ӘДілетті мемлекет. Біртұтас ұЛТ. Берекелі қОҒам құрметті отандастар! Қадірлі депутаттар және Үкімет мүшелері!


ТӨРТІНШІ БАҒДАР. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ІСІН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ



бет3/4
Дата13.02.2023
өлшемі49,51 Kb.
#67399
1   2   3   4
ТӨРТІНШІ БАҒДАР. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ІСІН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ.
Экономиканы түбегейлі реформалау үшін мемлекеттік басқару жүйесіне серпіліс қажет.
Жұрт бос сөзден, жарқын болашақ туралы жалынды ұрандардан жалықты.
Халық мемлекеттік органдардың өз уәдесін қағаз бетінде емес, іс жүзінде орындағанын қалайды.
Саяси қызметшілердің жеке жауапкершілігін арттыра отырып, мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыруға баса мән беру керек.
Үкіметтің кейбір құзыреттерін министрліктерге берген жөн.
Нақты бір саладағы саясатқа «ұжымдасқан кабинет» емес, нақты бір министр жауап беруге тиіс.
Басты мақсат – оның атауын өзгерту емес, нақты реформа жасау.
Біз орталық мекемелерді оңтайландыру арқылы жергілікті атқарушы органдардың өкілеттігін айтарлықтай кеңейтуіміз керек.
Бұл тәсіл қордаланған мәселелерді өңірлерде, ел ішінде шешуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қызмет жеке сектордағы кәсіби мамандар үшін барынша ашық болғаны дұрыс.
Кадрлық резервті нығайту керек.
Квазимемлекеттік сектордағы басқару ісінің тиімділігін арттыруға айрықша назар аударған жөн. Бұл бағытта нақты жұмыс атқарыла бастады. Соны аяғына дейін жеткізу керек. Ол үшін «Самұрық-Қазына» қорының жаңа жұмыс үлгісін түпкілікті айқындап алу қажет.
Әлемдегі ең үздік инвестициялық және өндірістік компанияларды үлгі ретінде алу керек. 
БЕСІНШІ БАҒДАР. ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП.
Қоғамда заң үстемдігі берік орнығып, сот төрелігі әділ атқарылуы қажет.
Осыған орай, қазылар қауымын шұғыл түрде қайта іріктеп, жаңартып жасақтау керек.
Қазылар жоғары білікті, адал, сондай-ақ жемқорлықтан таза болуы қажет.
Ең алдымен, барлық судьялардың мәртебесін теңестірген жөн.
Олар өзінен жоғары тұрған әріптестеріне тәуелді болмауы керек. 
Көптеген сот төрағасы лауазымы судья лауазымы болып өзгереді.
Сот төрағасы және Сот алқасының төрағасы лауазымына үміткерді судьялар өздері сайлайтын тәсіл енгізуді ұсынамын.
Жоғарғы Сот судьяларын да сайлау арқылы таңдау тәсілін енгізген жөн.
Ол үшін Президент үміткерлерді баламалы негізде Сенатқа ұсынуы керек.
Аталған салаға мықты заңгерлерді тарту үшін материалдық жағдай жасау қажет.
Судьялардың дербестігін арттыру үшін Жоғарғы сот кеңесінің мәртебесін нығайтқан дұрыс.
Кадрларды іріктеуден бастап, барлық деңгейдегі соттарды тағайындауға ұсыным беруге дейінгі бүкіл міндет соларға жүктеледі.
Судьяның өрескел қателік жіберген және күшін жойған әрбір сот актісін Қазылар алқасы тексеруге тиіс.
Олар елді жаппай тәртіпсіздікке үндеген адамдарды қатаң жазалау қажет екенін айтты.
Бұл – орынды ұсыныс.
Сондай-ақ, азаматтардың құқықтық және қаржылық сауатын жүйелі түрде арттырған жөн.
Тиісті түзетулер енгізілгеннен кейін оларды қайта-қайта өзгерте бермеу қажет.
2015 жылдан бері Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге 1200-ден астам өзгеріс енгізілген.
Уақытша жағдайларға байланысты немесе аясы тар корпоративті мүдделерге бола заңдарды өзгертуге жол берілмеуге тиіс.
Сондықтан, қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы түзету құзыретін Әділет министрлігіне беру қажет.
Ол үшін мекеменің кадрлық әлеуетін нығайтып, заң шығару қызметінің сапасын арттыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет