Дәріс 3 Өндірістік ортанын метеорологиялық жағдайлары. Табиғи негативтік факторлардың қайнарлары
20 ғасыр орта шеңінде, күннің белсенділігінен бір қатар құбылыстар органикалық жиһанның тәуелді екендігін дәлелдейтін айғақтар жиналды. Осының салдарынан өсімдіктердің өсіп, өнуіне, жануарлардың көбеюі мен балықтардың уылдырық шашуына және адамзаттың жұқпалы ауру тарату мәселесі кеңейе түседі.
Жер бетіндегі тіршілікке күннің радиациясы қатты әсер етеді. Күннің айналуынан белсенді облыстары біресе пайда болып, біресе жоқ болып кетуінен жерортасында магниттік дауылдарды тудырады. Осы кезеңдерге жер бетіндегі магниттік дауылдардың басым көптілігі тәуелді. Ең максималды дауылдардың саны наурыз-сәуір және қыркүцек-қазан айларында байқалады.
Магнит деп уақытында жүрек тамыры және жүйке психикасының аурулары қозады, көліктердің апаты 30 пайызға және эпидемияның өсуі көбейеді.
Магниттік өрістің өзгеріп отыруынан, сымдар жүйесінде қосымша тоқ көзі пайда болады. М-д кезінде артылған тоқтар энергожүйесі мен кабельді линиялардағы көрсеткішті деңгейінен жоғарлағанын көрсетеді.
Ауа райының өзгеруі атмосферадағы қысымның, температураның және ылғалдықтың өзгеруімен қоса жүреді. Климаттың қалыптасуында желдер басты рөл атқарады. Атмосферадағы ауа қабатының біріне-бірі қосыла келген құйынды мінезді жел тудырады. ҚР Казгидромет халықты алдын ала хабарлап отыратын кездері:
Дауыл (жылдамдығы 32 м/с), теңіз дауылы (қатты жел, теңіздегі толқындардың жылдамдығы 20 с/м асса), боран (жылдам, әрі тез, қысқа уақытты желдің қатаюы 20-30 м/с дейін), қатты жел (14 м/с жоғары), құйын (желдің айналу жылдамдығы 100 м/с), қара құйын (қатты құйын диаметрі 1000 м., жылдамдығы 100 м/с-тан жоғары), жаңбырдың ұзақтығы (үзбей, күнсайын), қатты қар бораны (жауын-шашын мөлшері 20 мм.), қатты дауыл (ұзақтығы 12 сағаттан жоғары, желдің жылдамдығы 15 м/с. жоғары), қатты мұзтайғақ (мұздың қабаты 20 мм. жоғары), бұршақ нөсер, найзағай, үсік (0, оң тәулік температурады), ауа температурасының күрт жоғарлауы мен төмендеуі (ауа температурасының 1-2 тәулік ішінде 10 С өзгерсе), тұман (көріністің нашарлауы 100м. 12 сағат ішінде), шаң-құрғақшылық, ыстық жел (ауа температурасы 25 С, ылғалдылық 30% төмен болса).
Метеорологиялык жағдайлардын адам ағзасына әсер етуі. Организмді термиялык реттеу. Химиялық заттардың улылығы. Метеорологиялык жағдайларды және оларды өндірісте қамтамасыз ету бойынша шараларды нормалау. Метеорологиялық жағдайлардың. параметр-лерін анықтау. Өндірістік жайларды желдету мен жылытудың жалпы принциптері
Достарыңызбен бөлісу: |