Ұсынылатын әдебиеттер: [8], [5], [15], [15], [13], [4], [12].
10-тақырып. Батырлар жыры.
Қазақ эпосының жанрлық классификациясы. Көне эпос, батырлық эпос, лиро-эпос, тарихи жырлар. Жиналу мен зерттелу тарихы. Эпос және тарих.
Батырлар эпос. Жанрлық белгілері. Жиналу, жариялану, зерттелу тарихы. Шығу мезгілдері туралы. Ноғайлы заманымен Жоңғар хандығы шапқыншылығы кезіндегі оқиғалардың бейнеленуі. Историзм (тарихилық) мәселесі.
«Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», «Алпамыс батыр», «Ерсайын батыр», «Едіге батыр», «Ер Көкше», «Ер Қосай», «Шора батыр», «Қарабек батыр», «Төрехан» жырларының сюжеттері.
Образдар жүйесі: әйелдер образы. Кейіпкерлерді типтендіру мен идеализациялау мәселесі.
Мұрын жыраудың «Қырымның 40 батыры» жырының тарихи негіздері мен циклизация мәселесі. Жырдың зерттелуі.
Батырлар жырының құрылысы, көркемдік ерекшеліктері.
Ұсынылатын әдебиеттер: [11], [15], [13], [10], [3], [14], [12].
11-тақырып. Тарихи жырлар.
Тарихи жырлардың негізгі ерекшеліктеі. ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы тарихи жырлар: «Олжабай батыр», «Қабанбай батыр», «Бөгенбай батыр», «Өтеген батыр», «Абылай», «Арқалық батыр», «Бекет батыр», «Жанқожа батыр», «Сұраншы батыр», «Досан батыр».
Тарихи жырлардың жиналуы, жариялануы, зерттелуі. Тарихи жырлардың тарихқа қарым-қатынасы. Қазақ халқының ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы ұлт-азаттық күресін бейнелейтін өлең-жырлар мен аңыз-әңгімелер.
Ұсынылатын әдебиеттер: [12], [15], [13], [11], [4], [10].
12-тақырып. Лиро-эпостық жырлар.
Бір алуандас жырлардың шығуы халықтың тұрмыс-салтына және әдет-ғұрпына байланысты екендігі.
1. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры. Жырдың көп нұсқалық сипаты. Жырдың жиналуы, зерттелу. Қарабай образының жағымсыз бейнеде берілуі, Қозы мен Баянның трагедиясы. Қодардың қатігездігі мен жауыздығы. Жырдың стилі мен композициясы, зерттелуі.
2. «Қыз Жібек». Жырдың халықтық сипаты. Жырдағы семьялық салттар, көшпелі тұрмыстың көрінісі, махаббат, сүйіспеншілік мәселесі, трагедиялық тартыстар. 1887-1900 жылғы варианттарды салыстыру. Жырдың көркемдік ерекшелігі, құрылысы, стилі, тілі.
3. «Айман-Шолпан». Жырдыңэтнографиялық сипаты. Үстем тап өкілдерінің өзара тартыстары. Жастардың бейнесі. Жырдың көркемдік ерекшелігі, құрылысы, стилі, тілі.
4. «Еңлік-Кебек». 1892 жылы «Дала уалаяты газетінде» жарияланған нұсқасы мен Қазақстан ғылым академиясының сирек қолжазбалар кітапханасында сақталған М.Құнанбаевтың қолжазбасы. Сол сияқты, 1932 жылы Семей облысы, Шыңғыстаудан жазып алынған Оразалы нұсқаларының бір-біріне ұқсастығы мен айырмашылықтары.
5. «Қалқаман-Мамыр». 1892 жылы «Дала уалаяты газетінің» 34-40 сандарында жарияланған нұсқасы мен Қазақстан ғылым академиясында сақталға қолжазбаларды салыстыру. Жырдың көркемдік кестесі.
Достарыңызбен бөлісу: |