Оқушыларды сергітіп алу үшін бәрін бір-бірінің белінен ұстатып тұрғызады. 1-оқушы «Айдаһардың басы», соңындағы оқушы «Құйрығы». Басы құйрықты ұстап алуы керек. /Бұл ойынды ойнату арқылы сыныпта психологиялық жағымды көңіл күй орнығады.
Оқушылардың сабаққа көтеріңкі көңіл күймен белсене қатысуына септігін тигізеді/.
Топтастыру:
Топтастыру: «Есімдер арқылы топтастыру» www.classtools.net – «жеміс-жидек мәшинесі» бағдарламасы, мұнда сізде есімдерді
енгізуге, оларды сақтауға және оқушыларды кездейсоқ тәртіпте таңдауға мүмкіндік болады.
Сандарды допқа, оқушылардың саны немесе сыныптағы отыратын орнының нөмірі жазылған санауыштарда жазыңыз. Әр сыныпта қолданыңыз.
Мақсаты: Белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан, оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.
Тиімділігі: Топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста - ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады. Саралау:Оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу» тәсілі