Тапсырма 3. «Самұрық-Қазына» АҚ қорларының қалыптасу және пайдалану көздерін схемалық түрде сызыңыз.
Тапсырма 4. «Қаржы және инфляция» тақырыбына глоссарий жасау (кемінде 10 термин) Инфляция – бұл тауар мен қызметке баға жалпы және теңсіздікте өсетін жағдайда байқалатын, ақшаның құнсыздауы.
Қаржы дегеніміз — ақшаны компания (мемлекет) қажеттіліктеріне жұмсау кезінде пайда болатын арнайы экономикалық қатынастар.
Ақшаның құнсыздануына ықпал ететін факторлар:
айналысқа артық ақшаның шығуы;
үкіметке сенімнің болмауы.
Инфляции құбылысы мынадай қаржылық факторларға тәуелді:
белгілі салық формалары мен әдістерін қолдану;
мемлекеттік бюджет арқылы инфляциялық сипаттағы шараларды қаржыландыру көлемі;
мемлекеттік бюджет тапшылығын жабу тәсілдері;
мемлекеттік қарыз мөлшері.
Қаржы негізгі үш топқа бөлінеді — мемлекеттік қаржы, корпоративтік қаржы және жеке отбасының қаржысы.
Қаржы және инфляция өзара байланысты: қаржы инфляциялық процес-терді жеделдетсе, инфляция қаржылық қатынастарға ықпал етеді.
Инфляцияның көріну формасы – ақшаның құнсыздануы сәйкесінше өнім, тауар мен қызмет бағасының өсуімен өрнектелген, олардың сатып алу құнының құлдырауы.
Қаржы көмегімен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу екі әдіспен жүзеге асырылады.
Қаржылық-бюджеттік әдіс
Кредиттік-банктік әдіс
Қаржы қатынастарының ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржының аса маңызды белгілері болып табылады, бірақ оның артық белгілері емес, өйткені бұл белгілер бағаға да, еңбекке ақы төлеуге де, кредитке де ортақ.
Қаржының басты арналымы — табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің, қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау.