Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012



Pdf көрінісі
бет35/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012
көрінісі бүгінгі географиялық кеңістікпен сабақтастырыла өзіндік ғылыми 
тұжырымдармен жаңаша байыпталады. Мысалға төмендегі үзіндіні оқып 
көрейік: «Біздің заманымыздан бұрынғы бір мың жылдықтың бас кезінде-ақ 
қазіргі Қазақстан жерінің оңтүстік және шығыс аймақтарын мекендеген, та-
рихта сақтар деген атымен белгілі тайпалар өздерінің қоғамдық даму дәрежесі 
жағынан мемлекеттік құрылыс сатысына таяп қалған еді. Оларда мал өсіру және 
егіншілікпен қатар темір қорыту біршама дамыған болатын. Сол кезде-ақ қызыл, 
қоңыр, магнитті темір рудасын кеңінен пайдаланған сақтар қола мен темірден 
түрлі қару-жарақ (найза, семсер, айбалта, садақ жебелері, дулыға, т.б.), үй 
шаруашылығына қажетті және зергерлік бұйымдар жасаған. 
Соңғы жылдары Есік маңынан (Алматы облысы) табылған сақ көсемінің 
киіміндегі алтын өрнектер, сақтардың «Алтын обасынан» (Шымкент облы-
сы) шыққан әшекей – сәндік бұйымдар таңбалы тас (Қаратау) пен Саймалташ 
(Қырғызстан) жартастарына ойып салынған орасан үлкен суреттер – сақтардың 
көркемдік талғамы бейнелеу өнері, металды өңдеу тәсілі едәуір жоғары болғанын 
аңғартады. Сақтарда бұғы, арқар, арыстан, самұрық құс суретін салу мен олардың 
бейнесін алтыннан құйып жасау стилінің өзіндік ерекшеліктері бар» [1, 23 б.]. 
Ғалымның зерттеу еңбектерінде тың тұжырымдар тарихи кезеңдерге байла-
ныстырыла беріліп отырады. Соған мысал ретінде төмендегі үзіндідегі ғылыми 
байламға назар аударайық: «Ұлы Түрік қағанаты – өзінің ішкі қайшылықтары 
мен сыртқы қысымның салдарынан екіге бөлініп кеткені (Батыс және Шығыс 
түрік қағанаттары) тарихтан жақсы мәлім. Ұланғайыр өлкені иеленіп, әлемді ау-
зына қаратып тұрған ұлы Түрік қағанатының өзінен кейінгі ұрпағына қалдырған 
мұрасын «тым аз» деп те, «қыруар көп» деп те бағалауға болар еді. «Тым аз» 
дейтін себебіміз – Түрік қағанаты тұсында салынған ғажайып кент-қалалар, 
зәулім сарайлар, құнды дүние-жиһаздар жау қолынан қирап, көл-көсір қазына-
байлығы қадым замандарда-ақ талан-таражға түсіп кетті. Ал, «қыруар көп» 
дейтін себебіміз – данышпан бабаларымыздың ұшқыр ақыл-парасатынан туған 
ең асыл мұралар – көне түркі әріптері, яғни руналық жазбалар мен «Күлтегін», 
«Тоныкөк» сияқты батырлық жырлары біздің заманымызға сол күйінде жетті» 
[2, 144 б.], – деген жолдардан тарихи сабақтастық сипатын байқау қиын емес.
Қорыта келгенде, Н.Келімбетов зерттеулері қазақ әдебиеттану ғылымының 
кешеуілдеп қолға алынған саласындағы олқылықтарды толықтырған, сұңғыла 
ғалым, ұлы ұстазы Бейсенбай Кенжебаевтің ғылыми идеясын жалғастыра оты-
рып дамытқан, жаңа биікке көтерген тұлға ретінде ұрпақтан ұрпаққа ұласып, 
білім нәрімен сусындата беретіні кәміл. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет