Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы


Ұсынылатын әдебиет: [1], [22], [23],[37], [46], [59]



бет14/26
Дата10.06.2023
өлшемі314 Kb.
#100342
түріНұсқаулар
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26
Ұсынылатын әдебиет: [1], [22], [23],[37], [46], [59]


11-тақырып. Ғабит Мүсірепов (1902-1985)
Өмірінен мәлімет.Білім алған мектептері. Жазушылық жолы.Қоғамдық-саяси өмірге араласуы. Әдебиетке үлкен дайындықпен келуі. «Едіге» (1925) әңгімесінен басталған сәтті қадам «Тулаған толқында»(1928) повесімен жалғасып, «Қос шалқар», «Талпақ танау», «Көк үйдегі көршілер», «Шұғыла», «Адамның анасы», «Ананың арашасы», «Жеңілген Есрафиль» т.б. әңгімелерімен қоғамдық өмір қатпарларын бейнелеп бергені. Жазушыға Л.Толстой, Дж.Лондон, Чехов,Гоголь, горький, Короленколардың тигізген ықпалы.
1938-1955жж. Жазылған «Ер ана», «Ана кесімі айнымайды», «Ақлима» новеллаларында соғыс салған тақсіретті көтерген қажырлы аналардың бейнесінің жасалуы. 1956-1977 жылдары жазылған «өмір жорығы», «тимка-Димка», «Сөз жоқ, соның іздері», «Қасқырды атқан қайсысы», «Автобиографиялық әңгіме», «Қыран жыры», «Ұлпан стансасы», «боранды түнде», «қарлы жаңбыр астында», т.б. әңгімелерінде уақыттың әлеуметтік-көркемдік талабын арқалаған замандастарымыздың кесек тұлғасын жасаумен қатар, қызыл империяның тоталитарлық саясатын әшкерелейді. 1977-1983 жылдары жазылған «Жапон балладалары» циклына енген «Арқаның әңгімесі», «Көздің әңгімесі», «Тастың әңгімесі» туындыларында әлеуметтік-философиялық сарын, мифологиялық мағына терең жататыны. Ғылымның ұлы жетістіктерін адам игілігінен басқа агрессиялық әрекеттерге пайдалануға қарсы күрес ашуға үндейтіні. «Ана жыры», «Өмір жорығы», «Қыран жыры» новеллаларындағы символдық, әлеуметтік-философиялық мағына.
«Қазақ батыры» (1945) повесіннен «Қазақ солдаты» романына (1956) айналған туындыда майдан шындығы суреттеліп, Қайрош пен оның бала күнгі достары Бораш, Шеген, Ақбота, т.б. бейнелерінің жасалуы. Романдағы Қайрош Сарталиевтің майдандас серіктері Сәмед Абдоллаев, Василий Гришин, Мирошник, Семен Зонин, Володя Толстов, т.б. солдат, офицерлердің елі үшін, жері үшін ерлік көрсеткен, ұлттық асыл қасиеттерді бойларына жинақтаған , өзіндік мінез ерекшеліктері бар, Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм, гуманизм, мызғымас достық тұғырына шыққан жандар дәрежесінде суреттелетіні. Жазушының майдан шындығына социалистік реализм әдісіне тән үстірттікке, кейіпкер тіліне байланысты олқылықтарға орын беріп алғандығы.
«Оянған өлке» (1952), «Жат қолында» (1984) дилогиясы. Онда ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазан төңкерісіне дейінгі қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалы, тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық жағдайы кең қамтылып суреттелетіні. Романда дала шонжарлары Игілік пен Жұман, орыс алпауыттары Рязанов пен Ушаков, шетелдік компаниялардың иелері Клод Карно, нельсон Филь, фон Штейн, және олардың сойылын соққан малайлары Акула, Зубов, Сикорский, Бернер, Некрасов образдары. Осы алпауыттар әулетімен күрес үстінде шыңдалып, биік азаматтық тұлғаларымен көрінетін Сүгірәлі, Бұланбай, Байжан, Байшегір, Байжан, Байшегір, Жабай, Кенжеғара, Нартай, Әлішер, Андрей- Елизавета Быковтар, Михайло Неволя, Шило қарт, Зуев, т.б. шыққан табының мүддесінен гөрі халық мүддесін жоғары қоятыны. «Жат қолында» романының табысы саналатын Кенжеғараны Ғабит «атаның баласы емес, адамның баласы», халқының көш бастар перзенті дәрежесіне жеткізе бейнелей алғандығы.
Дилогиядағы Назыкеш, Наркөз, Көпей, Күлше, Айғанша, Күнзила секілді әйелдер мен Кенжеғараның тәрбиесін алғанг Күлбәден, Қарлығаш, Анар тәрізді образдары.
«Кездеспей кеткен бір бейне» (1967) поэмасының өнер адамын, өнерге деген көзқарасты лирико- философиялық тұрғыда бейнелеген повесть екендігі. Еркебұлан образы. Еркебұлан мен Сәкен Сейфуллин бейнелерінің үндестігі. Поэмада Ақлима, Ақбала, Қоянжырық, Қайсар, т.б. характерлердің жасалуы.
«Ұлпан» (1975) повесінің осы аттас романға (1981) айналуының көркемдік заңдылықтары. Шығарманың тарихи шындыққа негізделгені. Ұлпан бейнесінің қазақ әйелінің асыл қасиеттерін бойына жинақтаған типтік тұлғаға айналғаны. Ұлпан образынан өрістейтін адамгершілік сабақтары.
«Қыз Жібек» (1930) музыкалы драмасы.
«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» (1939) трагедиясы. Драматург фольклорлық эпосты идеялық шығармашылық екшеуден өткізіп, реалистік әдебиеттің биік үлгісімен қайта жазып шыққаны.
«Ақан Сері - Ақтоқты» (1945) трагедиясының психологиялық драма екендігі. Тар заманда торға түскен ақын Ақанның рухани келбеті, ашынған ойы мен ащы күйзелісін Ғ.Мүсіреповтің тебірене суреттегені. Хазірет Науан, азғын ақын Сердәлі, Жалмұқан төре, мүсәпір Қоңқай, Ақтоқты, Мәрзай, Дәмелілердің психологиялық драма талаптарына сай мүсінделетіні.
«Амангелді»(1950) тарихи - әлеуметтік драмасы. Онда дәуірдің әлеуметтік-саяси шындығы мен қайшылықтары реалистікпен бейнеленіп, қаһармандарының күрес үстінде шыңдалып, түлейтіні. Күрделі рухани жаңаруларды басынан кешірген адамдар тағдыры мен сан қилы тартысты оқиғалар өзінің табиғи заңдылығымен дамитыны. Жазушының ер мен ел парызы, озық ойлы орыс адамдарының қазақ халқына көрсеткен интернационалдық көмегін бейнелеп беруі. Пьесада Амангелді характерінің әр қырынан , әр әлеуметтік топ өкілімен қатысы арқылы ашылатыны.
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек» пьесалары негізінде киносценарийлер жазуы.
«Болашаққа аманат» драмасының басты кейіпкері қазақ халқының тәуелсіздігін аңсап, елді күреске көтерген Сырым Датов екендігі. Трагедиядағы тарихи тұлғаның көркем бейнеленуі.
Ғ.Мүсіреповтың қоғамдық – саяси келбетін, публицистік, зерттеушілік, сыншылдық қабілетін көрсеткен «Суреткер парызы», «Уақыт іздері», «Заман және әдебиет» атты еңбектері.
Ғ.Мүсіреповтың қазақ әдебиетіндегі орны. Шығармашылық мұрасының зерттелу жайы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет