«Әділетті салық» Сөздерді қазақ тіліне аударып, сәйкес нөмірлеңіз



бет1/2
Дата15.03.2023
өлшемі16,35 Kb.
#74425
  1   2
Байланысты:
Ó дÑ леÑ Ñ Ñ Ñ алÑ Ò


«Әділетті салық»


1.Сөздерді қазақ тіліне аударып, сәйкес нөмірлеңіз.
1) процент за кредит -проценттік қарыз
2) процентная ставка -есеп айырысу несиесі
3) процентные займы -есеп айырысу шот есебі
4) расчетные кредиты - есеп айырысу балансы
5) расчетный счет -чектер арқылы есеп айырысу
6) расчетный баланс - процент мөлшерлемесі
7) расчеты чеками -несие үшін процент
8) другие заимствования -негізі жабдықтар
9) прочие обязательства - басқа қарыздар
10) основные средства - басқа міндеттемелер
11) срочные депозиты -қолма- қол валюта
12) наличная валюта -мерзімдік депозиттер
2) Сұрақтарға жауап беріңіз:

а) Банкке ақша салу салымшылар үшін несімен тиімді?


Мына сөз тіркестерін пайдаланыңыз: «Қазақстандық тұлғалардың салымын кепілдендіру қоры» , мүше, ақша қабылдау қызметі, бірнеше түрі, есептік- кассалық бөлімдер, жаңа ұсыныстар, тұрақты және үдемелі өсім.
ә) Құпиялық мәселесін банктің ішкі және сыртқы ортасына байланыстыра қарастыруға болады. Ішкі фактор деген не, сыртқы фактор деген не?
Мына сөз тіркесін пайдаланыңыз: мемлекеттік органдар, шот иелері, жасырын болуына, қаулы, құрылым, түсіндірме, шаралар, қарастыру, заңдастыру, кеңес беру, келісім- шарт жасасу, куәлік беру.


3. Мәтінді оқыңыз. Өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
Американ экономисі Лафферге сүйенсек, өндірістің де дамуы мемлекеттік салыққа байланысты. Экономиканы мемлекеттік реттеудің ең белсенді құралдарының бірі- салыққа көпшіліктің көзқарасы қандай? А. Смит айтқандай салықтың «әділетті салық екенін» түсінеміз бе?
Бүгінгі нарықтық экономикада салықтың мақсатты болуы керектігін түсінеміз бе?
Cалықты қарапайым тілмен айтатын болсақ оны мемлекеттік бюджет деуге болады. Ал мемлекет кім - ол өзіміз, ол біздер.
Мемлекеттік бюджетті толтыру үлкен мәселе. Екінші үлкен мәселе - өндірісті қалай көтереміз. Қазақстанда өндірісті көтермесек, салық та түспейді, тәуелсіз мемлекет болмайды. Тәуелсіз мемлекетте әр уақытта өз өндірісі күшті болғаны жөн. Осы үшін үкімет бөлу функциясын пайдалануы қажет. Ол үшін жақсы өнім беретін, сұранысқа ие өнім беретін өндірісте салықты төмендетуге болады. Екіншіден, кім сол салықты жинайды тек қана таза адам болуы керек.
Мемлекеттік қызметкер басқа мемлекетте үлкен жалақы алады, үлкен жеңілдіктерге ие болады. Ал егер қателессе, оның ұрпағы да қызметке алынбайды. Қателесу, заңсыздыққа бару өз мемлекетіне қарсы қылмыс жасау болып табылады. Басқа европалық мемлекеттерде салық бойынша қылмыскерге жеке ауыр қылмыскерлерден де қатаң жаза береді. Неге десеңіз, жай адам мүмкін жеке адамға зиянын тигізсе, салық саласындағы қылмыскер мемлекет үшін, халық үшін үлкен қылмыс жасайды, яғни көп адамға - халыққа зиянын тигізеді.
Салық саясатының мақсаты болуы керек дейміз. ол мақсаттар қандай: біріншіден, өз мемлекетін көтеріп, тәуелсіз мелекет болуы үшін, екіншіден, бәріміз үшін, әрбіріміз үшін салық төлеу - төлемегеннен тиімді болуы керек. Салық төлеу - бір жағынан ұлттық, азаматтық міндет болып саналады, патриотизм болуы керек.
Естуімізше, америкада салық түрі өте көп, бірақ олар ең алдымен салық төлеу үшін жұмыс істейді. Бізде ондай мәдениет, патриотизм төмен, бұл Кеңес Одағы кезінен қалыптасқан әдет. Салық саясатын жүргізгенде үкімет халықтың мүддесімен сай келетін нүктені табу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет