Əфсаналар бұҚар жырау мен қаз дауысты қазыбек



жүктеу 0.6 Mb.

бет1/7
Дата08.01.2017
өлшемі0.6 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

401

ƏФСАНАЛАР

БҰҚАР ЖЫРАУ МЕН ҚАЗ ДАУЫСТЫ ҚАЗЫБЕК

Бірде Бұқар жыраудың қартайған шағында көңілін сұрамақ болып Қаз дауысты 

Қазыбек би келеді.

Төсекте жатқан Бұқар жырау:

– Бірден онға дейінгі санның мағынасын маған ешкім айтып бере алмады, Қазыбек, 

сен айтып берші? – деген екен. 

Сонда Қазыбек былай деп жауап беріпті:

Бір дегеніңіз – бірлігі кеткен ел жаман.

Екі дегеніңіз – егесіп өткен ер жаман.

Үш дегеніңіз – үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман.

Төрт дегеніңіз – торқалы той, топырақты өлімге бас көрсетпеген сол жаман.

Бес дегеніңіз – білікті адамнан белгілі бала тумаған жаман.

Алты дегеніңіз – аймағын билей алмаған кісі жаман.

Жеті дегеніңіз – жетем деген мақсатына жете алмаған жаман. 

Сегіз дегеніңіз – серкесіз бастаған қой жаман.

Тоғыз дегеніңіз – толғанғаныңыз.

Он дегеніңіз – өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз.

Мұны естіген қалмақ қонтайшысы «бұл кісі əулие» екен деп, оның өзіне де, маңайындағы 

еліне де тимепті-міс. 

Бұл əңгіменің қаншалықты дұрыс-бұрыстығын кесіп айту қиын. Бірақ бір шындық: 

Ташкент пен Шымкент айналасындағы қазақтар мен өзбектер Төле бидің есімін тура 

атамайды, күні бүгінге дейін оны «Қарлығаш əулие», «Қарлығаш би» деп қадірлейді.



402

ЭПОСТЫҚ ЖЫРЛАР

Қазақ ауыз əдебиетінде эпостық жырларды қисса-дастандар, лиро-эпостық 

жырлар, батырлар жыры, тарихи жырлар деп топтарға жіктеуге болады. 

Батырлық жырлар (батырлар жыры) – қазақ халқының ауыз əдебиетіндегі ең бай 

да көне жанрлардың бірі. Оны кейде «Қаһармандық эпос» деп те атайды. Батырлық 

жырлар халық өмірінің тұтас бір дəуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи 

кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі əлеуметтік 

қайшылықтар мен тартыстарды бейнелейді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі 

өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі. Бас 

кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге сапарға шығуына жəне өз елін жаудан азат 

етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның төңірегіне топтастырылып, соның 

бейнесін ашуға қызмет етеді.

Лиро-эпостық жырлар (ғашықтық жырлар) – лирикалық əрі эпикалық шығарма. 

Мұнда оқиға желісі бірін-бірі ұнататын екі жастың арасындағы махаббат сезіміне 

құрылады. Ғашықтық жырларда халықтың тұрмыс-салты, əдет-ғұрпы, наным-сенімі, 

көңіл-күйі көбірек суреттеледі. Көпшілігінің оқиғасы сүйгеніне қосылуды аңсаған екі 

жасқа ескі салт-сана қарсы тұрып, мерт қылумен аяқталады.

БАТЫРЛЫҚ ЖЫРЛАР 

Қобыланды батыр

Ертеде Қараспан тауын жайлаған қалың қыпшақ 

елінен Қобыланды деген батыр шығыпты. Ол өте 

тез ержетіп, алып күш иесі болады. Батырдың 

Тайбурыл атты тұлпары алты айлық жолды алты-

ақ аттап өтеді екен. Күндердің бір күні Қазан деген 

жау шығып, Қобыланды еліне шабады. Қалаларын 

тартып алады. Бұған намыстанған батыр ақ сауытты 

киеді, беліне шарболатын іледі, Тайбурылға мінеді. 

Құбылып Бурыл гулейді, табаны жерге тимейді. 

Қарсы келген қабақтан қарғып өтіп кетеді, сеңгір-

сеңгір таулардан секіріп өтіп кетеді. Қазан алған 

қалаға келеді. Қала сыртынан қазылған алты қабат 

ордан секіріп, Бурылмен Қобыланды жетеді. Қара 

қасқа мінген Қазанмен айқаса кетеді. Қанжармен 

қағысады, семсермен сермеседі. Қазанды аттан 

құлатады. Содан соң жаудың қырық мың қолымен 

соғысып, оларды да қырып салады. Елін қорғап, 

жауын жеңеді.


403

ЭПОСТЫҚ ЖЫРЛАР

Алпамыс батыр

Бұрынғы өткен заманда Жиделі-Байсын жерінде 

Байбөрі деген бай болыпты. Сексенге жасы келгенде, 

бəйбішесі бір ұл туып, атын Алпамыс қойыпты. 

Алпамыс атса мылтық өтпейтін, шапса қылыш 

кеспейтін батыр болып ержетіпті. Өзі жоқта оның 

елін қалмақтың Тайшық ханы шауып кетеді. Батыр 

бар қаруын алып, Тайшыққа қарай бет алады. Сол 

күні қалмақ ханы түс көреді, түсінде жаман іс көреді. 

Шошыған хан халқын жинайды. Ол:

Бізге қарсы Алпамыс атты жас жігіт Шұбарына 

мінген екен. Аман қалудың амалын табыңдар, – 

дейді. 

Сол кезде жасы үш жүзге келген мыстан кемпір 



Алпамысты ұстап беруге уəде етеді. Батырдың 

жолын тосқан мыстан оны алдап қолға түсіреді. 

Хан батырды терең зынданға салады. Алпамыс ханның қызы Қаракөздің көмегімен 

зынданнан шығады. Тайшықпен кездесіп, соғысады. Екеуі қылышпен де шабысады, 

найзамен де сайысады. Ақыры, батыр Тайшықты шаншып өлтіреді. Жауының бəрін 

жеңіп, мұратына жетеді.



Ер Тарғын

Ер Тарғынның заманында қалың жау барабандарын 

соғып, Ханзада ханның ордасына жақындайды. Ордаға 

ойран салмақ болады. Жау келгенін білген соң, Тарлан 

атпен емініп, жауға қарай тебініп, келеді Тарғын 

желігіп. Осы кезде алты құлаш ала атпен, үсті толған 

болатпен Домбауыл деген бір мықты жекпе-жекке 

шығады. Келе қалмақ сөйлейді, сөйлегенде бүй дейді:

– Айтшы маған жөніңді, неғылып жүрген батырсың? 

Сонда Тарғын:

– «Батыр Тарғын – мен», – дейді, – «іздегенім – сен», 

– дейді, «қағысуға кел», – дейді.

Домбауыл сонда сөйлейді:

– Жасың кіші екенсің, кезегімді бер, – дейді. 

Қасқайып тұрған Тарғынды садақпен көздеп атады. 

Домбауылдың жебесі тоғыз қабат сауыттың сегізінен 



404

ЭПОСТЫҚ ЖЫРЛАР

өтіп тоқтайды. Кезегін алған Тарғынның оғы Домбауылдан өтіп, бір төбені төңкеріп 

кетеді. Тұра ұмтылған жауына бірде найза салады, бірде қылыш шабады, бірде садақ 

тартады. Тура он бір күн болғанда, жауларын жеңіп, батырдың көңілі тынады.



Қамбар батыр

Өткен заманда Қарақасқа атты Қамбар батыр 

ертелі-кеш аң аулап, өзінің ағайындарын аң етімен 

бағыпты. Қолына сұңқар қондырып, көлден 

қаз-үйрек ілдіреді. Тазысын ертіп, киік, бөкен, 

құлан, қарсақ, түлкі, қасқыр аулайды. Аңдарды 

тұлпарымен қуып шабақтаса, тазысы жетіп 

тамақтайды. Бір күні қалың ну тоғайды аралап 

келе жатып, өліп жатқан торайды көреді. Мұны 

өлтірген қандай аң екен деп жан-жағына қараса, 

шөккен нардай боп атылғалы тұрған жолбарысты 

көреді. Күш-қайратына сенген ер Қамбар қабынан 

қылышын суырады. Сол уақытта көзі оттай 

қызарған жолбарыс аузын арандай ашып батырға 

қарай атылады. Қаһарланған Қамбар оның құйрығынан шап беріп ұстап алады да, 

басынан айналдырып-айналдырып лақтырып жібереді. Жолбарыс қырық қадамдай 

жерге барып дүрс ете түседі. Ырылдауға шамасы келмей қатады. Батырдың ерлігіне 

бүкіл ел таңданады.

Кейін қыз Назымды күшпен алмақ болған қалмақ ханы Қараманмен соғысады. Оның 

өзін өлтіріп, артындағы қалың қол əскерін де қырады. Батыр еліне пана болып, халқына 

қадірі артады.

Ер Қосай

Сегіз жастағы Қосай батыр əкесін өлтірген жауынан 

кек алуға аттанады. Жеңсіз берен киінеді, ақ сұңқардай 

түйіледі. Астындағы сары аты соққан желдей гулейді, 

қорқуды бала білмейді. Сан түрлі көлдерді, сусыған 

құм шөлдерді, талай-талай белдерді де басады. 

Сарғайып таң атқанда бір төбенің басына шығады. Ту 

көтеріп, қалың нөкерін ерткен жаулары Тақтаболат 

пен Тасболатты көзі шалады, оларға қарсы шабады. 


405

ЭПОСТЫҚ ЖЫРЛАР

Ер Қосай жауы Тасболатпен бетпе-бет келеді. Тасболат Қосайды жас деп менсінбей, 

астындағы атын сұрайды. Сонда жас батыр:

– Меніменен қас болма, ат алам деп мас болма. Жеті атамды өлтірген жауымды іздеп 

келдім, – дейді.

Əуелі сөзбен қағысқан екі батыр біріне-бірі ұмтылады. Алдымен найза салысады. 

Аттардың белі қайысады, қылыш қанға майысады. Үстеріне киген ақ сауыттары 

жыртылады. Бір уақытта Қосайдың қайраты асып білектен, найзасын салды жүректен. 

Жауының кекірейген батырын өлтіріп, қалың қолға шабады, айқай-сүрен салады, кегін 

мықтап алады. Əкесінің кегін қайтарған Ер Қосай бақытты өмір сүреді.



ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАР 

Қыз Жібек

«Қыз Жібек» – көне заманнан бері ел аузында сақталып, жыр ретінде айтылып келген 

ғашықтық жыр. «Қыз Жібек» жыры шамамен XVII ғасырларда хатқа түскен. Жыр ауыз-

ша таралғандықтан, түрлі нұсқалары көп. Алайда олардың арасындағы айырмашылық 

аз. Жырдың мазмұны бойынша Базарбай байдың Төлеген атты ұлы 14 жасқа толғанда 

өзіне жар іздеп, 210 сұлудың арасынан Сырлыбай ханның ақылына көркі сай Жібек 

атты қызын ұнатқандығы туралы айтылады. Үш ай Сырлыбай ханның елінде болған 

Төлеген өз еліне бармақ болып сапарға шығады. Алайда Жібекті қызғанып жол тосқан 

Бекежан батыр Төлегенді қапыда өлтіріп, қазасын Жібекке өзі келіп естіртеді. Содан 

Бекежан өлім жазасына кесіледі. Жырдың екінші бөлімінде хабарсыз кеткен Төлегенді 

іздеп шыққан інісі Сансызбай қалмақ ханы Қоренді өлтіріп, Жағалбайлы елін жаудан 

азат еткендігі туралы жырланады. 

«Қыз Жібек» жырында қазақ халқының өмірі, салт-дəстүрі, тұрмыс-тіршілігі, елдік, 

ерлік істері көркем жырланады. 1970 жылы Сұлтанахмет Қожықов жырдың негізінде 

түсірген «Қыз Жібек» фильмі үшін Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығын иеленді. 

Қозы-Көрпеш – Баян сұлу

«Қозы-Көрпеш – Баян сұлу» – ХІІІ – XІV ғасырлардан бастап ауызша жырланып, 

қазақ арасында кең таралған ғашықтық жыр. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры тек 1870 

жылдан бастап хатқа түскен. Жырдың жиырмаға жуық нұсқасы бар. Ең көп тарағаны – 

Жанақ нұсқасы. Г.Саблуков, Ғ.Дербісалин, А.Фролов, Ш.Уəлихановтар жырды алғаш 

ел арасынан жинап, хатқа түсірген. Алматыда алғаш 1936 жылы Мұхтар Əуезовтің 

басшылығымен Жанақ нұсқасы бойынша жарыққа шықты.


406

ЭПОСТЫҚ ЖЫРЛАР

Айман – Шолпан

«Айман – Шолпан» – лиро-эпостық жыр. Жырдың оқиғасы, негізінен, ХІХ ғасырдың 

алғашқы жартысындағы қазақ елінің əлеуметтік-қоғамдық тіршілігін, тұрмыс-салтын 

қамтиды. Жырда бейнеленген Көтібар, Арыстан, Есет сияқты кейіпкерлер – тарихта 

болған адамдар. Жырда жеке бас бостандығы көтеріледі. Айман тек жеке басының 

азаттығын көксемейді, ол ел тыныштығын, қауым ынтымағын ойлаған ақылды əрі өжет 

мінезді қыз ретінде суреттеледі. Жырда Көтібар бейнесі арқылы батырлықтың көрінісі 

көмескіленіп, ел ішіндегі ұсақ-түйекке айналғанын көрсетеді. М.Əуезовтің 1934 

жылы «Айман – Шолпан» жыры бойынша жазылған музыкалық драмасы Қазақтың 

мемлекеттік академиялық опера жəне балет театрында көп жылдар бойы орындалып 

келеді. 1960 жылдан драмалық театр сахналарында да қойыла бастады.

«Айман – Шолпан» жырын алғаш жазып алып, баспаға ұсынған – Ж.Шайхысламұлы. 

Жырдың бұдан басқа үлгілері кездеспейді. 1896 – 1913 жылдар аралығында Қазан 

баспасынан бірнеше рет жеке кітап болып басылып шықты. Төңкерістен кейін де 1913, 

1939, 1957 жылдары қайтара басылды.

Жыр ұлы сезімді, адалдық пен адамгершілікті дəріптейді. Жырда Қозы-Көрпеш 

кіршіксіз таза махаббат иесі, батыр, адамгершілігі мол жігіт ретінде суреттелсе, Баян 

адал ниетті, ақжарқын, ақылына көркі сай жан ретінде бейнеленген. Жырдың мазмұны 

аң аулап жүріп достасқан Сарыбай мен Қарабай дүниеге келмеген ұл-қыздарын күні 

бұрын атастыруымен басталады. Сол аңда Сарыбай ұлды, Қарабай қызды болғаны 

туралы хабар жетеді. Сарыбай аяқ астынан қаза табады да, Қарабай қызымды жетім 

балаға бермеймін деп алыс жаққа көшіп кетеді. Жылдар өтіп, Баян асқан сұлу қыз болып 

өседі. Малқұмар əкесі Қарабай қызын тоқсан мың жылқысын шөлден құтқарған Қодар-

ға бермек болады. Қозы-Көрпешті ешқашан көрмеген, бірақ Ай, Таңсық атты əпке лері-

нің айтуымен білетін Баян оны аңсап күтеді. Қозы-Көрпеш атастырылған қалың ды ғын 

іздеп сапарға шығады. Аңсаған ғашықтар бірін-бірі тауып қауышқан кезде Қозы опа сыз 

Қарабай мен Қодардың қолынан өледі. Бұл қайғыны көтере алмаған Баян сұлу өз-өзіне 

қанжар салады. Сөйтіп, жыр екі ғашықтың қайғылы қазасымен аяқталады.

«Қозы-Көрпеш – Баян сұлу» жыры – туыстас түркі халықтарына ортақ жыр. Мəселен, 

жырды башқұрт халқында «Қозы Курпəс мəнəн Маян сылу», ал татарларда «Қозы 

Көрпеш», алтайлықтарда «Қозы Эркеш» деп атайды. 

«Қозы-Көрпеш – Баян сұлу» жырының негізінде 1954 жылы Ғабит Мүсіреповтің 

сценарийі бойынша «Махаббат дастаны» кинофильмі түсірілді.


407

ЭПОСТЫҚ ЖЫРЛАР

Еңлік – Кебек

«Еңлік – Кебек» – екі жастың махаббатын жыр ететін шығарма. Өмірде болған 

ғашықтар Еңлік пен Кебек туралы хикаялар XVIIІ ғасырдан бастап ел арасына кең 

тараған. Бұл екі жастың тағдыры халық арасында аңызға айналған. 

«Еңлік – Кебек» оқиғасы хақындағы алғашқы жазба дерек 1892 жылы «Дала 

уəлаяты» газетінде жарияланады. Осы күнге дейін жыр түрінде жеткен «Еңлік – Кебек» 

дастанының бізге белгілі екі нұсқасы бар. Оның екеуін де тақырып ретінде Абай ата-

мыз ұсынған. Бұл ұсынысты қабыл алып, жырды жазғандардың бірі – Абайдың немере 

інісі Шəкəрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза яки кез болған іс» деген шығармасы, 

ал екіншісі – Мағауия Абайұлы жазған «Еңлік – Кебек» дастаны. Бұл поэма 652 жолдан 

тұрады. Көлемі шағын болғанымен, оқиғаға бай шығарма. Шəкəрім нұсқасы 1988 

жылы екі қайтара жарық көрді. Бұл жыр 1912 жылы Семейдегі «Жəрдем» баспасынан 

жеке кітап болып жарық көрген. М.Əуезовтің жеке кітапханасында сақталған Мағауия 

Абайұлы дастаны тек 1960 жылы баспадан шығарылған «Дастандар» деген жинақта 

алғаш рет жарияланды. М.Əуезов «Еңлік – Кебек» поэмасының арқауымен осы аттас 

трагедиялық пьеса жазды. 



Қалқаман – Мамыр

«Қалқаман – Мамыр» – ғашықтар дастаны. «Қалқаман – Мамыр» 1722 жылы 

болған тарихи оқиғаға байланысты шығарылған дастан. Жырдың авторы – Шəкəрім 

Құдайбердіұлы. Жырдың мазмұны бойынша, Қалқаман мен Мамыр бір-біріне ғашық 

болып қосылғанымен, олардың бір рудан шыққандығына байланысты, «дəстүрді 

бұзғаны үшін» екі жас өлім жазасына кесіледі. Мамыр өз туысы Көкенайдың қолынан 

қаза табады. Ал Қалқаман өзін өлім жазасына кескен Кеңгірбай бидің «Енді жазадан 

құтылдың» дегенін тыңдамай, елге өкпелеп, Бұхара жаққа кетеді. Дастанда Қалқаман-

ның ол жақта өсіп-өніп, ұрпағы жүз үйге жеткені айтылады. Дастан сюжеті екі жастың 

арасындағы кіршіксіз махаббатқа, ел ішіндегі озбырлық пен қатыгездікке құрылған.

 «Қалқаман – Мамыр» дастаны алғаш 1892 жылы «Дала уəлаяты» газетінде 

жарияланды. Ел аузында «Қалқаман – Мамырдың» бірнеше нұсқасы бар.



408

ТҰРМЫС-САЛТ ЖЫРЛАРЫ

Қазақ халқында ел тұрмысы, шаруашылығы, кəсібі мен салт-санасы, əдет-ғұрпына 

байланысты түрлі өлең түрлері бар. Оларды тұрмыс-салт жырлары дейді. Тұрмыс-салт 

жырлары – қазақ ауыз əдебиетінің көне жанрларының бірі. Олар тақырыбы жағынан, 

сондай-ақ қай жағдайда, қандай мақсатта айтылатынына орай, бірнеше топқа жіктеледі. 

Негізгі түрлері: тұрмыс-салт өлеңдері (төрт түлік туралы, наурыз өлеңдер), діни салт 

өлеңдері (жарпазан, арбау, бəдік, т.б.), үйлену салт өлеңдері (тойбастар, жар-жар, сыңсу, 

беташар, т.б.), мұң-шер өлеңдері (қоштасу, естірту, жоқтау, т.б.), əн өлеңдер, өтірік 

өлеңдер.  Енді солардың бірнешеуіне тоқталып көрейік.

Бесік жыры

Қазақ халқы ерте заманнан сəбилерге арнап «Бесік жырын» айтатын болған. Жас 

баланы бесікке салуды қазақтар қуаныш етіп, тойлап өткізген. «Бесік жырының» жалпы 

мазмұны жас баланың дені сау, ер-азамат болып өсуіне негізделеді. Басты қызметі – 

бесік тербелісіне ыңғайлас сазды əуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, 

оның жан жүйесі мен санасына ұлттық тəрбиенің нақышын сіңіру. «Бесік жырын» 

баланың сəби кезінде, яғни 1-5 жас аралығында айтады. Бесіктегі нəрестесін тербете 

отырып, аяулы ана көңіліндегі ой-арманын, жақсы тілегін білдіреді, балаға деген 

мейірін, махаббатын береді. Мысалы:

Əлди, əлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем,

Жылама, бөпем, жылама,

Жілік шағып берейін.

Аққұтанның құйрығын

Жіпке тағып берейін.

Бұл жыр айтуға жеңіл, қарапайым, баланы ұйықтатуға лайық біркелкі ырғақпен, 

құлаққа жағымды, жайдары үнмен айтылады. «Бесік жырында» халықтың төл 

тарихының, дəстүрлі мəдениетінің, ежелгі наным-сенімінің, дүниетанымының 

көрінісі бар. 


409

ТҰРМЫС-САЛТ ЖЫРЛАРЫ

Тойбастар

«Тойбастар» ұзатылатын қызға байланысты 

айтылған. «Тойбастардың» негізгі мазмұны – тойдың 

салтын дəріптеу, той иесі – қызды мақтау, той 

жасаушының жақсы тілеуіне үн қосу. Сонымен бірге 

кіндік кескен жерді, туған елді тастау қызға қалай 

қиын соқса, əлпештеп өсірген өз баласын басқаға беріп 

жіберу ата-анаға, көзі үйреніп қалған ағайын-туысқанға 

да оңай еместігін көрсету. «Тойбастар» жырының көбі 

Беташар

Жаңа түскен келіннің бетін ашу 

үшін тойда айтылатын өлеңнің бір түрі 

– «Беташар». Бұл өлеңнің мақсаты – 

жас келіншекті жаңа ағайын-жұртына, 

қайын ата мен қайын енесіне, жаңа 

қауымға таныстыру; келінге насихат 

айту. Ертедегі салт бойынша жас 

келіннің түсетін үйіне жұрт жиналады. 

бата берумен, жақсы тілекпен аяқталады. Уақыт өте келе «Тойбастар» өлеңі үлкен 

тойлардың барлығында айтыла беретін болды. Той бастаудың негізгі шарты – өлең айту. 

Той бастаудың өзіндік сыйлығы болады. Өлең айтылған соң «Тойбастардың» сыйлығын 

сол үстелдегі адамдар өзара бөліп алады. 

Олардың үстіне келіншекті енгізгенде, бетін жеңіл желекпен бүркеп əкеледі. Ауылдың 

бір өнерпаз жігіті «Беташарды» домбыра сүйемелімен айтып, содан кейін домбырамен 

келіннің бетін ашқан. Мұның өзіне арнап шығарылған өлеңі болған. 



Сыңсу

Халқымызда тұрмыс-салт жырларының ең көп тарағандарының бірі – сыңсу. 

Ұзатылған қыз өз босағасынан аттанар алдында ағайын-туғандарын аралайды. Былайша 

айтқанда, қоштасады (бірақ бұл дəстүрлі қоштасу емес). Жеңгесін ертіп ағайындарын 

аралап жүрген қыз жəй жүрмейді. Ол өзінің балалық дəуренінің, оң жақта бұлғақтап 

өскен бақытты күндерінің өткендігін, аяулы ата-анасының, туысқандарының өзін 

мəпелеп өсірудегі еңбегін өлеңге қоса жүріп қоштасады. Ондай өлең-жырды сыңсу 

дейді. 


410

ТҰРМЫС-САЛТ ЖЫРЛАРЫ

Жоқтау

Қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан салтында өлген адамға арналып қаралы 

«Жоқтау» өлеңі айтылатын болған. Қазақ халқының əдет-ғұрпы бойынша, жоқтауды 

марқұм болған адамның артында қалған əйелі, қызы, қарындасы, келіні, басқа да 

туыстарының əйелдері айтады. Жоқтауда дүниеден өткен жанның тірліктегі қадір-

қасиеті, еңбегі, жақсылығы, артқа қалдырған ізі көркем өрнектеліп, зарлы əуенмен 

айтылады. Ел ішінде кең тараған жоқтау жырлары, негізінен, бір-біріне ұқсас болып 

келеді. Қазақ жоқтаулары ішіндегі ең əсерлісі, үздігі деп «Айғанымның жоқтауын» 

айрықша атаған. 

Бертін келе, «Жоқтау» өлеңдері өлген адамның қазасы үстінде немесе жетісі, қырқы, 

жүзі, жылы кездерінде айтылған. Мұндай жоқтаулар арқылы өлген адамның тіршілікте 

кім болғандығы, қандай қызмет атқарғандығы, ел-жұрты, ағайын-туысы үшін не істеп, 

не қойғандығы сипатталған.

Естірту, көңіл айту

Естірту – ауыр қаза, қайғылы оқиғаны жанашырларына, ел-жұртына өлеңмен хабарлау 

дəстүрі. Бұл рəсім қазақ халқында ертеден бар. Естірту ардақты азаматы не батыр-

бағланы өлген үйдің жанкүйер жақындары мен туыстарын азалы хабарға дайындап 

алу үшін айтылған. Жаман хабарды бірден жеткізе салмаған. Қайғыны естіртуші адам 

айтайын деген сөзін, естірткелі отырған хабарын жұмбақтап, тұспалмен бастаған, 

кейде əр түрлі салыстырулар жасаған. Мысалы, «Аққу ұшып көлге кетті, сұңқар ұшып 

шөлге кетті, ол адасып кеткен жоқ, əркім барар жерге кетті» деген сияқты өлең түрінде 

болған. 

Ел арасында естіртудің көптеген үлгілері сақталып қалған. Айталық, Байшуақ 

өлгенде баласы Байғараға Қазбасты шешен келіп: «Алып арыстан құласа, жан беруші 

бар ма екен. Аққан дария құрыса, су беруші бар ма екен» деп естіртеді. Осы секілді 

Үмбетей жырау да Бөгембай батырдың өлімін өлеңмен естіртіп, оның жау шебіне 

жалғыз шапқан ерлігін баяндайды. 

Базардан келген құйысқан 

Тарамай шашым ұйысқан. 

Келіп-кетіп жүріңдер, 

Сағындырмай туысқан, –  

деп өзінің өтінішін де айта жүреді. 

Қыздың сыңсуы – жарасымды əрі тəрбиелік мəні бар салтанатты салт. Бұл 

адамгершілік, əдептілік жағынан алғанда да өте орынды дəстүр. 


411

ТҰРМЫС-САЛТ ЖЫРЛАРЫ

Арбау өлең

Ауыз əдебиетіндегі тұрмыс-салт өлеңдерінің бір түрі – арбау өлең. Адамды немесе 

малды жылан, қарақұрт, бүйі, шаян шаққанда, уытын «қайтару» үшін айтылады. 

Халық əр түрлі ырым жасап айтатын «Арбау» өлеңдері арқылы жыланның немесе 

қарақұрттың, т.б. арбап əлсіретуге, сөйтіп олардың уытын қайтаруға болады деп 

түсінген. Əрбір жəндіктің жаратушысы, яғни «тəңірісі» болады деп ұғынған адамдар 

оларға сөз арқылы əсер етуге болады деп сенген. «Арбау» өлеңдер – əлем халықтары 

фольклорының бəрінде бар, түркі халықтарының ауыз əдебиетінде кең тараған. 

Көбінесе, 7 – 8 буынды шұбыртпалы ұйқасқа құрылады. Мысалы, төменде «Арбау» 

өлеңінің бір түрі берілген: 

«Кер, кер жылан, кер жылан,

Кереге басты мер жылан,

Бір жылан бар – сұр жылан, 

Бір жылан бар – сұм жылан, 

Бір жылан бар – жеті жылғы ту жылан. 

Құралай таудың басынан 

Қуып келген қу жылан, 

Пайғамбардың демінен 

Дегелек келді, шық жылдам!»

Жарапазан

«Жарапазан» – діни салт өлеңі. Жарапазан «рамазан» деген сөзден шыққан. Ораза 

уақытында балалар, бозбалалар түнде үйдің сыртында тұрып «Жарапазан» айтады. 

Ораза ұстаған адамдар сауап болады деп жарапазан айтушыларға құрт, май, ірімшік, бір 

шаршы шүберек, тағы басқа сол сияқты нəрселер береді. «Жарапазанды» кəсіп етіп, ораза 

уақытында ел аралап, күндіз жүріп айтатын үлкен адамдар да болады. «Жарапазанды» 

екеу болып жүріп айтады. Бірі «Жарапазан» айтқанда, екіншісі қостаушысы болады. 

Естірту кейде күңіренген күй сазымен де орындалатын болған. Бұған Жошының 

аң алуап жүріп өлген ұлының өлімін оған күймен естіртуіі дəлел. «Ақсақ құлан» күйі 

осылай туған. Естіртудің соңы көңіл айтып, қайғылы хабарға ортақтасып, жұбатуға 

ауысады.

Өтірік өлеңдер

Қазақтың ертедегі салты бойынша, ойын-сауық кездерінде айтылатын өлеңнің бір 

түрі – өтірік өлең. Бұл алуандас өлеңдер күлкілі, қызық сюжеттерге құрылады.


412



  1   2   3   4   5   6   7


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал