Әдістемелік нұсқаулардың


Тақырып - Тұрақты токтың сызықты электр тізбектері



бет3/4
Дата26.12.2023
өлшемі80 Kb.
#143591
түріНұсқаулар
1   2   3   4
2 Тақырып - Тұрақты токтың сызықты электр тізбектері
Тұрақты токты қолдану облысы. Электр тізбегінің құрылымы. Электр тізбегінің элементтері. Стандарттық графикалық белгілеулер. Қосылыстар түрлері. ЭҚК, токтар мен кернеулердің шартты оң бағыттары.
ЭҚК-нің бір көзі бар тұрақты ток тізбегінің электрлік күйін талдау. Ом заңы. Энергетикалық баланс. Кирхкоф заңдары. Потенциал диаграмманы салу. Қабылдағыштары тізбекті, параллель және аралас жалғанған тізбектер. ЭҚК-нің бірнеше көздері бар тұрақты ток тізбегінің электрлік күйін талдау.
Кирхгоф заңдары. Электр тізбегін есептеу үшін оларды тікелей қолдану. Контурлық токтар әдісі. Екі торап әдісі. [3], 23 бет.


3 Тақырып - Бір фазалы синусоидалы токтың электр тізбектері
Синусоидалы ЭҚК, кернеулер, токтар. Синусоидалы ЭҚК генерациялау. Синусоидалы шамалардың негізгі параметрлері. Синусоидалы ЭҚК, кернеулердің, токтардың қолданылып жүрген мәндері.
Синусоидалы токтың электр тізбегінің элементтері: резистивтік элемент, идеал индуктивті орауыш, идеал конденсатор, нақты индуктивті орауыш.
Резисторды, индуктивтілік пен сыйымдылықты тізбекті қосу.
Қабылдағыштары параллель қосылған синусоидалы токтың электр тізбектері. Кешенді түрдегі Ом және Кирхгоф заңдары. [3], 143 бет.


4 Тақырып - Айнымалы токтың үш фазалы тізбектері
Негізгі ұғымдар. Эқк үш фазалы симметриялы жүйесін алу. ЭҚК үш фазалы симметриялы жүйесін бейнелеу тәсілдері. Қоректендірудің үш фазалы көзінің фазаларын қосу тәсілдері. Шартты оң бағыттар және фазалық және сызықтық кернеулердің шамалары. [2], 178 бет.


5 Тақырып - Синусоидалы емес токтың электр тізбектері
Электр тізбектерінде периодты синусоидалы емес токтардың пайда болу себептері. Синусоидалы емес ЭҚК, кернеулер мен токтар. Периодты синусоидлалы емес функциялардың гармониялық құраушыларға ыдырауы. Периодты синусоидалы емес ЭҚК, кернеулер мен токтардың максимум, қолданылып жүрген және орташа мәндері. Амплитудалы-жиіліктік спектрлер. Синусоидалы емес тізбектің қуаты. [1], 193 бет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет