Фотосуреттерді біріктіру арқылы фотоколлаж жасауды үйренеді.
Сабақтың барысы:
Сабақтыңкезеңі/уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
(Ұ)
Ұйымдастыру кезеңі:
1-7 мин.
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
І. Қызығушылықты ояту: «Айна» ойыны
Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады (немесе партада отырса даболады). Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды: оңды сол қылады, солды оң жасайды. Бір минуттан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады. /Бұл ойын оқушыларға психологиялықжағымды ахуал орнатады/.
Топтастыру:
Топтастыру
«Төрттік» әдіс
Сыныптағы оқушыларға «әке», «ана», «бала», «дос» деген жазулары бар парақшалар таратылады, сол аттары бойынша 4 топқа бірігеді. Сонымен қатар әке, ана, бала, дос туралы әннің біршумағын ғана орындату арқылы сергіту жаттығуын жасайды.
Мақсаты: Белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.
Тиімділігі: Топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.Саралау:Оқытудың қажеттілігінеқарай топ құруда саралаудың «Жіктеу»тәсілі қолданылады.