9. Оқу пәнінің негізгі мазмұны 5 бөлімнен тұрады. Олар:
Компьютер;
Интернет желісінде жұмыс істеу;
Ақпаратты ұсыну және өңдеу;
Есептей білу;
Роботтехника.
10. «Компьютер» бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:
1) компьютердің құрылғылары;2) программалық қамтамасызету;
3) қауіпсіздік.
11. «Интернет желісінде жұмыс істеу» бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:
ақпаратты іздеу;
ақпаратпен алмасу.
12. «Ақпаратты ұсыну мен өңдеу» бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:
мәтіндер;
мультимедиа.
13. «Есептей білу» бөлімі төмендегі бөлімдерді қамтиды:
алгоритмдер;
программалау.
14. «Роботтехника» бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:
жалпы Роботтехника;
роботтың қозғалысы;
датчиктер мен қозғалтқыштар.
Достарыңызбен бөлісу: |