Оқулықпен жұмыс ерекшеліктері 3-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық»оқулығы жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде оқушылардың жаңа білім мен тәжірибені белсенді оқу іс-әрекеті арқылы игеруін, алған білімін күнделікті өмірде, тәжірибеде, басқа пәндерде тиімді қолдану дағдысын дамытуды көздейді.
Оқулық құрылымындағы танымдық әрекет түрлері:
Әрбіртақырып бойынша оқу мақсаттары оқушыларға түсінікті тілде беріледі;
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту үшін «миға шабуыл» сұрақтары қойылған;
«Ойлан» айдарымен берілгентақырыпқа қатысты сұрақтар жаңа білім мен тәжірибені бекітуге, тәжірибелік дағдыны дамытуға арналады;
Бөлім аяқталғанда білім мен дағдыны пысықтауға, тексеруге арналған шығармашылық-практикалық тапсырмалар беріледі.
Әдістемелікнұсқаудаберілген әрбір тақырып барлық оқушының оқу мақсатына жетуге ықпал ететін қарапайым сұрақ, тапсырмалар жүйелі түрде күрделеніп отырады. Тапсырмалар реті бірізділікпен орындалса, оқу мақсатына жету табысты жүзеге асады.
Оқушының белсенді оқу әрекетіне арналған тапсырмалар (жеке, топта, жұпта орындалатын) сыныптағы барлық оқушылардың мүмкіндігі мен қажеттілігінескеріп құрастырылды. Сонымен қатар зерттеу және шығармашылыққа арналған күрделі тапсырмаларды саралау мақсатындақолданып, кейбір оқушылардың сұранысын, ерекшелігін ескере алады.
Ескерту: Интернетке қосылу қиынболған жағдайда электрондық оқулық пайдалануы тиіс немесе мұғалім алдын ала қажетті суреттерді жұмыс компьютерлеріне жүктеп алуы қажет.
Сабақ барысындағы тапсырма түрлерінің берілуі: