1.Оқушылардың қыстырма сөз туралы білімдерін одан әрі кеңейтіп, мағынасына қарай ажырата білуге үйрету. 2.Көркем, таза жазуға тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, топпен жұмыс
Көрнекілігі: слайд, сызбалар.
Психологиялық дайындық :
Қайырлы таң досым!
Қайырлы күн болсын.
Бүгінгі күн біз үшін,
Сәттілікке толсын!
Үй тапсырмасы: 59 жаттығу 76 – бет
1. Әрине, еңбексіз ер де, жер де көгермейді.
2. Биыл, несін айтасың, егіннің шығымы өте жақсы! Егіс биыл, біздің бақытымызға қарай, тамаша жеңіспен аяқталды.
3. Қазақстан қазір, қысқасы, дүние жүзі түгел таныған ел болды.
4. Меніңше, бұл – өте мықты адам.

Ереже
Сөйлемдегі ойға сөйлеушінің қалай қарайтынын білдіретін, бірақ өздері сөйлем мүшесі бола алмайтын сөздер бар.
Ондай сөздерді қыстырма сөздер деп аталады:
Мүмкін, ол бүгін келіп қалар.
Оның ойынша, Сара – ақылды қыз.
61 – жаттығу. Төмендегі екі бөлікті салыстыр. Қайсысы сөйлем, қайсысы мәтін? Не байқадың?
1.Кітап жасау үшін, біріншіден, орманнан ағаш кеседі,екіншіден,одан фабрикада қағаз жасап шығарады, үшіншіден, оған жазады, сурет салады, төртіншіден, баспахана оны кітап етіп шығарады.

2. Мен адамның досымын. Менің атым – кітап. Мені жасау үшін, әрине, көп еңбек сіңіреді. Өйткені, біріншіден, адам орманнан ағаш кесіп, фабрикаға апарады. Екіншіден, фабрика ол ағаштан қағаз жасап шығарады. Үшіншіден, оған адамдар жазады, суретшілер сурет салады. Баспахана жазулар мен суреттерді басып, кітап етіп шығарады. Жұмысшылар машина мен пойыздарға тиеп, қала – қалаға, ауыл – ауылға таратады.