Әдістемелік баяндама Информатика пәнінде ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану


Жаңа ақпараттық - коммуникативтік технология



бет5/10
Дата07.01.2023
өлшемі49,19 Kb.
#60604
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
метод доклад Информатика пәнінде ақпараттық технологияларды пайдалану

Жаңа ақпараттық - коммуникативтік технология
Ақпараттық – коммуникативтік технологияның бағыттары мен міндеттері
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық - коммуникативтік технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Келешек қоғамның бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегенiмiз - бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесi. Бұл процестi icкe асырудан негiзгi құрал компьютeр болып табылады. Компьютер - бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретiн зор құрал. Бiрақ әлі күнге дейін бiз осы зор құралдың шексiз мүмкiндiктерiнің оннан бiрiн де пайдалана алмай отырмыз. Себеп не? Басты себеп – мұғалімнің ақпараттық коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiнің қалыптаспауында немесе төмендiгiнде.
Ақпараттық мәдениет дегенiмiз - адамға ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына қатыcyғa және ол кeңicтіктe epкін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара ic-әрекетке түсуге мүмкiндiк беретiн бiлiм деңгейi. Э.Л.Семенюктiң пiкiрi бойынша «ақпараттық мәдениет - адамның, қоғамның немесе оның бiр бөлiгiнiң ақпаттармен жұмыс iстеудiң барлық түрлерi - ақпараттарды алу, өңдеу, жинақау және осының негiзiнде сапалы жаңа aқпаратты құру және практикалық қолдану бойынша жетiлу деңгейi».
Ақпараттық – коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде мұғалім алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады:

  • Өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру, әдістемелік пәндік Web –сайттар ашу;

  • Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану;

  • Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасау. (мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар).

  • Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету.

Іс тәжірибемде ақпараттық технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс-шараларды қолданудың маңызы зор екенін байқадым.

  • Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану.

  • Оқытудың жаңа әдістері мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық іс-әрекетін компьютерлік ойындар және т.б.) сабақта жиі қолдану.

  • Проблемалық зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдістерін қолдану арқылы классикалық әдістерді жетілдіру.

  • Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық – техникалық базасын жетілдіру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет