Әдістеме туралы ұғымды сипаттаңыз


Сауат ашудың әліппеден кейінгі кезеңін көрсетіңіз



бет89/89
Дата10.05.2022
өлшемі341,08 Kb.
#33856
түріСабақ
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89
Байланысты:
?дістеме туралы ??ымды сипатта?ыз

3 3 8 Сауат ашудың әліппеден кейінгі кезеңін көрсетіңіз.

Әліппеден кейінгі кезең

Бұл кезеңнің негізгі мақсаты – сауат ашу кезеңінде берілген білім негіздерін одан әрі жетілдіріп, оқушыларды екінші жарты жылдықта “Ана тілі” пәнін оқытуға даярлау. Ана тілі пәні құрамына оқу, тіл дамыту, жазу және грамматика мен емле салалары енеді. Грамматика ана тілінің ең күрделі саласы және ол балалардың ақыл-ойын дамытуда өте маңызды қызмет атқарады. Өйткені, оқушыларға тілдің құрылымдық жүйесін меңгерту, оның заңдылықтарын білгізу осы грамматика арқылы жүзеге асады. Бұл кезеңдегі оқу материалдарының басты ерекшелігі – мұнда өзара байланысты мәтіндер беріледі. Байланысты мәтіндермен жүргізілетін жұмыс оқу қарқынын жетілдіруді, мәтін мазмұнын бірден қабылдап түсінуді, әрбір сөйлемді өзіне тән дауыс ырғағымен оқуды талап етеді. Әліппеден кейінгі кезеңде оқытудың мынандай міндеттері қарастырылады.

1.Буындап оқуды жетілдіре отырып, барлық оқушыны сөздерді тұтас оқуға төселдіру. Сауат ашу кезеңінде оқу мен жазу жұмыстары өзара тығыз байланысты. Бір сабақтың өзінде оқу қызметі мен жазу жұмысы бірін-бірі алмастырып және бірін меңгеруге екіншісінің көмегі тиіп отырады.

2. Оқушылардың біліміндегі кемшіліктерді жою арқылы сынып білімін теңестіру; әрбір оқушының өздігінен оқып, жазуын қамтамасыз ету.

3. Оқу техникасын жетілдіру арқылы дұрыс оқу, саналы түрде түсініп оқу, мәнерлеп оқу, жылдам оқу машықтарын қалыптастыру. Оқушыларды сөйлемді және мәтінді оқуға үйрету жұмыстарының бәрі мағынасын түсініп оқу мақсатына бағытталады, осы жолда мәтінді мәнерлеп оқу тәсілінің маңызы зор. Бұл шара тыныс белгілеріне қарай кідіріс жасау, екпін мен интонацияны дұрыс қолдана білу дағдыларын меңгерту мақсатында жүргізіледі. Нүкте, сұрақ, леп белгілері не кідіріс жасау арқылы оқушы сөйлемдердің жігін айыра алатын болады. Нүкте қойылған сөйлемнің аяғында дауыс күшінің бәсеңдейтіні, сұрақ белгісі бар сөйлемде сұрау мәні бар сөздің көтеріңкі екпінмен айтылатыны, ал леп белгісі қойылған сөйлем ерекше сазды әуенмен оқытылатыны мұғалімнің өзі оқып, үлгі өнеге көрсету жолымен меңгертіледі.

4. Біршама көлемді, бірақ қызғылықты да түсінікті мәтіндерді: әңгіме, өлең, ертегілерді сыныпта және сыныптан тыс уақытта үнемі үзбей оқуға жаттықтыру, (қосымша оқуға “Әліппе серігіндегі” материалдар ұсынылады).

5. Оқылған мәтін мазмұнын түсініп, мұғалімнің қойылған сұрақтары мен мағыналық бөліктерге бөлген жоспар бойынша әңгіменің логикалық жүйесін сақтай отырып, өз сөзімен айтып беруге төселдіру.

6. Теріп оқу, рөлге еніп оқу, мәтінге, оның бөліктеріне ат қою, өлең жаттау жұмыстарына арнайы көңіл бөліп отыру.

7. Оқушылардың сауатты, көркем жазуын қалыптастыру; сөздегі әріптердің өзара жалғастық белгілерін меңгерте отырып, біркелкі үзбей жазуға дағдыландыру, шағын сөйлемді көшіру, есте сақтау арқылы жазуға төселдіру.

8. Мазмұнды суреттеу, оқылған мәтіндер және оқушылардың көрген-білгені, серуен, саяхат материалдары, т.б. бойынша шағын көлемді әңгіме жазуға жаттықтыру.

9. Жазылуы мен айтылуы әр түрлі сөздердің емлелік және пунктуациялық нормаларды сақтауға қалыптастыру.

Әліппеден кейінгі кезеңде көптеген ақын-жазушылардың шығармалары енгізілген. Сонымен бірге халық ауыз әдебиеті үлгілері бар. Әліппеден кейінгі кезеңде мәтіндерді оқытудың мынадай әдіс-тәсілдері қолданылады:


  1. Мұғалімнің кіріспе әңгімесі.

  2. Мәтінді мұғалімнің оқуы.

  3. Сөздік жұмысын жүргізу.

  4. Мәтінді оқушылардың бөліп-бөліп оқуы (1-2).

  5. Мәтінді оқығаннан кейін қысқаша әңгіме өткізу.

  6. Мәтінді бөліктерге бөлу.

  7. Мәтінді толық оқу.

  8. Сұрақтарға жауап беру.

  9. Жауаптарды мәтіннен табу.

  10. Қорытынды әңгіме (тақырыптардың тәрбиелік мәнін ашу, дамытушылық жұмыстар).

  11. Мәтінді мәнерлеп оқу.

  12. Мәтінді рөлге бөліп оқыту.

  13. Шығармашылық жұмыстар (мақал, ойын, сахналық қойылым, сурет салу, мәнерлеп жатқа айту).

Сабақ өткізудің әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану мұғалімнің шеберлігіне, ізденіп, еңбектенуіне байланысты. Сауат ашу кезеңінің соңында оқушылардың білімділік және икемділік деңгейлері қалыптаса бастайды:

1. Алфавиттегі барлық әріптер бойынша кез келген буыннан құралған сөздерді буындап, не тұтас сөзбен оқи алатын болады;

2. Кіші және бас әріптерді дұрыс, біркелкі және өзара байланыстырып, оқыған сөздерін өздігінен жаза алатын болады;

3. Жеке сөздерді, шағын сөйлемді тақтадан не мәтіннен көшіріп, не есту арқылы жазып беретін болады;

4. Өз жазуларын сөздегі дыбыстардың құрамы мен орын ретін айқындау арқылы өз бетінше тексеруді үйренеді;

5. Мұғалім берген сұрақтар негізінде оқыған шағын мәтіндердің мазмұнын айтып беретін болады;

6. Қысқа өлең мәтінін мәнерлеп, жатқа айтып беруге төселеді;

7. Мұғалімнің көмегімен өзара байланысқан, екі-үш шағын сөйлемдерден мазмұндама, шығарма жазуға үйренеді;

8. Кейбір грамматикалық-орфографиялық мағлұматтарды білетін болады;

а) кісі аттары мен үй жануарларына қойылған аттарды және жер-су аттарын үлкен әріппен жазуды үйренеді;

ә) сөйлемнің бірінші сөзін бас әріппен бастап, ондағы әрбір сөзді бөлек жазуды және сөйлем соңына нүкте қоюды білетін болады.

Қазақ бастауыш мектептерінде оқыту ісінің негізін қалаған Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов ағартушы ғалымдар әдістемелік еңбектерінде оқушылардың сауат ашу кезінде сөздік қоры мен сөйлеу дағдысын қалыптастыруға баса назар аударды.

Сауат ашу кезінде оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту мәселелері Т.Шонанұлының, Ж.Аймауытовтың, М.Жұмабаевтың еңбектерінде де қозғалды. Кейінірек қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеген Қ.Жұбанов, Г.Бегалдин, С.Жиенбаев, Ш.Сарыбаев, И.Ұйқыбаев секілді ғалымдар осы мәселеге ерекше мән берді.

Тіл дамыту жұмысы сауат ашу кезінде де жүргізіледі.

Сауат ашу кезінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының бастауыш мектептің басқа сыныптарындағы тіл дамыту жұмыстарынан өзгешелігі – оқыту ісіндегі талдау және жинақтау процесінің бірлігінде.

Тіл дамыту үш түрлі салада жүргізіледі: сөздік жұмысы; сөйлем құрастыру; байланыстырып сөйлеуге үйрету. Сөздік жұмысын жүргізуде екі түрлі мақсат алға қойлады: бірі оқылған сөздің мағынасын түсіндіру, сол арқылы оқушыларды саналы оқуға баулу, олардың ойлау қабілетін жетілдіру, екңншісі – жаңа сөздер үйрету барысында, яғни жаңа сөздер үйрету арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту, сөйлем құрастыруға үйрету. Сөйлем құрастырудың мынадай түрлерін пайдалануға болады.

1. Үлгі бойынша сөйлемдер құрастыру. Баяндауыштары зат есімнен, етістіктен, сын есімнен, жіктік жалғаулы сөздерден жасалған екі-үш сөзді сөйлемдер: “Айдос - оқушы”, ”Күн ашық”.

2. Сұраққа толық жауап алу арқылы сөйлемдер құрастыру.

- Бұл не? - Қарға қайда қонды?

- Бұл дәптер. - Қарға сымға қонды.

- Сенің атың кім? - Айдос не істейді?

- Менің атым – Айдос. - Айдос кітап оқиды.

Байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстары сауат ашу кезінде әрбір сабақ сайын жүзеге асырылып отырылуға тиіс.

Байланыстырып сөйлеу дегеніміз – оқиға мазмұнын жүйелі түрде баяндап шығу, яғни әңгімеге қатысты сөйлемдер арасындағы ой байланысын сақтап, оларды рет-ретімен айтып беру. Байланыстырып сөйлеуді дамыту оқулықтағы суреттер бойынша, сондай-ақ экскурсиядан, күнделікті өмірден көрген білгендері бойынша және ойын, т.б. туралы әңгімелер құрастыру арқылы жүзеге асырылады.

Тіл дамытуға байланысты логикалық жаттығулар жүргізудің мәне зор. Логикалық жаттығулар айналадағы заттар мен құбылыстарды таныту арқылы оқушылардың жалпы ой-өрісін кеңейтіп, тілін дамытады. Мұндай жаттығулар әр топтағы заттар мен жануарлардың атын, сипаты мен қимыл-әрекетін білдіретін сөздерді талдап, жинақтап түсіндіріп, оқушылардың сөздік қорын байытуға мүмкіндік береді.

Мысалы: “құстар: үйрек, қаз, қарға; аңдар: түлкі, қоян, аю”, т.б. сияқты сөйлемдер құрастыру нәтижесінде заттардың тобы, тегі туралы жалпы ұғымдар қалыптастырылып, алуан түрлі жеке сөздер үйретіледі. Одан әрі әр топтың өзіне тән жеке ерекшеліктеріне тоқталу керек. Мысалы: құстың екі қанаты, екі аяғы бар. Ол үшады. Осылайша логикалық жаттығу тақырыптарын әрі қарай жалғастыра беруге болады.

Мысалы: жиһаздарды, ыдыс-аяқ, киім-кешек, өзендер, теңіздер, газет-журналдар, т.б.

Логикалық жаттығулардың басқа бір түрі – хабарламақ ойдың логикалық жүйесін сақтап, әңгімені жоспар бойынша айтуға және жазуға үйрету. Мысалы: “Қоңырау соғылды. Балалар сыныпқа кірді. Мұғалім келді. Сабақ басталды” деген әңгімедегі сөйлемдердің орнын ауыстырып; “Сабақ басталды. Мұғалім келді. Балалар сыныпқа кірді. Қоңырау соғылды” деп құрауға болады.

Сауат ашу сабақтарында сөйлеу мәдениетіне баса назар аударылды. Сабақтағы сөйлеу мәдениетінің талаптары мүлтіксіз орындалып отыруға тиіс. Мұғалімнің сөзі мазмұнды, дәлелді, мәнерлі, бейнелі болуы керек. Өйткені, оқушы сөйлеуді мұғалімнен үйренеді. Оқушыға сөйлеу ортасының да әсері мол. Сондықтан қабырғаға ілінген, тақтаған жазылған жазулар мен көрнекі құралдар – мазмұнды, сауатты әрі көркем болу керек.

Оқушылардың тілін дамыту мақсатында өткізілген сабақтарда олардың үйренген, меңгерген сөздерін үнемі қайталап, еске түсіріп, сол сөздерді кірістіріп, ауызша да жазбаша да сөйлем құратып жаттықтыру тиімді. Сонымен бірге бұл кезеңде тіл дамыту жұмысы оқушылардың ауызекі байланыстырып сөйлеуін жаңа сапаға көтеру арқылы жалғастырылып, олардың жазба тілінің негіздерін қалау міндеті жүзеге асырыла бастайды. Сөз тіркесі және сөйлем туралы ұғымдар да осы кезеңде меңгертіледі.

Дауыс ырғағын, сөйлеу қарқынын тәрбиелеуге байланысты жұмыстарда ұмыт қалмайды.

Әліппеден кейінгі кезеңдегі тіл дамыту жұмыстарында оқушылардың байланыстырып сөйлеуі қайтадан бірінші кезекке шығарылады. Бұл кезеңдегі тіл дамыту – оқушылардың байланыстырып сөйлеуге бағытталған жұмыстар сипаты әліппеге дейінгі кезеңмен салыстырғанда мүлдем өзгеше. Оқушылардың сөз тіркесі мен сөйлемді саналы түрде түсініп, ойларын жүйелі баяндау тәсілдерін меңгерту көзделеді.

Ең бастысы – олардың жазба тілінің негіздері қаланып, өз ойларын баяу болса да баяндап жазу машықтарына жаттығады.
Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының жүйесі

1. Әліппеге дейінгі кезең

1. Балалардың байланыстырып сөйлеу дағдысын байқау.

2. Сөйлем, сөз, дыбыс туралы түсініктер беру.

3. Сөздік қорларын анықтау.

2. Әліппе кезеңі

1. Жаңа сөздердің мағыналарын түсіндіру, сөздік қорларына енгізу.

2. Оқушылардың жазба тілінің негізін қалыптастыру.

3. Ауызекі байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

4. Оқушылардың сөйлеу дағдыларындағы кемшіліктерді (сөйлеу мәнеріндегі, сөз қолданыстарындағы, т.б.) бірте-бірте жою бағытындағы жұмыстар жүргізу.

3. Әліппеден кейінгі кезең

1. Оқушылардың ауызекі және байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

2. Шағын сөйлемдерден құралған мазмұндама, шығарма жаза білуге дағдыландыру.

3. Сөздерді орынды қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.

4. Сөйлеу мәдениетін жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыру.

Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу дағдысын анықтау үшін берілетін тапсырма түрлері

1. Ойыншықтар арқылы ауызша әңгімелесу.

2. Сурет бойынша әңгімелесу.

Оқушылардың сөздік қорын тексеру үшін берілетін тапсырма түрлері.

1. Заттардың дара және жалпы белгілерін анықтау.

2. Мағынасы қарама-қарсы (антоним) сөздерді қолдану деңгейі.

3. Мағыналары ұқсас (синоним) сөздердің қолдану деңгейі.



4. Дыбысталуы бірдей, беретін мағыналары әр басқа (омоним) сөздердің қолдану деңгейі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет