Әдістемелік нұсқаулар пму ұс н



Pdf көрінісі
бет6/14
Дата28.02.2022
өлшемі133,32 Kb.
#26681
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
№1 лабораториялық  жұмыс

Периодтық жүйесіндегі элементтер және олардың

қосылыстарындағы қасиеттерінің өзгеруі

Жұмыстын   мақсаты:  элементтер   және   олардың   оксидтері   мен

гидроксидтерінің период пен топ бойынша өзгеруін оқып  уйрену.



Теориялық мәлімет

Орыстың ұлы ғалымы Д.И.Менделеев (1834-1907) ашқан периодтық заң

химияның  негізгі  заңдарының біріне  жатады.    1871 жылы Д.И  Менделеев

периодтық заңның анықтамасын берді:



Элементтердің,   олардың   жай   және   күрделі   қосылыстарының,

қасиеттері атомдық массаға периодты тәуелділікте болады.

Табиғат құбылыстарын көрсететін заңдардың әр түрлі теңдеулер түрінде

математикалық   өрнегі   болады.   Д.И   Менделеевтің   периодтық   заңының

математикалық өрнегі-периодтық жүйе.

Периодтық   жүйе   әр   бір   элементті   жеке   қараумен   бірге   барлық

элементтердің арасындағы терең ішкі байланыстарын көрсетеді. Период екі

түрге   бөлінеді:   қысқа   және   ұзын   период.   Периодтық   жүйедегі   элементтің

реттік номері  оның ядросындағы оң зарядтардың және оны айналып жүретін

электрондардың санын көрсетеді. 

Период   деп   сілтілік   металмен   басталып   инертті   газбен   аяқталатын

элементтердің   тобын  айтады.   Периодтың  нөмері  осы  периодта  орналасқан

элементтер   атомдарының   қалыпты   (қозбаған   күйдегі)   электрондары

орналасатын қабаттардың санын көрсетеді. 

Әрбір   периодта   солдан   оңға   қарай   элементтердің   реттік   нөмерлерінің

өсуіне байланысты олардың металдық қасиеттері артады. Оның себебі атом

құрлысы тұрғысынан қарағанда бір периодтағы элементтердің электрондық

қабаттарының саны өзгермейді, ал ядро зарядтарының саны біртіндеп арта

береді   де   сыртқы   валенттік   электрондарының   ядроға   тартылуы   күшееді.

Осының   нәтежесінде   элементтердің   радиустары   кішірейіп   электрон   беру

қасиеті азаяды, яғни металдық қасиеттері кемиді де бейметалдық қасиеттері

артады.     Мысалы: 3-ші периодтың элементтері натрий атомының радиусы

0,180   нм,   ал   хлор   атомының   радиусы   0,073   нм.   Сондықтан   атомының

радиусы үлкен натрий күшті металл, ал радиусы кіші хлор күшті бейметалл. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет