Әдіскері Сабирова Шарбану



Дата18.02.2023
өлшемі15,19 Kb.
#69045
Байланысты:
Документ Microsoft Word



Жүргізуші: Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгін міне, ғылыми білімдерді насихаттау және оқушылардың ғылыми іске қызығушылығын дамыту, дарынды балаларды анықтау мақсатында өткен Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңі өз мәресіне жетті.
бүгінгі қоғам сіздерден білім мен ғылымды игеру жолында үздіксіз ізденуді талап етіп отыр. Білім сайысында әрбір оқушының білім деңгейлері таразыланып, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» дегендей, олимпиада жүлдегерлері анықталды.
Марапаттау:
1. Білім сайысында мектебі мен ұстаздарының артқан сенім биігінен көріне білген Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңінде барлық пән бойынша І орын алған жүлдегерлерді марапаттау үшін сөз аудандық білім бөлімінің әдіскері Сабирова Шарбану беріледі.
2. Жастығыңды ізденуге арнаңыз,
Білімдарлық танытыңыз, талмаңыз.
Асуларын білімнің бағындырып,
Өрлей бер, өркендей бер самғаңыз!
ІІ орын алған жүлдегерлерді марапаттау үшін сөз
__________________________________________________________беріледі.

3. Терең білім – жылдар жемісі,
Оқушы мен мұғалімнің жемісі – дей келіп, ІІІ орын алған жүлдегерлерді марапаттау үшін сөз –
______________________________________________________________

4. Ынталандыру дипломына ие болған оқушыларды марапаттау үшін сөз
_______________________________________________________________

5. Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген,
Шәкірттерін сүйген таза көңілден.
Тағылым беріп, жас ұрпаққа қашанда.
Өз соқпағын тапқан мына өмірден, - деген өлең жолдарымен марапатқа ие болған ұстаздарды құттықтау үшін сөз


Парасатты жүрегің нұр төгеді,
Болдың міне, абыройлы, мәртебелі.
Қыран қонған биіктен көріне бер,
Асқар тау, туған елдің нар түлегі, - марапаттарыңыз құтты болсын, құрметті оқушылар – жасампаз елдің жас қырандары!

(Әнұран)
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың
ІІ кезеңі аудандық олимпиаданы қорытындылауға арналған салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет