4-тақырып. Ілияс Жансүгіров(1894-1938) І.Жансүгіровтің әдебиеттің әртүрлі жанрына қалам тартып, барлық талант қырларының жарқырап көрінуі. Әсіресе поэзия саласындағы жетістігі.
Өмірбаяны туралы қысқаша мәлімет.
Шығармашылық жолының басында әлеуметтік мәселені көтеруі. «Не күйде», «Ел шетінде», «Жау бетінде», «Арыным» өлеңдері.
Қазақ поэзиясында Абай дәстүрін ілгері дамытып, табиғат көріністерін «Күз», «Жазғытұрым», «Жазғы шілде» өлеңдерінд суреттеуі.
Өндіріс туралы «Алтын қазан», «Заводта», «Жаңа дала» жырларын шығаруы.
«Қазақстан», «Мәскеу», «Ресей жері» өлеңдері арқылы достыққа үндеуі. Күншығыс халқының саяси-әлеуметтік санасын суреттейтін «Гималай» өлеңінің қысқа лирикалық өлеңнің озық үлгісі екендігі.
Өнер тақырыбына арналған өлеңдері: «Ән», «Әншіге».
І.Жансүгіровтің қазақ әдебиетінде поэма жанрының дамуына үлес қосып, «Байкал», «Рүстем қырғыны», «Жаңа туған», «Кәмпеске», «Дала», «Күй», «Күйші», «Құлагер» туындыларын жазуы.
«Күй»(1929), «Күйші» (1935) поэмаларында күй құдыретін, өнердің эстетикалық мәнін, сыры мен сипатын шабытпен өрнектеуі. Қобызшы Молықбай образы. Күйші үйсін жігіті мен Қарашаш бейнелері.
«Құлагер» поэмасында Ақан сері образын сомдауы.
Проза жанрындағы алғашқы қадамдары. «Құқ» атты фельетондар жинағы.
«Жолдастар» романы (1935).Онда төңкеріс қарсаңындағы қазақ кедейлерінің аянышты өмірі. Сатан, Мардан, Шалматай, Нәзипалардың кесек образ дәрежесіне жетпей қалуы. Сюжет құрудағы кемшіліктер.
«Кек»(1931), «Түрксиб»(1934), «Исатай-Махамбет»(1936) пьесалары. Махамбет бейнесін поэзия тілімен драмалық образ дәрежесіне көтерудегі шеберлігі. Исатай бейнесі.
Аудармалары. Пушкиннің «Гаврилиада», «Евгений Онегин» шығармаларын аударуы.
Ұсынылатын әдебиет: [1], [2], [22],[25], [61]
5-тақырып. Жамбыл Жабаев(1846-1945) Өмірбаяны туралы қысқаша мәлімет.
Қазақтың халық поэзиясындағы дәстүрлерді дамытудағы Жамбылдың орны. Қазан төңкерісінен кейіңн Жамбыл шығармашылығының қайта гүлденуі. Соған байланысты «Менің өмірім», «Менің бақытым» дастандары.
Жамбылдың жас кезінде қайым айтысқа түсіп, өнерін шыңдауы. «Кәмшат қызға», « Жаныс ақынға» және Айкүміспен, Бөлектің қызымен сөз қағыстырулары.
Жамбылдың Құлмамбетпен (1881), Сарыбаспен (1895),Досмағанбетпен (1904), Шашубаймен (1909) айтыстары.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің «Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды» өлеңдерінде көрінісі.
Жамбыл шығармашылығындағы қайта өрлеу. Ақынның 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысуы. Мәскеу сапарының әсерімен жазылған «Ленин мавзолейінде», «Туған еліме», «Халықтар сәлемі», т.б. өлеңдерінде халықтар арасындағы достықты жырлауы.
1938 жылы тойланған Жамбылдың 75 жылдық мерейтойы. Осы ұлан-асыр тойдың тұсында ақынның өткен өмірі мен қазіргі қуанышын салыстыра отырып «Тағы да бітті жаңа күн», «Қайта келген жастық», «Мәстек пен тұлпар», т.б. өлеңдерін шығаруы.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Жамбылдың «Ата жаумен айқастық», «Ленинградтық өрендерім» , «Отан әмірі», «Алынбас қамал», «Балама хат» өлеңдерін шығаруы.
«Өтеген батыр» дастаны. Тақырыбы мен идеясы. Өтеген батырдың малға өріс, халыққа жаңа қоныс, бақытты өмір іздеуінің қоғамдық мәні.Дастандағы ауыз әдебиетіне тән мифтік көріністер мен сюжеттер. Поэманың көркемдік ерекшеліктері.
«Сұраншы батыр» поэмасы. Шығармадағы Сұраншы Хакімбеков бейнесінің ХІХ ғасырдағы тарихи шындықпен тонның ішкі бауындай байланысып жатуы. Поэмадағы ел қорғау проблемасы мен халықтар достығының сипаты.Тарихи деректің көркемдік шындықпен жалғасып жатқандығы..