалаумағалейкум!
Бəйдібек бабам, армысыз!
Баянды бай өлкеде
Баяғыдай бармысыз.
Биік тұғыр жайыңа
Келіп тұрмыз жиылып.
Арылмаққа кінəдан,
Аруаққа сиынып.
Айшықты нұр төгілді,
Алдыңызға құйылып.
Еңсеңізді көтерді,
Елбасшымыз сүйініп.
Аруғыңыздан айналдық,
Асқақатаған биік, нық.
Аламыз сізден бата нұр
Алланың сыйы бұйырып.
Халқыңыз тағзым етумен
Қарап тұр сізге иіліп.
Тағыңыз тұрды мəңгілік
Тараздың биік төрінде
Билік айтып Сіз тұрсыз
Біріккен қазақ еліне.
Алысқа жетсін қуаныш –
Ақындық үнім менің де.
АЙХАЙ, ҮШ ЖИЫРМА БЕС!
Айхай, шіркін жиырма бес!
Үш дүркін келдің басыма.
Айхайлап жүрмін жаспын деп,
Ақ кірсе де шашыма.
Сұқтанамын əлі де,
Сұлу келсе қасыма.
Домбырамды қосамын,
Домаланған басыма.
Өнер қуып, тынбаймын,
Өлеңмен боп ашына.
Жалын жаным, жігерлен,
Жабықпай кəрі жасыма.
Қадіріңді кетіріп,
Қарттыққа тым бас ұрма.
Ей, кəрілік, мені сен
Еземін деп, басынба
Алға қойған зор мақсат,
Арманым көп басымда.
Жарқын ойлы ғылымның
Жаңа келдім қасына:
Ғаламат ой қалдырам
Ғасырлардан – ғасырға...
Мерейленсін ұрпағым
Менен қалған асылға.
ІНІЛЕРГЕ СƏЛЕМ
Айшықты Астанада болды жиын,
Ақындар өлең жырдан алды сиын.
Бар халық ақындарды құрметтеуде, -
Қартандық билігінде көңіл күйім.
Жан таңдап, пəлсінбедім бүгінмен де:
Жалпаңдап сəлем бердім інілерге.
Тіл қатпай тік келмеген ешбір жанға,
Үмбетбай маған ұқсап бүгілмеуде.
Əдаға, неге сонша терлегенің,
Садаға сəлеміне бермегеннің.
Өзі не, маңғазданса кейбір інің,
Сөзі не өркөкірек өрлегеннің.
Үмеке, дарын жасқа қарамайды:
Күні ертең халық бəрін саралайды.
Көңілін дарындардың ауламасам,
Көңілдің қуанышы тарамайды.
Иранбек – дара туған інім менің,
Илан тек, күндей жарқын інілерім.
Сүйініп інілердің дарынына,
Иіліп сəлемемді бұрын бердім.
Тұманбай тұнық жырдың құдайындай,
Тұрып алмай, сəлем берем құлай ұдай.
Жамандық ешбір жанға ойламайды,
Амандық берсін оған құдайым-ай.
Қадірім күлімдеген жырдың күні,
Əр жырын жаттап алсақ, мыңның сыры.
Құрметке ие жанды қастерлеймін,
Жүрекке жетті талай мұңды жыры.
Жан інім Исрайыл – тұнған шебер,
Жалынын елге жайып тұрған өнер.
Тіреуі əн мен жырдың болғаннан соң,
Біреуі осы інімнің сəлем берер.
Өренін өсіріпті ақын халық:
Беремін сəлемімді жақын барып.
Жүр, кейіп тұра бермей, сəлемдескін,
Жүрмейік сыйласудан қапы қалып.
ТОҚТАР ЖАМАЛБЕКҰЛЫНА
Тоқтар інім, халыққа мəлім жөнің:
Жүз мыңдаған шəкіртті тəлімдедің,
Шешендікті сөзіңмен жариялап,
Көсемдікті ісіңмен мəлімдедің.
Шəкірттерге бердің де ақыл-білім,
От басының сақтадың татулығын:
Өзгелерге үлгі етіп көрсеттің сен,
Өміріңнің қызығын татымдығын.
Келіп қапсың алпыстың асқарына,
Ұстаздығың – ұлы сөз дастанымда:
Қанша білім, тəрбие, нұсқа бердің,
Қазағымның қайратты жастарына.
Ғалым болды гүл қызың – Алтынайың,
Ол қадірлер қазақтың салтын дəйім:
Денсаулықтың садары сақшысы боп,
Риза қылды ісімен халқын айың.
Ғабит балаң фирманы басқарады,
Алдыңда тұр көп міндет асқаралы:
Тоқа, Сізбен келінге мың рахмет,
Жасампаз қып өсірген жас баланы.
Ғалымжаның ізетті, инабатты,
Өз ісімен банкте сыйға батты:
Əрқашанда қуаныш əкеледі
Əкесінің үш бірдей қолқанаты.
Əрқашан да білетін ердің жайын,
Əріптесің жан-жарың – Сəулетайың:
Сөлекеттік мінезі болған емес,
Сөйлей қалса ағызар тілдің майын.
Бас иемін сөзіңе «аға» деген
Бар ісіңе жоғары баға берем:
Сөзіңнен сыр алам да, өзіңнен нұр
Өзіңмен бір қуанып, жана берем.
Жеңіп шығып өмірдің қиындығын
Алып тұрсың Алланың сыйын бүгін:
Қуат берсін құдайым, жасай бергін
Бұл өмірдің көтеріп дүйім жүгін!
МЫҢ ЖАСА
Сексеннің сеңгіріне шыққан
Шəкіман Бектібайұлына
Ассалам! Мүшел тойлы асылымыз!
Жасаған құтты екі ғасырыңыз!
Бас құда, жас құда боп тойға келдік,
Бас тұлға – Сізге арнаулы шашуымыз.
Сабылып ай көрмесек іздесеміз:
Сағынып, қуанышпен жүздесеміз,
Сексеннің серісіне сəлем айт! – деп,
Чест берді Бас құдағи Іздекеңіз.
Əманда аққуындай көктеменің,
Аман ба ардақты ұлы Көктөбенің?!
Егелен, «той жаса!» деп, құшақ жайды,
Егемен арманына жеткен елің.
Тосылмай атқарып ер салтыңызды,
Осылай қуанттыңыз халқыңызды:
Белгілі соғыстағы ерлігіңіз,
Ел білді еңбектегі даңқыңызды.
Өріне шығапрып жүр астанамыз:
Төрінде-Раушанбек – Бас балаңыз,
Жүзді де тойласаңыз Астанада,
Бізді де қасыңыздан тастамаңыз.
Бір көрдім өзіңізбен шөберені,
Үлгердім құда қылып немерені:
Берейік ұлтымызға ұлан – ұрпақ,
Көрейік туажат пен неменені.
Іздеген сертке жетіп, тынбасаңыз,
«
Жүз» деген Сізге сөз бен шындасаңыз?!
Əкенің, бабаның да міндетімен,
Мəкеңнің құшағында мың жасаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |