11. «Кластер» немесе «Топтастыру» , «Жинақтау әдісі» - ойды жинақтау, ми қыртысында сәулеленген ойларды топтастыру, ассосациялау. Бұл стратегия топпен де жұппен де орындала береді. Сабақтың әр кезеңіне де қолайлы. Бұл тәсілдің авторы американдық Гудлат. Стратегияның мәні оқу материалын график түрінде жүйелеу, яғни мәтіннің маңызды бөлігін бөліп, график түрінде белгілі бір тәртіппен шоқ тәрізді орналастыру.
а) жұпта талқылау
ә) топта ой бөлісу
б) Ортақ пікірлерін плакатқа маркермен жазып, тақтаға іліп қойып түсіндіру немесе қысқаша ойларын айту.
12. «Sinkuein» / «Синквейн» тәсілі. / немесе «Бес жолды өлең» әдісі - оқушы берілген тапсырма бойынша өлең құрастырады. Бес жолды өлеңді құрудың ережесі мынадай: бірінші жолда 1 зат есім, екінші жолда 2 сын есім, үшінші жолда 3 етістік, төртінші жолда 4 сөзден тұратын сөйлем яғни ойды түйіндеу, бесінші жолда тақырыпқа байланысты 1 синоним сөз жазылады.Немесе: