79
Жалғастыруға дайынмын Бір нәрсе түсінемін, бірақ
бәрін емес
Түсінбеймін, қайталап
қарау
қажет
«SMART (ақылды мақсат)»
S - нақты, M - өлшемді,
A - қолжетімді, R - шындыққа негізделген,T -
уақытпен шектелген дегенді білдіреді. Әр сабақ
осындай мақсатқа негізделіп
жүргізілуі шарт.
«SMS – хабарлама»
Оқушыларға қағаздан жасалған қалта телефондарынан SMS хабарлама
жазу тапсырылады. Хабарлама ұсынылған сөйлемдердің толықтырылған немесе
аяқталған нұсқасы болуы қажет.
«Бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ... білдім, ақиқатына жеттім»;
• «Бүгінгі сабақта мені қуантқаны....»;
• «Мен өзімді....үшін мақтар едім»;
• «Маған ерекше ұнағаны....»;
• «Сабақтан соң мен... жасағым келді»;
• «Мен... туралы армандаймын»;
• «Бүгінгі сабақта мен....жасай алдым»;
• «Мен... орындадым»;
• «...қызықты болды»;
• «...қиын болды»;
• «...мен түсіндім»;
• «Енді мен ...»;
• «...сезіндім»;
• «Мен үйрендім»;
80
• «Мені... таңғалдырды» және т.б.
«Соңғы сөзді мен айтайын»
Жүзеге асыру қадамдары:
1-қадам: Мәтіннен үзінді оқу барысында оқушылар түсінік беруге
лайықты
бір немесе бірнеше дәйексөз табады.
2-қадам: Оқушылар дәйексөзді кеспеқағазға жазып,
қай беттен, қайдан
алғанын белгілеп қояды.
3-қадам: Кеспеқағаздың артқы жағына дәйексөзге берген өз түсінігін жазады.
Оқушылар онымен келіспеуіне де болады, оны қалай өзгертем десе де өз еріктері.
4-қадам: Мұғалім дәйексөзді дауыстап оқуға оқушылардың бірін шақырады.
5-қадам: Ол оқып болған соң, мұғалім басқа оқушылардан осы дәйексөзге өз
көзқарастарын білдіруін сұрайды. Ең бастысы –
пікірталастың бағытын ұстап
тұру және пікірге, ащы мысқылға жол бермеу. Сондай-ақ, бұл уақытта мұғалім де
өз түсінігін беруіне болады.
6-қадам: Дәйексөз жайында пікірталасты аяқтау үшін мұғалім дәйексөзді
оқыған оқушыны шақырады және ол өз түсінігін дауыстап оқиды. Міне, осы
жерде пікірталас аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: