Қалыптастырушы бағалау Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды.
Жасыл түс – «Жарайсың!» Сары түс – «Жақсы!» Қызыл түс – «Талпын!»
Интерактивті
тақта
Оқулық
Жұмыс
дәптерлері
ойларын айтып, жауап береді.
не үшін тиімді саналады?
Жаңа сабаққа дайындық.
Алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру үшін жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау. Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтып, ешқандай сынға ұшырамауы тиіс, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін, мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.
Сабақтың ортасы ( 26 мин)
ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін) Оқулықпен жұмыс істеу «Жауап беретін әріптес» әдісі Оқушылар алдымен мәтінді толық оқиды. Содан соң оқушылар әріптесті немесе топты өз жұмысына түсініктеме беруге немесе талқылауға шақырады. Бұл үдеріс тиімді жүруі үшін, оқушылар оқу мақсаты мен табыс критерийлерін білуі қажет. Олар сонымен бірге жауап беретін әріптестің рөлін бағалауы – оқу мақсаттарына сәйкес құрылымды және жағымды кері байланыс ұсынуы тиіс. Оқушыларға жұмысты орындап жатқан адамға қоятын сұрақтар тізімі берілуі мүмкін. /Бұл әдіс оқушылардың жаңа сабақтың ақпаратымен танысуға, бір-бірімен талқылауға, бір-біріне сұрақ қоюға тиімді болып келеді./