59
«Құпия»
Мұғалім барлық қатысушылардың уысына құпиялап бір зат салады (түйме,
моншақ, түйреуіш, сағат секілді... сабақтың тақырыбына сай немесе осы
заттардың бас әріптерінен бүгінгі тақырып шығатындай болса да болады)
Бір оқушы ортаға шығып басқалардың қолындағы затты сұрақ қою арқылы
құпияны ашуға тырысады. Құпиясы ашылған оқушы ортаға шығып әрекетті
жалғастырады.
«Құпиясы жоқ қабырға»
Шәкірттің өлең, сурет, қолөнер т.б. шығармашылық туындылары көпшілік
назарына ұсынылып отыруын қамтамасыз етеді. Сабақтағы бала еңбегі көп алдына
шығарылып, асықпай танысуға, тіпті жазбаша пікір қалдыруға мүмкіндік береді.
«Құрастыр және жауап бер»
Емтиханға дайындалғанда оқушылар өз сұрақтарын құрастырады да, сосын
соларға жауап беріп жаттығады. Бұл оларды бағалау құрылымы туралы және өзі
жұмыс істеп отырған материал туралы тереңірек ойлауға жетелейді. Нысан және
функция!
Достарыңызбен бөлісу: