(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.
|
Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді.
Оқушылар ұжымдық үлгіде
білгендері
бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.
|
Күнделікті тұрмыста адамның көмекшісіне айналған қандай роботтарды атай аласың? (1-сурет)
Адам мен роботтың үй шаруасын атқарудағы айырмашылығы қандай? Ойыңды ортаға сал.
Роботтың «қолы» қалай жиналады?
Есіңе түсір.
|
Қалыптастырушы бағалау
Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен сұраққа жауап беру деңгейіне қарай «Отшашу» әдісі арқылы бағалайды.
|
Жаңа сабаққа дайындық.
|
Мақсаты: Алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру үшін, жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау.
Тиімділігі: Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерін еркін айтып, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.
|