13
«Атаулар (терминдер) кестесі»
Сабақ басында тақтаға тақырып бойынша 3 негізгі атауларды
(терминдерді) жазып,оқушыларға оларды мынандай кестеге түрлендіруді
ұсынамыз:
№1 атау
№2 атау
№3 атау
Атау туралы білімдері,
мағлұматтары,
түсініктері
Атау туралы білімдері,
мағлұматтары,
түсініктері
Атау туралы білімдері,
мағлұматтары,
түсініктері
Оқушылар бұл тапсырманы алдымен жекелей (2-4 минут) орындап, одан
кейін кестелерін топ (немесе жұп) ішінде оқып, талқылап, толықтырады (3-6
минут). Сыныптық талқылау барысында (4-6 минут) мұғалім оқушылардың өз
кестелерін жариялауды ұсынады немесе тақтада келтірілген кестені
оқушылардың жауаптары бойынша толтырылады.
Сабақ соңында бұл кестеге қайта оралып, келтірілген мәліметтердің
дұрыс/бұрыстығы анықталады.
«Атаулар туралы үш сұрақ»
Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша үш терминді тақтаға жазып,
оқушыларға осы атауларға қатысты мынандай сұрақтарға жазбаша жауап беруді
тапсырады:
1.
Қайда? Бұл терминдерді сіз бұрынырақта қайда және қандай мағынада
кездестіріп едіңіз?
2. Қалай? Өз тәжірибеңізбен осы атауларды қолданудың мысалдарын
келтіре аласыз ба?
3. Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп
ойлайсыз?
Әдеттегідей бұл жұмысты оқушылардың жеке, жұппен (шағын топ ішінде)
ауызша немесе жазбаша орындауы ықтимал. Содан кейін мұғалім бірнеше
оқушының пікірін тыңдайды.
Мұғалімнің сұрақтарды шығармашылық тұрғысынан әр сабақта
тақырыпқа байланысты өзгертіп отыруы тиімді.
«
Атмосфера орнату»
Абстрактылы ойлау дағдыларын қолдануды талап ететін ауқымды ашық
сұрақ немесе проблеманы шешуге арналған тапсырманы қолдана отырып,
сабақта атмосфера орнатыңыз. Пысықтау үшін жауаптарын күтіңіз. Мысалы,
Вьетнам соғысына арналған сабақ мынадай сұрақтан басталуы мүмкін:
Американдықтар өздерін соғысып жатырмыз немесе соғысты жеңіп жатырмыз
деп санай ма екен?
Достарыңызбен бөлісу: