Әдіснама – ол жалпы ғылыми әдіс немесе жеке ғылымдардың әдістері туралы ғылым. Әдіснама зерттеудің жалпы ғылымдық бағыт-бағдарын көрсетеді


ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТІЛ БІЛІМІНДЕ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ӘДІСТІҢ КӨПШІЛІККЕ ТАНЫЛҒАН, ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ АЙҚЫНДАЛҒАН БІРНЕШЕ ТҮРЛЕРІ БАР



бет2/3
Дата11.11.2022
өлшемі6,23 Mb.
#49419
1   2   3
Байланысты:
Лингв зерт бөж1

ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТІЛ БІЛІМІНДЕ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ӘДІСТІҢ КӨПШІЛІККЕ ТАНЫЛҒАН, ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ АЙҚЫНДАЛҒАН БІРНЕШЕ ТҮРЛЕРІ БАР.
Сипаттама немесе синхрондық әдіс.
Салыстырмалы-тарихи әдіс
Салыстырмалы әдіс
Құрылымдық әдіс
Математикалық әдіс
Сипаттама немесе синхрондық әдіс. Сипаттама әдіс — лингвистикалық әдістар ішіндегі ең көнесі. Тілге байланысты алғашқы зерттеулердің барлығы дерлік осы сипаттама әдіс бойынша жүргізілген. Сипаттама әдіс зерттеліп отырған объектінің өткендегі күйін, тарихи даму жолдарын ескермейді, тек оның белгілі бір дәуірдегі қалпын синхрондық күйін сипаттаумен шұғылданады.
Сипаттама әдіс зерттеудің көне замандардан келе жатқан тәсілі болғанымен, ол — ескірген, қолданудан қалған тәсіл емес, қазіргі заман тіл білімінде де үздіксіз қолданылып келе жатқан жасампаз тәсіл. Құрылымдық лингвистика түгелдей дерлік осы сипаттама әдісқа сүйенеді, соны қолданады. Бірсыпыра ғалымдар құрылымдық әдісты осы сипаттама әдістың жаңарған, жетіле түскен жалғасы дейді де, оны сипаттама әдістың құрамында қарайды, екеуін біріктіріп, синхрондық әдіс деген бір ғана атаумен атайды. Бұлай қарау негізсіз де емес. Өйткені сипаттама әдіс болсын, құрылымдық әдіс болсын тілдің белгілі бір дәуірдегі күйін, статикалық жүйесін зерттейді. Бірақ қолданыла бастау мерзімі жағынан болсын, зерттеу тәсілі, алға қоятын мақсаты жағынан болсын бұл екеуі арасында бірсыпыра өзгешеліктер де бар.
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ АЛҒАШҚЫ ҒЫЛЫМИ ӘДІСТЕРІНІҢ БІРІ – САЛЫСТЫРМАЛЫ-ТАРИХИ ӘДІС БОЛДЫ. ОЛ ӘДІСТІҢ НЕГІЗІН ХІХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДА Ф. БОПП, Р. РАСК, Я. ГРИММ ҚАЛАДЫ. БІРАҚ ТА БҰЛ ЗЕРТТЕУЛЕР АТОМАРЛЫ ТҮРДЕ, ЯҒНИ ЖҮЙЕСІЗ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛДІ. БҰЛ ТАНЫМДЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ӘДІСІ ЗЕРТТЕУДІҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІМЕН ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСТЫ БОЛАДЫ. СОНДЫҚТАН ТАНЫМНЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІН ЗЕРТТЕУ МАҚСАТТАРЫНАН ТЫС ҚАРАСТЫРУ МҮМКІН ЕМЕС.
ЖОҒАРЫДА АЙТЫЛҒАНДАЙ ТІЛДЕРДІ САЛЫСТЫРА ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕСІНДЕ ТІЛДЕРДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕР МЕН ҰҚСАСТЫҚТАРДЫ АНЫҚТАУҒА БОЛАДЫ. САЛЫСТЫРУ БАРЫСЫНДА КЕЙБІР ДӘЛ НӘТИЖЕЛЕРГЕ КЕЛУГЕ БОЛАДЫ.БІРІНШІДЕН, САЛЫСТЫРҒАНДА БІР ТЕКТЕС ЗАТТАРДЫ САЛЫСТЫРУҒА БОЛАДЫ. АЛ ТІЛДЕРДЕ ӘР ДЕҢГЕЙДЕГІ БІРЛІКТЕРДІ, ОЛАРДЫҢ ӘР ТІЛДЕРДЕГІ ҚЫЗМЕТІН, ЛЕКСИКАЛЫҚ, ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРДЫ, СӨЙЛЕМ МОДЕЛЬДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СӨЙЛЕМДЕ ҚОЛДАНУ ТӘСІЛДЕРІН САЛЫСТЫРУҒА БОЛАДЫ.ЕКІНШІДЕН, ӘР ТІЛДЕГІ ҚҰБЫЛЫСТАРДЫҢ ЕҢ МАҢЫЗДЫ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІ БЕЛГІЛЕРІН, ОДАН КЕЙІН БАРЫП ҚАНА ҚОСАЛҚЫ БЕЛГІЛЕРІН ЗЕРТТЕУ ҚАЖЕТ. САЛЫСТЫРУ ӘДІСІНІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ БАРЛЫҚ ТІЛДІК ДЕҢГЕЙЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ТІЛДІК ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫН ЕМЕС, ОЛАРҒА ОРТАҚ ҚАСИЕТТЕРІН ТАБУ. БАСҚАША АЙТСАҚ, ТІЛДЕРДІҢ ӘМБЕБАП ҚАСИЕТТЕРІН АЙҚЫНДАУ.
ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ӘДІС. Бұл әдіс тіл білімінде үстіміздегі ғасырдың 20-жылдарынан бастап колданыла бастады. Бірақ ол ғылыми зерттеу әдісі ретінде басқа ғылымдарда бұрыннан қолданылып келген, тіл біліміне солардан ауысқан әдіс. Мұны тілді зерттеуге алғаш қолданушылар — Чехословакия мен Дания лингвистері құрылымдық әдіс бұл күнде дүние жүзіне кең тарап, лингвистикалық ағым ретінде құрылымдық тіл білімі немесе структурализм деп те аталып жүр.
ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ӘДІС СОВЕТ ТІЛ БІЛІМІНДЕ ДЕ ҚОЛДАНЫЛЫП КЕЛДІ, КОЛДАНЫЛЫП ТА ЖҮР. АЛДЫҢҒЫ ТАРАУДА ДА АЙТЫЛҒАНДАЙ, БІЗДЕ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ӘДІСТЫ ЖАҚТАУШЫЛАР ДА ОҒАН ҚАРСЫЛАР ДА БОЛДЫ. БІРАҚ ТҮПТЕП КЕЛГЕНДЕ БҰЛ ӘДІСТІ ҚОЛДАНУҒА БОЛАТЫНДЫҒЫ АЙҚЫНДАЛДЫ. СӨЙТІП, 50-ЖЫЛДАРДАН БАСТАП ОЛ СОВЕТ ТІЛ БІЛІМІНДЕ БЕРІК ОРЫН ТЕПТІ. 1958 ЖЫЛЫ СССР ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ТІЛ, ӘДЕБИЕТ БӨЛІМІ БЮРОСЫ ЕЛІМІЗДЕ СТРУКТУРАЛДЫ ТІЛ БІЛІМІН ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕ АРНАУЛЫ ҚАУЛЫ АЛДЫ ДА, ОСЫДАН КЕЙІН БҮЛ БАҒЫТТАҒЫ ЖҰМЫСТЫ ЕРКЕНДЕТУДІҢ ӘР ТҮРЛІ ЖОЛДАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ.
ТИПОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ. Салыстырмалы-тарихи зерттеу — өзара туыстас, төркіндес тілдер семьясын жеке-жеке зерттегені болмаса, әр семьяға жататын тілдерді бір-біріне салыстыра жинақтап қарау, сөйтіп дүние жүзіндегі тілдердің барлығына немесе көпшілігіне ортақ типтік сипаттарды ашу ісіне дәрменсіз. Ал жалпы тіл білімі тек тілдер туыстастығын айқындауды ғана көздемейді, ол дүние жүзіндегі тілдердің жалпы адамдық сипаттарын, типтік белгілерін ашып, тіл атаулының барлығын да қамти алатын типологиялық классификация жасауды да қажет етеді. Осы мақсатты іске асыру үшін салыстырмалы-тарихи зерттеумен замандас салыстырудың екінші түрі, типологиялық салыстыру дүниеге келді. Лингвистикада зерттеудің бұл түрі салғастырмалы әдіс, типологиялық әдіс, типологиялық лингвистика деп түрліше аталады.
ТИПОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ КЕҢІРЕК ЕТЕК АЛЫП, ЗЕРТТЕУДІҢ БІР ӘДІСІ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ XIX ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІ БОЛҒАНЫМЕН XVI—XVII ҒАСЫРЛАРДА БАСТАЛҒАН КӨП ТІЛДІ САЛЫСТЫРМАЛЫ СЕЗДІКТЕР ЖАСАУ, РАЦИОНАЛДЫ ГРАММАТИКАЛАР ЖАЗУ — ОСЫ ӘДІСТІҢ АЛҒАШҚЫ ӘЛІППЕЛЕРІ.
ТИПОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ МӘНІ, ФУНКЦИЯСЫ ЖАҒЫНАН ТІЛДЕРДІҢ БАРЛЫҒЫНА НЕМЕСЕ КӨПШІЛІГІНЕ ОРТАҚ, ЖАЛПЫЛЫҚ СИПАТЫ БАР ОБЪЕКТІЛЕРДІ САЛЫСТЫРАДЫ. МҰНДАЙ ОБЪЕКТІ ТІЛДІҢ ФОНОЛОГИЯ САЛАСЫНДА ДА, СЕМАНТИКАЛЫҚ, ГРАММАТИКАЛЫҚ САЛАЛАРЫНДА ДА БОЛАДЫ. ТИПОЛОГИЯ ТІЛДЕРДІҢ ОСЫ АТАЛҒАН ЖҮЙЕЛЕРІНДЕГІ ЖАЛПЫЛЫҚ МӘНІ БАР ОБЪЕКТІЛЕРДІ БІР-БІРІНЕ САЛҒАСТЫРА ҚАРАУ АРҚЫЛЫ ОЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҰҚСАСТЫҚТАР МЕН ӨЗГЕШЕЛІКТЕРДІ АШАДЫ. МЫСАЛЫ, ФОНОЛОГИЯ САЛАСЫНДА ДЫБЫСТАРДЫҢ ДАУЫСТЫ, ДАУЫССЫЗ, ШҰҒЫЛ, ЫЗЫҢ БОЛЫП БӨЛІНУІ, БОЛМАСА МОРФЕМАЛАРДЫҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ, ГРАММАТИКАЛЫҚ БОЛЫП БӨЛІНУІ, Т. С. С. ТІЛДЕРДІҢ БАРЛЫҒЫНА НЕМЕСЕ БАСЫМ КӨПШІЛІГІНЕ ТӘН ТИПТІК БЕЛГІЛЕР. ТИПОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУДЕ ОСЫЛАР СИЯҚТЫ УНИВЕРСАЛДЫ ТҰЛҒАЛАР САЛЫСТЫРЫЛАДЫ.
ГЕНЕТИКАЛЫҚ ӘДІС (ағылш. genesis - "шығу тегі" деген сөзінен алынған) - әлеуметтік құбылыстар мен үрдістерді, олардың шығу тегі мен дамуын талдау арқылы зерттеу тәсілі. Орыс ғалымы М.М. Ковалевский (1851 — 1916)., «Генетикалық әдістің негізінде қоғамдық өмір мен қоғамдық институттардың пайда болу мәселелерімен айналысатын генетикалық әлеуметтануды дамыту қажет» деген пікір айтты. XX ғасырда Генетикалық әдіс әлемдік әлеуметтануда кеңінен пайдаланылады.
РЕКОНСТРУКЦИЯ (лат. re - жаңғырту мәніндегі қосымша, constructio құру) — тілдік деректері белгісіз құбылыстар мен формаларды жеке тілдердін, тілдер тобы мен семьяларынын сондай тіл бірліктерімен тарихи-салыстыру жолымен қайта жаңғыртып анықтайтын салыстырмалы-тарихи тіл біліміндегі тәсілдердін жиынтығы.
Реконструкция тілдік құбылыстар мен формаларды қайта жаңғырту арқылы тіл дамуынын бұрынғы кезендеріне тән әр түрлі деңгейдегі жүйелік қатынастарын қалыптастырады. Туыс тілдердін моделін жасаудағы ең басты ұғым ататіл (тектіл) болып табылады. Мәселен, үндіеуропа туыстығын А. Шлейхер бұтақты ағаш ("родословное древо" моделі) түрінде бейнелеп берген.
ЭТИМОЛОГИЯ (грек. etymos – ақиқат, шындық, logos – білім) – сөз төркінін зерттеп, айқындаушы тарихи лексикологияның және жалпы тіл білімінің бір саласы болып табылады. Этимологияның зерттеу нысанына, негізінен тілдегі жеке сөздер, сөз тіркестері, граммат. тұлғалар жатады. Этимологиялық зерттеу нысаны тек мағынасы ұмыт болуына, не күңгірттенуіне байланысты жеке-дара қолданылмайтын сөздер, тұлғалар ғана емес, сонымен қатар тілімізде дербес те жүйелі түрде қолданылатын жалпы лекс.-граммат. мағынасы айқын сөздер мен сөз тұлғалары да бола береді. Этимологиялық зерттеулер мақсаты мен нысанына қарай әр алуан тәсілдер мен принциптерге сүйенеді. Солардың ішінде жиі қолданылатындары: тарихи-салыстырма тәсілі, морфемдік-модельдік талдаулар, түбірін індете зерттеу, т.б.
  • Фонет. принцип – әрбір тілдің немесе бір топтағы туыс тілдердің дыбыстық жүйесіне тән (сингармонизм – үндестік пен ассимиляция, дыбыс алмасу мен дыбыстық сәйкестігі, дыбыстың түсіп қалуы мен қосымша дыбыстың пайда болуы, дыбыстардың қосарлануы мен әлсізденуі, дыбыстардың ұзаруы мен қысқаруы, орын алмастыру мен апокопа, элизия мен парагогия, флексия мен фузия, т.б.) сан алуан фонет. заңдылықтарды қатаң ескеруді талап етеді.
  • Морфол. принцип – сөздердің тұлғалық өзгерістеріне байланысты заңдылықтарына негізделеді. Лексемаларға жасалатын морфол. талдаудың басты мақсаты, мәселен, түркі тілдерінің жалғамалық құрылысына сәйкес, олардың ілкі түбір, жай түбір, туынды түбір және граммат. тұлғалардың ара-жігін ажырату болып саналады. Сондай-ақ морфол. принцип-критерий сөзжасам процесіне негіз болушы көптеген модель-үлгілер мен сан алуан граммат. тұлғалардың ішінен Этимологиясы анықталуға тиісті лексиканың табиғатын тап басып тану үшін, өзіне ұқсас басқа сөздерден айыру үшін қажет.
  • Семант. принцип – сөздердің мағынасын анықтауда Этимологияның негізгі критерийлерінің бірі болып саналады. Өйткені мағынасыз сөз болмайтыны белгілі және ол мағына сол сөздің дыбыстық не морфол. тұлғасына да тікелей қатысты. Сөз мағыналарының көнеруі, күңгірттенуі, ұмыт болуы, тоғысуы, іштей жіктеліп, көп мағынаға, тіпті біртекті омонимдерге айналуы, т.б. сөз табиғатына тән семант. заңдылықтар – Этимологиялық принцип.
  • Тарихи принцип – Этимологияның тарихи лексикологиямен, этнолингвистика және этнография, т.б. тоғысар бір туысы. Өйткені тіл абстракция емес, ол белгілі этностың туындысы, ал этнос белгілі бір геосаяси аумақта, тарихи кеңістікте жасап келген феномен. Оның болмысын анықтайтын өзіндік дүниетанымы, салт-дәстүрі, өмір тіршілігі, т.б. рухани-материалдық мәдениеті болады. Бұл аталған этимол. принцип-критерийлер өзара тығыз байланыста, қатыстырыла қолданылады. Этимологияның түрлері үш топқа (ғыл., қызықты, халықтық) бөлінеді.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет