Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


Жолдасова Ұ., Сыдықбаева А. Мағжан прозасындағы символизм



Pdf көрінісі
бет138/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

Жолдасова Ұ., Сыдықбаева А. Мағжан прозасындағы символизм
лы көп кездеседі. Аллаға шүкір қылу, Тәңірінің бұйрығын мойындау, Жасаған 
Ием деп медет сұрап, көңіл күйін шертуі ақын жанының көрінісі болған өнерінің 
табиғатын, ақын болмысын тереңірек тану мақсатына жетелейді. Ақынның 
«Жазғытұры» атты алғашқы өлеңіндегі «Жаратқан жанға жайлы жазғытұрды, 
шүкір қыл бір Аллаға, «я, құдайлап» деген тұжырымы ақын жанының зары 
мен шерін паш еткен өнерінің асыл бастауы секілді әсер қалдырады. «Тілегім» 
өлеңінде «Алмаспаса, өзгермесе бұ дүние, Жақсы-жаман тұрса өзінің қалпында! 
Бірақ білген, солай қылған Тәңірі ие, Мен де көндім, басымды идім алдында; ... 
Мейірімді Ием, таза, нәзік әйелді, Қара жүрек қазаққа неге жараттың?», «Жара-
лы жан» өлеңіндегі «Ием болсаң, Жаратқан; Салсаңшы құлақ зарыма!», «Жауға 
түскен жанға» атты өлеңіндегі «Мейірімі кең күшті Ием, Сорлы жұртты оң бас-
та. Дұшпан-құлаш, біз-сүйем, Рахмет ұшқынын таста!» деп ақынның Тәңіріге 
қайырылып, жан сырын жайып салып отыруы символизмнің Мағжан үшін 
қаншалықты жанына жақын, жамбасына оң келген әдіске айналғанын аңғартса 
керек. «Шолпанның күнәсі» әңгімесіндегі ә дегенде Шолпанның жан сырына ба-
стайтын «Жасаған-ау, бала бере көрме?!», «... Тәңірден «Бала берме!» деп тілеп 
еді», «Жасаған-ау, бала бер көр!» деген тілекті Шолпанның не аузы, не жүрегі 
айтушы еді», өмірмен қоштасардың алдында «Шолпан болар-болмас: «Алла...» 
деді...» деген Шолпанның «жан сөзінің» үзіктері Мағжан шығармашылығындағы 
символизмді ғана емес, қайшылықты заманға тап келген ақын жанының зарын 
ұғындырады. В. Брюсовтың бейтаныс бойжеткенге қайтарған әйгілі жауап ха-
тында («Ответ. Очаровательная незнакомка») мынадай жолдар бар. «Мы требуем 
от поэта, чтобы он неустанно приносил свои «священные жертвы» не только 
стихами, но каждым часом своей жизни, каждым чувством, – своей любовью, 
своей ненавистью, достижениями и падениями. Пусть поэт творит не свои кни-
ги, а свою жизнь... На алтарь нашего божества мы бросаем самих себя. Только 
жреческий нож, рассекающий грудь, дает право на имя поэта» [2, 144 б.] деген 
пікіріне Мағжан ақынның өзі де, өнері де толық дәлел болатындығына еш күмән 
келтірмейміз. 
Символдық поэзияның ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басында күшеюінің 
себебі заманның қайшылығынан туған идеялық кереғарлықта еді. Өткен арқылы 
бүгінді, бүгін арқылы болашақты бажайлаған тұста пенделік тіршіліктің 
өтпелілігі мен мәңгілік өмірдің баяндылығының сыры ашылады. Символистер 
үшін өмірдің баяндылығы жүректен шыққан өнердің құдіретінде. 
Мағжанның жүрек сырын жеткізетін құралы – оның поэзиясы. Ақынның 
жүгінері де – жүрегі, сырласы да – жүрегі. «Жүрегім, мен зарлымын жаралыға» 
деп жырлаған ақын үшін жүрек – өмірдің символы. «Жүрек» символымен 
табиғи байланыстағы «жан» ұғымының заман шындығын, Мағжан прозасының 
астарлы мәнін ашар көркемдік қызметі бар. Ақын әңгімесіндегі аталған бернені 
нақты-тарихи талдау әдісі тұрғысынан зерттей қараудың да зор маңызы бар деп 
есептейміз. Белгілі ғалым Т. Есембековтің кейіпкерді «субъективтік фактор-
лармен қатар объективтік (қоғамдық орта, қалыптасқан өмір заңдылықтары, 
147




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет