Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012



Pdf көрінісі
бет30/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012
Профессор Немат Келімбетовтің ұзақ жылдар бойында жинап, зерттеп, ой 
елегінен өткізіп, қағазға түсірген әдебиетіміз бен мәдениетіміздің байтақ тарихы 
аталған эссе еңбегінде басқаша қырынан жарқырап көрініс табады. Ең басты-
сы осынау рухани құндылықтарымыз қазіргі жаһандану заманындағы мәдени, 
әлеуметтік, қоғамдық өзгерістердің, жаңғырулардың қауіп-қатерлерінен келер 
ұрпақты аман сақтап қалудың бірден-бір төте жолы ретінде қарастырылады. 
Автор бұл аталған эссе кітабында сонымен бірге ұрпақтар сабақтастығы, 
ата-баба аманаты деген ұғымдарды іштей сабақтастыра отырып, қазіргі қазақ 
қоғамының басынан өтіп жатқан рухани ахуалдың ертеңгі тарихи, әлеуметтік, 
моральдік зардаптарын жүрегі қан жылай отырып төмендегідей баяндайды: «Сан 
ғасырлар бойы ұрпақтар арасында жалғасып келе жатқан дәстүрлі байланыстың 
бір буыны шіріп, үзіліп қалған сияқты. Бұл буын – аталар мұрасын немерелеріне 
жеткізе алмай қалған қасіретті буын еді. Олар өзге халықтарды «ұлы» санап, өз 
ұлтын тобыр деп білді. Өзге тілдерге тәңірдей табынып, ана тілінде сөйлеуге 
ұялып келді. Иә, ана тілінен ұялды. Демек, мына жарық дүниеге өзін әкелген 
анасының ұлы болуға намыстанды. «Дала данышпандары» аталған қазақ ақын-
жырауларының емес, өзгелердің ақынсымақтары шығарған
рухы бізге жат 
өлеңдерді жаттап өстік. Соларды неғұрлым көп мақтап-мадақтасақ, біз соғұрлым 
ақылды саналдық. Өзіміздің ата-тек шежіремізді емес, өзгелердің жалған тари-
хын танып-білу зерделіліктің өлшеміне айналды. Бұл – көз жұмып қарауға бол-
майтын шындық, кесел, дерт. Сол дерт әкеден балаға ауысып, жалғаса бермеуі 
үшін ащы шындықты айтуға мәжбүрміз. Ауруын жасырған ажалынан бұрын 
өледі ғой. 
Рас, кейбіреулер кешегі сұрқия заманнан туған дертті бүркеп қалғысы келеді. 
Соның салдарынан қазіргі кейбір «жаңа қазақтар» бүгін 
рухсыздық науқасымен 
сырқаттанып жүр. Олар өз тарихын білгісі келмейді. Өз ата-бабаларының ерлігін 
мақтаныш етпейді. Өз анасының тілін ұнатпайды. Өз ақындарының өлеңін 
оқымайды. Өз сазгерлерінің күйін тыңдамайды. Өз ұлтының өнеріне тамсанбай-
ды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет