Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012



Pdf көрінісі
бет45/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012
құндылықтардың бәріне мұрагерлік ете алады. Осының ішіне әдеби мұралар да 
кіретіні сөзсіз. Бүгінгі түркі халықтарының тамыры бір болғанымен, олардың 
әрқайсысы өзінше пайымдап, өзінше әдебиет тарихын зерттеп жатқандығы 
шындық. Соның нәтижесінде біріміз орта ғасырлардан, біріміз Көк Түріктер 
дәуірінен, енді біріміз Ғұндар мен Сақтар заманынан әдебиетіміздің баста-
уын тарқатып жатырмыз. Бүгінгі түркологиядағы осы күрделі мәселені белгілі 
түрколог Ш.Ыбыраев былай көтереді: «Осы сөзіміздің тағы бір дәлелі қазіргі 
түркі халықтарының бір діңгектен тарайтын ежелгі тарихын рас деп қабылдайтын 
болсақ, онда байырғы заманғы түркілік әдебиет тарихының да дәуірленуі мен 
басталу мерзімі бар болса керек-ті. Бұлай болу тарихи тұрғыдан да, логикалық 
үйлесімділігі жағынан да әрі ғылыми тұжырымға, әрі түркі халықтарының қазіргі 
тарихи-этникалық, саяси-әлеуметтік шарттары мен жағдайларына да сәйкес бо-
лар еді. Себебі екі не бірнеше түркі халықтары бір-бірімен көрші отырып, бірі 
әдебиет тарихын VІ-VІІ ғасырлардан (қазақтар), бірі «Авестадан» (өзбектер), 
енді бірі орта ғасырлардың ескерткіштерінен (ұйғырлар), т.б. бастап жатуы 
түптеп келгенде, байырғы түркілік бір діңгекке балта шабу болып шықпақ» 
[4, 33 б.].
Н.Келімбетовтің «Түркі халықтарының ежелгі әдеби жәдігерліктері» моно-
графиясы осы өзекті мәселені шешуге арналған. Автор түркілік әдеби мұра 
көздерін мұқият қарастырып, олардың бәрімізге ортақ көркем сөз тарихымыз 
екендігін дәлелдейді. Еңбек «Тәңірлік дәуір әдебиеті», «Ислам дәуірі әдебиеті», 
«Алтын Орда дәуірі әдебиеті», «Тарихи шежірелер және көркемдік дәстүр» деп 
аталатын тараулардан тұрады. Кітапты тарауларға бөлгенде, сондай-ақ жал-
пы мазмұнын жазғанда Н.Келімбетов, негізінен, хронологиялық ұстанымға 
сүйенеді. Сонымен қатар, діни, қоғамдық-экономикалық, саяси-мемлекеттік, 
әліппелік ұстанымдарға да жүгінеді. Монографияның бір құнды жері: оның 
ішінде дереккөз және әдеби мысал ретінде пайдаланылған 274 еңбек қазақ, 
орыс, өзбек, ұйғыр, қырғыз, әзірбайжан, татар, түрік, ағылшын, араб тілдерінде 
берілген. Яғни, бұл ғылыми еңбектің жазылуына тек қазақ әдебиеттануының 
материалдары ғана пайдаланылмаған, сонымен бірге, осы мәселеге қатысы бар 
әлем әдебиеттануындағы соңғы жетістіктер ескерілген. Осы жағынан алғанда, 
аталған кітапты қазіргі түркі халықтарына ортақ әдебиетті оқытуға пайдалануға 
болатын оқу құралы деп бағалауымызға болады.
Бұл оқулықтың сәтті жазылуының енді бір себебі – осы тақырыппен 
Н.Келімбетов ғұмыр бойы айналысты. Сондай-ақ, ғалым ізденіс нәтижесін ау-
диторияда, студенттер алдында сынап, кітаптың олқылығы болса, келесі ба-
сылымында толықтырып жариялап отырды. Көп жылғы табынды зерттеудің 
арқасында түркілердің сан ғасырлық әдебиет тарихы бір жүйемен, бір стиль-
де, айшықты да көркем тілмен жазылды. Оқулықты жазған автор аудиторияда 
тақырып бойынша көп уақыт дәріс оқығаны осы кітаптың бағасын арттырады. 
Сөйтіп, көркем шығарма жазса да, ғылыми зерттеу жүргізсе де, Н.Келімбетов 
өмір тәжірибесіне сүйеніп, шынайы туындыларды қалдырып кетті. 
52




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет