ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін) Мәтінмен жұмыс істеу. «ДЖИГСО» әдісі «ДЖИГСО» әдісімен жұмыс істеу ақпарат алу мен пысықтауға, ойлауға ықпал етеді. Оқытудың осы ұжымдық әдісін жүзеге асырудың мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, кейін ұжымда талқылау, үйрену мен үйрету. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады. Бұл тәсіл мазмұнды жан-жақты меңгеру, оқығанды есте сақтауға ұмтылу, жауапкершілік дағдысына баулу мақсаттарында аса тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды.
Сабақтың ортасы (26 мин)
Топтық жұмыс. «Бірлескен жұмыс дағдысын қалыптастыру» әдісі. Сыныптастарды бағалау оқушылардан бірлесе жұмыс істей білуді талап етеді. Әрине, ОҮБның өзі бірлескен жұмысты білдіреді, сондықтан бірлескен жұмыс дағдысын айқын және анық қалыптастыру қажет. Ол үшін топпен бірлесе оқулықтағы тапсырманы орындайды.
Қалыптастырушы бағалау Топтағы оқушылар бір-бірін «Мадақтау сөздері» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!,Керемет!, Жақсы!, Талпын! Саралау Бұл тапсырмада саралаудың
«Тапсырма» тәсіліқолданылады. Оқушылардың ойлау дағдыларын, жинақтау деңгейін дамыту мақсатында деңгейлік тапсырма беруді және қолдауды қажет ететін оқушыларға бағыттаушы, жетелеуші сұрақтар қоюды жоспарладым. Оқушылардың материалды жеңіл меңгеруі үшін, тапсырманы Адеңгейінен С деңгейіне дейін күрделендіремін. Бұл тапсырма А деңгейіне жатады.