Анықтама. Алгоритм деп алдын ала анықталған мақсатқа жету үшін,
есептің шешімін табу үшін орындаушыға (адамға, компьютерге және т.б.) берілген
түсінікті нұсқаулардың тізбегін айтады.
Алгоритмдер жазу үшін уақыт кетіріп ерекше тіл үйренудің қажеті неде?
Алгоритмдерді қазақ тілінде-ақ жаза берсек болмас па екен? – деген сұрақ тууы
мүмкін. – Біздің ана тіліміз соншалықты бай, жан-жақты, тек алгоритмдер ғана
емес, одан басқа да кез келген нәрселерді суреттеп бере алады.
Әрине тілдің жан-жақтылығы, бір нәрсені алуан түрлі сөзбен жеткізе
алатындығы, керісінше, жалғыз ғана сөзбен неше түрлі сезім толқындарын
тудыратындығы адамдардың өзара қатынасы, көркем әдебиет, мәдениет және т.б.
үшін өте құнды.
Алайда, алгоритмдерге келгенде мәселе басқаша. Мәселе алгоритмдерді
орындаушылардың басым көпшілігі автоматтар екендігінде болып тұр. Дәлірек
айтқанда, жаңа нұсқауларды автоматтың негізгі командаларына сүйеніп, қатаң
ережелерді сақтай отырып құрастыруға болады.
Литерлік шама деп мәндері сөздері немесе мәтін болып келген шаманы
айтамыз.
Информатикада негізгі түсініктердің бірі – алгоритм. Информатикада өңдеу
ережесін Алгоритм деп қарастырады. «Алгоритм» деген сөздің шығуы
математикамен байланысты. Ол – көп разрядты бүтін сандар үшін
арифметикалық (қосу, алу, көбейту, бөлу) амалдардың орындалу ережелерін
алғаш құрастырған адам. Мысалы, көп разрядты екі бүтін санды қосу үшін
мынадай ережені орындау керек:
1. Екі көпзарядты бүтін сандарының мәндерін анықтау;
2. Берілген екі санды бірінің астына бірін разрядтарын сәйкестендіріп жазу;
3. Егер осы сандардың біреуінің үлкен разрядтары жетіспесе, оны нөлдермен
толтыру;
4. Ең кіші разрядта қосу амалын орындау және келесі разрядты қарастыруға
көшу. Бұл жағдайда, келесі үлкен разрядқа өтетін бірлік пайда болса, онда
еске сақтап қою керек.
5. Барлық разрядтар біткенше оңнан солға жылжи қарастырып есте сақталған
бірлікті ескеріп және пайда болған жаңа үлкен разрядқа өтетін бірлікті
қайтадан еске сақтай отырып әрбір разрядқа қосу амалын орындау;
6. Нәтиже ретінде барлық разрядтарда қосу амалы орындалғаннан кейін,
шыққан санды аламыз және есте сақталған бірілік болса, онда оның
нәтиженің ең үлкен разрядының мәні ретінде есептейміз.
Бұл жазылған ережемен екі көпразрядты бүтін санды қосу үшін
орындаушының қазақ тілін білуі (себебі, ереже қазақ тілінде жазылып тұр) және
бір разрядты сандарды қосатын қабілеті болуы қажет.
Екі көпразрядты бүтін сандарды қосу мысалы 1 – кестеде көрсетілген.
7
Кесте 1 Екі санның қосындысын ереже бойынша табу