Әдістеме туралы ұғымды сипаттаңыз


Жаңа сауаттана бастаған баланың сауат ашу барысындағы ерекшелігін сипаттаңыз



бет6/89
Дата10.05.2022
өлшемі341,08 Kb.
#33856
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89
Байланысты:
?дістеме туралы ??ымды сипатта?ыз

Жаңа сауаттана бастаған баланың сауат ашу барысындағы ерекшелігін сипаттаңыз.

Сауат ашу жұмысы оқушылардан оқуға, ой еңбегіне қажет белгілі бір қабілет, бейімділікті талап етеді. Осыған орай, алты жастан бастап оқитындардың өзіндік ерекшіліктері бар. Олар мынадай: 1) 1-сынып тұтасымен сауат ашуға беріледі; 2) Сабақ уақыты 35-минут болады; 3) Сабақ үстінді әрбір 10-15 минут сайын қимылды ойын түрінді сергіту минуттары өткізіліп тұрады; 4) Оқушылардың үлгеріміне баға қойылмайды; баланың оқуға деген ынтасы мадақтау, мақтау, көңілдендіру сияқты әдіс-тәсілдер арқылы арттырылады; 5) Үйге тапсырма берілмейді; алайда сабақтан тыс уақытта тәрбиеші-мұғалімнің көмегімен сурет салу, графикалық ойындар өткізу, қима әріпті кубиктерден сөзқұрату тәрізді сызу жұмыстарына жаттықтыру арқылы оқушылардың қолын жазуға дағдыландыруға арнайы көңіл бөлінеді; 6) Апта ортасында бір күн жеңілдітілген сабақтарға арналады; 7) Ақпан айында бір апталық қосымша каникул беріледі; 8) Мектепке алты жастан бастап оқитын балаларға балабақшадағы негізгі жағдайлар жасалады; белгіленген күн режимі бойынша, сабақтан тыс уақытта, алты жастағыдалмен жұмысты тәрбиеші жүргізеді; асханада ыстық тағамдар даярланады; ойнайтын және демалатын бөлмелері болады; сынып алты жастағы балаларға арналған арнайы жиһаздармен, ойыншықтармен, т.б. оқу-дидактикалық материалдармен жабдықталады. Осы процесс, сыртқы әрекеттің адамның бойына сіңуі, ішкі психикалыққа айналуы – интериоризация деп аталады, яғни сыртқы заттық әрекеттің ақыл-ойға санаға өтуі. Мұндай процесті оқытуда баланың ақыл-ой әрекетін қалыптастыру саласында психолог П.Я.Гальперин және оның шәкірттері зерттеді. Бұл зерттеулер бойынша баланың ақыл- ой әрекетін қалыптаструға болатыны дәлелденді. Мұнда дағды мен біліктіліктің қалыптасу ұзақтығы да, оның нәтижесіде (беріктігі, саналылығы, жинақтылығы т.б.) ақыл- ой әрекетін қалыптастыру процесін ұйымдастыруға байланысты екені көрсетіледі. Ендеше мұнда да басты жауапкершілік мұғалімге жүктеледі. Ал осы ақыл-ой әрекетін ұйымдастыруға қандай талаптар қойылады? Олардың негізгілерін атап өтелік: 1) ақыл-ой әрекетін бағыттаудың толық болуы: яғни, қандай да болмасын дағдыны қалыптастырудың өзі балаларға бағыт беру, түсіндіруден басталады. Оқушы осы бағытпен өздігінен орындауға кіріседі; 2) әрекеттің материалдық түрде қалыптасу кезеңі. Оқушы көргенін орындайды, бірақ бұл әлі сыртқы, материалдық формада (мысалы, оқушының таяқша салуға кірісуі:басын қисайтып, иығын бүкірейтіп, бүкіл денесін бір жағына қисайтып, шынтағын көтеріп, саусақтарының барлығын бүгіп, бар күшін жұмсауы); 3) әрекеттің сыртқы сөйлеу ретінде көрінуі (балалар дауыстап сөйлеп отырады). Бұл кезеңде күрделі әрекеттер бөліп-бөліп орындалады (мысалы, сауат ашу барысында бір әріпті жазуға үйрену үшін бірнеше элементтерді бөліп-бөліп жазып жаттығады); 4) әрекетті ішінен сөйлеп отырып орындайды. Яғни, дағды мен шеберлікке саналы үйренеді, әрбір қимылды не үшін, не мақсатпен орындайтынын біледі. Бұл сатыда бірқатар артық қимыл-қозғалыстар жойылып, жинақталады; 5) дағды мен біліктіліктің толық қалыптасып бітуі оны басқа ситуацияларда өздіктерінен қолдана алуларынан көрінеді. Сауат ашу кезеңінде мұғалімдер балаларды оқу-жазу әрекетіне үйретуде осы көрсетілген «сатылы қалыптастыру» жүйесін сақтауға тиіс. Сауат ашу арқылы баланың танымдық белсенділігі, интелекті баийды.ол үшін сауат ашудың негізгі мақсаты - оқу дағдысының негізін қалау, фонетикалық есту қабілетін дамыту, дыбыстарды ажырата білу, әріптің баспа түрін таңбалап жазу, әріптерді таныту, буын, сөз, сөйлемді оқытуға үйрету, сауатты жазу дағдылырын қалыптастыру өздігінен оқуға, жазуға дағдыландыру, кітап оқуға қызығушылығын арттыру, ауызша сөйлеуге үйрету жүзеге асырылады. Осы мақсатты шешу үшін, сауат ашуда төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру керек: - оқушылардың жас ерекшелігін ескеру; - оқыту принциптерін басшылыққа алу; - сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшеліктерін меңгерту, яғни сөздегі дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету; - буындап оқыту әдісі арқылы, сөзді тұтастай оқуға дағдыландыру; - дыбысты әріптермен дұрыс таңбалауға, жазуға, сөз ішіндегі олардың байланысу тәсілдерін сақтап, сөздерді тұтас жазуға үйрету; - жазудың талаптарын орындату; - балалардың сөйлеу тілін, байланыстырып сөйлеуін дамыту. Алты жастағылырды оқытудың тиімді амалдарын саналы меңгеру үшін мұғалім төменде келтірілген негізгі жағдайларды білуі тиіс: 1. Дыбыстық талдау сөзден жеке дыбыстарды бөліп алып және оларды атап берумен шектелмейді. Ол сөздердегі дыбыстардың бірізділігін, дыбыстық құрылымын сақтап, сол қалпында қабылдап және қайтадан еске түсіру шеберлігінен айқындалады. Балалар ана тілінің дыбыстық құрылымының, әр дыбысының маңызын түсінуі керек (жуан, жіңішке дауыссыз дыбыстардың дыбысталу нұсқалары). 2. Сөздің дыбыстық құрылымын талдауды білу. Ашық буындағы дауыссыз дыбыстың дыбысталуы одан кейін тұрған дауысты дыбысқа байланысты тәуелді екенін түсінуі, балалардың буындап оқудың тез және нақтылы игеруіне негіз болады. 3. Оқу мен жазуға үйретудің элементтері қатар жүреді. Оқу мен жазудыңнегізі – ана тілінің дыбыстық құрылымын түсінуі өте маңызды. Бағдарлама талабына сәйкес балаларды жазудың графикалық дағдысы (әріптерді дұрыс жазу және олардың байланысы) және қарапайым орфографиялық дағды (сөздің дыбыстық және әріптік құрылымын дұрыс жазу) қалаыптасуы қажет. Жазу бірнеше бөліктерден құралады. Жазатын сөздерге талдау жасай білу, дыбыстардың реттілігін сақтау, дыбыстарды сәйкес әріптермен белгілеу, бейнелеу. Басқа кезеңде бұл бөліктер арнайы қайталанады. Жазу сабағы дыбыстық талдаусыз өтпейді. Сауат ашу кезеңінде жазудың негізі мен сауатты жазудың негізі қаланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет