Ежелден ел қара шаңырақ тұтқан Қаратаудың күнгей



Дата16.05.2022
өлшемі12,79 Kb.
#34541
Байланысты:
Бурыл тауы


Бурыл тауы 
Ежелден  ел  қара  шаңырақ  тұтқан  Қаратаудың  күнгей 
бетіндегі  Тараз  қаласының  солтүстік  батысындағы  сілемдерінің 
бірі «Бурыл тауы» деп аталады. Ол Жуалы жеріндегі Қарабастау 
аталатын елдімекеннің солтүстік жағында 2 – 2,5 шақырым жерде 
орналасқан. 
Бұл  шағын  таудың  беткейінен  әсіресе  1950  жылдардан 
бастап құрылыс материалы ретінде жалпақ тастарды қазып алып 
пайдалана бастаған.  
Үйдің  тұғырын  (фундаментін)  сол  сияқты  тастан  түрлі 
мекемелер  мен  қойма,  мал  қоралары  т.с.с.  құрылыс  нысандарын 
салуға  осы  Бурыл  тастары  кеңінен  пайдаланылған.  Бұл  жалпақ, 
қалануға  ӛте   қолайлы   кірпіш  тектес  тастарды  ел  «Бурылдың 
тасы» - деп атайды.  
Бурыл  тауына  байланысты  оның  не  себептен  «Бурыл» 
аталуы  жайында  біз  Мұхаметжан  Тынышбаевтың  еңбегінен 
кездестірдік.  Тарихшы  –  инженер  қырғыз  халқының  аузында 
сақталып  қалған  бұл      аңызды      Ыстық    кӛл  маңының  тұрғыны 
Ешеналы Аралбайдан 
жазып алған.  
Еңсегей  бойлы  Есім  ханның  қалмаққа  қарсы  жасаған 
жорығына  ыстық  кӛлдің  аумағындағы  қырғыздар  да  қосылып, 
қолдау  кӛрсетеді.  Түбі  бір  туысқан  қырғыздар  осы  жорықта 
Есімге қазақ дәстүрімен ат сыйлайды, осыған байланысты тауды 
Бурыл аталуын былай баяндайды:  
«Когда Есым в походе на калмыков прибыл в район Иссык – 
Куля,  к  нему  присоедились  киргизы:  родовитые  киргизы  делали 
Есыму  подарки;  между  прочим,  были  приведены  к  нему  один 
жеребец  гнедой  масти  и  две  жеребца  чалой  масти;  предок 
Арамбаева в 9 колоне Тугельбай подарил Есыму лучшего скакуна 
во всей Киргизии – саврасого мерина.  
Поход  окончился  для  Есима  удачно;  на  оборотном  пути  на 
север от Иссык – Куля  стал гнедой жеребец – это местность до 
сих пор называется « Торы – айгыр» («Гнедой жеребец») чалые 

74 
 


жеребцы  стали, пройдя  Аулие  –  Ата,  на  сопках,  получившых  от 
них свой названия: «Улькен Бурул» («большой чалый») и  «Кчи – 
Бурул»  (Малый  чалый»)  –  делінген.  (М.Тынышбаев.  История 
Казахского народа. Алматы: Қазақ Университеті, 1993, 158-159с).   
Е.Қойшыбаев  пакірінше:  «Түркі  орографиялық  бұрыл  – 
бұрма  –  борма  –  борал  тұлғалас  «бұрыс,    қиғаш»  мәніндегі 
терминдердің  айтыла  келе  қалыптасып  кеткен  түрі»  -  деп 
кӛрсетеді. (Еркебай Қойшыбаев Қазақстанның жер – су атаулары. 
Алматы: Мектеп, 1985, 82 – 83 беттер)   
«Бурыл»  сӛзінің  түс  белгісімен  ешқандай  байланысы  жоқ. 
Шындығында  Бурыл  тауы  Кіші  Қаратау  сілемдерінен  шығысқа 
қарай бұрыстау жатқаны рас.  

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет