Өзара бағалау. «Бас бармақ әдісі» арқылы
2-тапсырма Топтық жұмыс
1-топ Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңыз.
Жылқының 4 аяғына мәтіндегі негізгі тірек сөздерді жазады.
Ықтимал жауап: қария, қазына, әке, бала.
Жылқының басына мәтіндегі маңызды ақпартты қысқаша жазады.
Ықтимал жауап: Оның саған қалдырған мол мұрасы – қасиетті тіл.
Жылқының ішкі құрылысына мәтіндегі қосымша ақпаратты жазады.
Ықтимал жауап: Бәріміз сөздің дәмін келтіріп, қалай сөйлеуді сенің әкеңнен үйренген едік.
Жылқының құйрығына мәтін бойынша қорытынды жазады.
Ықтимал жауап: Дүниеде тілден қымбат, мәңгілік мұра болмақ па, сірә! – деп аталы сөздің жұмбағын шешіп беріпті.
2-топ Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңыз.
Орындалу барысы: басы – тақырыбы, үстіңгі сүйектері – тақырып бойынша басты мәселе, астыңғы сүйектері - себептері, факт, құйрығы - мәселенің шешімі. Қаңқадағы жазулар қысқа болу керек.
Ықтимал жауап: Балықтың басы – әке өсиеті, үстіңгі сүйектері – қазына, мол мұра, астыңғы сүйектері - ақиқат,құйрығы - сөздің дәмін келтіретін тілдің қымбаттығы.
3-топ Өз ойыңызды «ПОПС» формуласы бойынша білдіріңіз.
«ПОПС» формуласы
1. Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »
2. Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »
3. Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »
4. Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ...»