Ежелгі дәуір әдебиеті бес кезеңнен тұрады



Pdf көрінісі
бет12/36
Дата01.11.2023
өлшемі2,05 Mb.
#121338
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36
Байланысты:
Көк кітап әдебиет(2)

(*Аналық; *Қарлығаш)
 
"Алпамыс батыр". 
Жырдың 11-12 нұсқасы бар. Батырлар жырының ішіндегі ең көне жыр
Жырда ауыз әдебиетінің басқа түрлері де көп кездеседі. 1899 жылы Жүсіпбек 
Шайқыисламұлы Қазанда "Қисса Алпамын" деп аталатын жырды басып 
шығарған. 1896 жылы Ә. Диваев жырдың толығырақ бір нұсқасын жазып 
алып, жариялаған. 
Алпамыстың әкесі - Байбөрі (Жиделі Байсын жеріндегі Қоңырат елінің 
байы), анасы - Аналық, қарындасы - Қарлығаш, сүйген жары - Гүлбаршын 
(Сарыбайдың қызы), тұлпары - Шұбар ат, Алпамысқа ғашық болған Тайшық 
ханның жалғыз қызы - Қаракөзайым, Алпамыстың баласы - Жәдігер. 
Байбөрінің туысқаны - Құлтай, оның баласы - Тортай, тезекші қара күңінен 
туған ұл - Сұлтан, Үлтанның сақау әйелі - Бадамша. Сарыбай - Шекті елінің 
байы (Гүлбаршынның әкесі), Гүлбаршынның шешесі -Алтыншаш. 
Гүлбаршынды зорлықпен алмақшы болған қалмақ батыры - Қараман. 
Алпамысты алдап қолға түсірген - Мыстан кемпір, Алпамысты құтқарушы 
өнерлі, қойшы жігіт - Кейқуат. Байбөрінің жылқысын алып кеткен хан - 
Тайшық хан.
• Қазақ халқының батырлар жыры ішіндегі ең көнесі: ("Алпамыс батыр") 
• Алпамыс батырдың әкесінің аты: (Байбөрі) 
• Байбөрі байға ұл мен қыз сүйетіндігін айтқан: (Шашты Әзіз) 
• Алпамыстың қарындасы: (Қарлығаш) 
• «Алпамыс батыр» жырында «тоқсан мың қарасы», «сексен мың маясы», 
«есебі жоқ жылқысы» бар, бірақ бір перзентке зар болған кейіпкер: (Байбөрі) 
• Алпамыстың баласы: (Жәдігер) 
• Алпамыс неше жасқа толғанда Жиделі Байсын жеріне, Қалың Қоңырат 
еліне бек болып, басқара бастайтынын табыңыз: (10) 
"Далада мен отырмын құрып өрмек, 
Жалғызды қасымдағы қылып ермек. 
Баламды жалғыз менің өлтіргенше, 
Алсайшы Гүлбаршынды, қужүгермек…" Үзінді алынған жыр: ("Алпамыс 
батыр") 
"Бекерге жұрт баласын қырып жүрсің, 


Ойыңа келгеніңді қылып жүрсің. 
Сарыбай қызын бермей кетіп қалды, 
Несіке ойын ойнап, күліп жүрсің?!"- деген жолдарды кімнің, не себепті 
Алпамысқа айтқаны: (Баласын өлтіріп қойғаны үшін кемпірдің 
Алпамысқа ызаланып айтқаны) 
• Алпамыс батырдың жарының аты: (Гүлбаршын) 
• "Алпамыс батыр" жырындағы әйел образы: (Гүлбаршын) 
• Гүлбаршын сұлудың Алпамысты жар етіп таңдаған себебі: (Бір жағы 
батыр; екінші жағы қазақ жігіті болғаны үшін) 
• Гүлбаршынның әке-шешесі: (Сарыбай-Алтыншаш) 
• "Алпамыс батыр" жырындағы Байбөрімен құда болуды армандайтын, 
Шекті елінен шыққан байдың есімі: (Сарыбай) 
• "Біреуімізден ұл, біреуімізден қыз туса, екеуіміз құда болсақ, қыз бен 
баланы 
кемеліне келтіріп, екеуін қосып, бұл дүниеден өтсек, арманымыз қалмас еді-
ау!"- 
деп армандайтын "Алпамыс батыр" жырының кейіпкерлері: (Сарыбай, 
Байбері) 
• Алпамыстың тұлпарының аты: (Байшұбар) 
• Алпамыс батыр Байшұбар атты қалай таңдады? (Өзі таңдап, құйрығынан 
тартып тұрғызады) 
• "Адамнан есті жануар" деп ардақталатын, мыстанның арам пиғылын 
батырдан бұрын сезетін тұлпар: (Шұбар ат) 
• "Атамыз батыр" жырындағы кейіпкер: (Құлтай) 
• Тортай, Құлтай, Байбөрі қай батырлар жырында кездеседі? ("Алпамыс 
батыр") 
"… Ханның қызы Қара көзді бас қылып, қырық отауды батырдың келетін 
жолына 
тіктіріп, қырық қыздың басына жаулық салып, келіншекше киіндіріп, қырық 
шелпек арақты әрқайсысына беріп, мыстан батырдың жолын тосып жатты». 
Үзінді алынған жыр: («Алпамыс батыр») 
• Мыстан кемпір қатысатын эпостық жыр: ("Алпамыс батыр") 
• Алпамыстың жау қолына түсуіне себеп болған жағдай. (Мыстан 
кемпірдің айласы) 
• Тайшық хан, Қаракөзайым, Кейқуат, Қараман атты кейіпкерлер кездесетін 
жыр: ("Алпамыс батыр") 
• "Алпамыс батыр" жырындағы көрген түсін айтып жоруын сұрайтын 
ханның есімі: (Тайшық) 
• "Алпамыс батыр" жырындағы қалмақ ханы: (Тайшық хан) 
• Тайшық хан алдап, қолға түсіретін батыр: (Алпамыс) 
• "Алпамыс батыр" жырындағы қалмақ батыры Қараманның мінген аты: 
(Қара ат) 
• Алпамыстың батырлығы ның бірінші айқындалатын жері: (Қараман мен 
кездесуі) 
• "Алпамыс батыр" жырындағы қалмақ батыры: (Қараман) 


• Алпамыс батырға көмек беріп, дос болатын қалмақ батыры: (Қараман) 
• "Алпамыс батыр" жырындағы Гүлбаршынды зорлық етіп алмақшы болған. 
(Қараман) 
"Сансыз тұрған қалмаққа 
Қылышын суырып алады. 
Жолбарыстай ышқынып, 
Шұбарға қамшы салады. 
Тура келген қалмақты 
Қақ маңдайдан шабады, " - деген үзінді ("Алпамыс батыр") 
• "Алпамыс батыр" жырындағы қара ниетті жауыз, метірімсіз бейне: (Ұлттың 
құл) 
• "Алпамыс батыр" жырында "күрек тісі кетпендей", "аузы ошақтай", "азу 
тісі пышақтай" деп суреттелетін кейіпкер: (Үлтан) 
"Алпамыс батыр" жырында әкім болып жұртты жеп жүрген "азамат": 
(Ұлтан құл) 
• "Алпамыс батыр» жырындағы Ұлтан көкпарға кімді тарттырмақшы 
болды? (Жәдігерді) 
"Алпамыс батыр" жырындағы: 
"Аш бүгіліп жарағыр, 
Жетім қалып жасыңнан 
Мендей болып жылағыр, 
Тарта бер, жұртым, тарта бер!…" - деген жолдардың иесі: (Дәрігер) 
• "Алпамыс батыр" жырындағы сақау әйелдер: (Бадамша, Мария) 
• "Алпамыс батыр" жырында "Үлтан бегіме лайық өлеңді өзім айтамын" 
деген. 
(Бадамша) 
• "Алпамыс батыр" жырындағы Тортай: (Құлтайдың жалғыз баласы) 
• Алпамыс еліне қайтқанда жылқыны бағып жүрген: (Тортай) (Үлтан 
Байбөріні түйенің артына, Құлтайды қойдың соңына, Жәдігерді қозының 
артына 
салып қояды) 
• Алпамыс батыр өз еліне ұзақ жылдан соң қандай бейнеде келеді? (Диуана) 
…Атса мылтық өтпеді, 
Шапса қылыш кеспеді, 
Суға салса батпады… Үзіндіде айтылып отырған батыр: (Алпамыс батыр) 
• Алпамыс батырды зынданнан Қаракөзайымның шығаруы себеп болған 
жағдай: (Қаракөзайымның ғашық болуы) 
• Алпамыс батырдың зынданнан шығуына көмектескен кейіпкер: 
(Қаракөзайым) 
• "Алпамыс батыр" жырында Байшұбарды босатып алып шыққан: 
(Қаракөзайым) 
• "Көрінеді осы адам, 
От жалын боп көзіме. 
Айналайын, құдай-ау, 
Осы түргөн диуана, 


Жалғызымның өзі ме?!" - деген жолдарды кімнің кіммен тілдескенде 
айтқаны: (Гүлбаршынның Алпамыс пен тілдескенде айтқан) 
• "Алпамыс батыр" жырындағы сиқырлы сыбызғышы, өнерлі бала: 
(Кейкубат) 
Үзінді кездесетін жыр: 
"Мынау серкелердің мүйізі мен қабырға сүйегінен сырнай істеп қойдым
соны 
қыздардың жанына барып торт". ("Алпамыс батыр", Кейқуатқа Алпамыс 
айтты) 
• "… өзіңнің Гүлбаршын жарыңды аламын деп отыз күн ойын, қырық күн 
ұдайы 
тойын қылып, басып-көктеп бүгін кешке некесін қиятын күні, шырағым, 
тілімді 
алсаң, ертерек бар, " - деп Алпамыс батырға хабар жеткізгені (Тортай) 
• Үзінді қай жырдан алынған, ондағы сипаттау тәсілі: 
Ауызына қарадым - - 
Сулуды таңдап сүйгендей. 
Келбетіне қарадым - 
Қамқаны таңдап кигендей. ("Алпамыс батыр", теңеу) 
*** "Қобыланды батыр", "Алпамыс батыр" жырларына ортақ 
кейіпкер(лер): (*Аналық; *Қарлығаш) 
• *** "Алпамыс батыр" жырының кейіпкерлері: (*Тайшық; *Үлтан) 
"Ер Таргын" 
Жырды алғаш Марабай ақыннан жазып алып бастырған - Н. Ильминский, 
(1862 жылы Қазанда). 1870 ж. В. Радлов, 1904 ж. Н. Саркан, 1922 ж. 
Ә. Диваевтың жинақтарында жарияланған. 8 түрлі нұсқасы сақтаулы. 
Ер Тарғынның жары - Ақжүніс, ұлдары - Ардаби, оның екі баласы - 
Әжігерей мырза, Айғожа (кейін хан болды), тұлпары - Тарлан ат. Ер 
Тарғынның үш жолдасы - Қарасай ұлы Көбен, Алшағыр ұлы Теген, Өмір 
ұлы Себен (Ханзада ханның батырлары, Ер Тарғынның батыр жолдастары). 
Ақшахан - Қырымның қырық ханының үлкені (Ақжүністің әкесі), 
Қартқожақ - Ақша ханның батыры, Қанатты қара - Аршаханның 
жорғасы, Ханзада хан - Бұлғыр тауын мекендеген ноғайдың ханы, 
Сыпыра жырау - дана, ақылшы қария. (Тоқтамыс хан тұсында өмір сүрген 
(XV ғ.), қыпшақ тайпасынан шыққан тарихи тұлға), Домбауыл - қалмақ 
батыры. 
Жыр негізінде Е. Брусиловский "Ер Тарғын" операсын (1937) »азды. 
"Ер Тарғын" жыры алғаш басылып шыққан қала: (Қазан, 1862 ж.) 
• "Ер Тарғын" жырын алғаш рет жырлап, халық арасына таратқан ақын: 
(Марабай) 
• Ер Тарғынның әке-шешесі: (Әке-шешесі жоқ, қайтыс боп кеткен) 
Ер Тарғынның жары әрі серігі: (Ақжүніс) 
• Ақжүністен туылған ұлдың есімі: (Ардаби) 
• Ақжүністің жырдан көрінетін сипатына лайық жауап, (Сұлу да батыл, 
намысқой да ақылды, өз дегеніне жетпей қоймайтын бірбеткей, 


айлалы қыз. ) 
• "Сенің қайғыңнан өлемін, " - деп батырды сүйетінін алғашқы боп өзі 
мойындаған ару қыз: (Ақжүніс) 
"Қолаң шашты, қой көзді алшаңдаған аруым" деп айтқан: (Ер Тарғын - 
Ақжүніске) 
• "Мен Қырымның ішінде, Ақша ханның қызы едім, " -деп, өзінің тектілігін 
көрсететін ару қыз: (Ақжүніс) 
Қара жерге қар жауар 
Қарды көр де етім көр. 
Қар үстіне қан тамар, 
Қанды көр де, бетім көр, - деген Ақжүністі суреттеуі: (Антитеза) 
"Бет ажарын қарасаң, 
Жазғы түскен сағымдай. 
Ет ажарын қарасаң, 
Терісінен айырған, 
Арпа-бидай ақ ұндай. 
Кірпігі оқтай тізілген…" - деген үзінді алынған батырлар жыры: ("Ер 
Тарғын", Ақжүністің бейнесі) 
• Ақжүністің мінген аты: (Боз жорға) 
• Ер Тарғынның тұлпары: (Тарлан ат) 
• Тарлан ат қай эпостық кейіпкерлердікі? (Ер Тарғынның және 
Көбіктінің) 
• Астына мінген атына "Айналайын" деп үн қататын батыр: (Ер Тарғын) 
• "Құйрығына болайын, 
Қынаптан шыққан қанжардай…" - деген жолдар: (Тарлан аттың сипаты) 
• Хандардың опасыздығын баса көрсететін жыр: ("Ер Тарғын") 
• Ақша хан Тарғын батырды тағайындады: (Әскербасы етіп) 
• Қырымның қырық ханының ең үлкені Ақша ханның еліне баратын батыр: 
(Ер Тарғын) 
"Қадірін білмес сен итке, 
Қараша болып не етемін?" - деп ханның иттігін бетіне басатын батыр: (Ер 
Тарғын) 
• Тарғынның ерен ерлігі байқалған кез: (Домбауыл бастаған ұрыста) 
• Қарасайұлы Көбенді, Алшағырұлы Тебенді, Өмірұлы Себенді қай 
батырдың сұрайтынын белгілеңіз: (Тарғын) 
• "Ер Тарғын" жырында: 
- Аттанбадым олжа үшін, 
Сыңсып жатқан мал үшін… 
Аттанғанын кәуірге 
Атамның ежелгі кегі үшін, - деген сөзді айтатын кейіпкер: (Ер Тарғын) 
• Ер Тарғын Ақжүністі алып қашқанда артынан қуып шығып, жетіп алған: 
(Қартқожак) 
• 5 жастан 65 жасқа дейінгі ерлік істері суреттелетін кейіпкері бар жыр: ("Ер 
Тарғын") 
• "Ер Тарғын" жырында Ақжүніс ару қай батырдың бес жасынан алпыс бес 


жасқа дейінгі өмірін шеберлікпен айтып береді? (Қартқожақтың) 
• "Ер Тарғын" жырындағы бес жасында-ақ "жас шынықтан жай тартып, 
жалғыз шиден оқ атқан"кейіпкер: (Қартқожақ) 
• Бір жалғыз оқпен салып қалғанда, Тарэгынның корамсактағы жүз алпыс кез 
оғын күлпара кылып уатқан ердің аты: (Қартқожақ) 
"Мен алпыс беске келген, сақалым қуарған, бір қарт шалмын, бұл ғой, жас 
болса 
да, қасындағы Ақжұністей сұлуды қиып әм өзінің жанын қиып, маған қарсы 
тұрды, " - деген кейіпкер: (Қартқожақ) 
• "Ер Тарғын" жырындағы Қартқожақ: (Үлкен адамгершілік иесі) 
"Ер Тарғын" жырында: 
"Ай, Қартқожақ, Қартқожақ, 
атыңның басын тарт, Қожақ!" - деп айтқан: (Ақжүніс ) 
• "Ер Тарғын" жырындағы Қартқожақты райынан қайтарған ару: (Ақжүніс) 
• Ақжүністің мінезінің көп қыры байқалатын сәт: (Қартқожаққа айтқан 
монологында) 
• "Ер Тарғын" жырында батырды екі рет алдаған хан: (Ханзада) 
• "Ер Тарғын" жырындағы Ханзада ханның елі мекендеген тау аты: (Бұлғыр 
тау) 
• "Ер Тарғын" жырында кемеңгерлік тұлғасы мен көрінген жырау: (Сыпыра 
жырау) 
• "Ер Тарғын" жырында кездесетін ақылшы жырау, дана, батагөй қария: 
(Сыпыра жырау) 
• "Өз өмірінде қолынан тоғыз ханды өткізіп, тоғыз ханды түзеткен кісі еді. " 
(Сыпыра жырау) 
• Ер Тарғын батырды райынан қайтарған данагөй жырау: (Сыпыра жырау) 
"Аруақты туған ер болсаң. 
Не қыласың бір қызды, " - деген пікірді айтатын: (Сыпыра жырау) 
"Есен барып, сау қайтсам, 
Домалатып басыңды алармын, " - деп, Ханзада ханға бітіспес жаулығын 
айтқан Ер Тарғынның райынан қайту себебі: (Елін қырғынға 
ұшыратпауды ойлады ) 
Атам қалды дейтұғын, 
Атам менен анам жоқ! 
Балам қалды дейтұғын, 
Өзімнен туған балам жоқ! 
Бауырым қалды дейтұғын, 
Ағам менен інім жоқ!… Үзінді қай жырдан алынған? ("Ер Тарғын" жыры) 
"Үстіме кнер кебін жоқ! 
Еңіреп жүрген ер едім, 
Қаптаған қара борандай, 
Өткені ме дүние боқ?! " - деп жаны күйзелген батыр: (Ер Тарғын) 
"Ажалым аштан болды ма? 
Ауызға жерге жемім жоқ, 
Егер өлсем бұл жерде, 


Сүйегімді ұстар теңім жоқ, " - деп қиналатын батыр: (Ер Тарғын) 
"Етектейін еріннен, 
Екі елісі қалыпты, " - деген шумақта жыршы қолданған тәсіл: (Литота) 
"Ай, Қартқожақ, Қартқожсақ! 
Атыңның басын тарт, Қожақ! 
Алғанымнан айырма, 
Мені өзіңе қайырма, " - деген өлең жолдарының буын, бунақ, ұйқас түрлері; 
(7-8 буынды, 2 бунақты егіз ұйқас) 
От орнындай тұяқтан 
Аймақтары қалыпты. 
Етектешін еріннің 
Екі елісі қалыпты, - деген жыр жолдарындағы ттосіл: (Кішірейту (литота) 
• Т.Әлімқұлұлы "Қараойға ертеде ат шалдырыпты-мыс," - деп 
Махамбеттен басқа кімді атайды? (Ер Тарғынды) 
*** «Ер Тарғын» жырындағы Тарғын бейнесі: (*Өлімнен тайсалмай, 
сертінде тұрады; *Үлкенді сыйлап құрметтейді; *Нағыз батыр, 
намысты ер) 
"Қамбар батыр" 
Қазақ халқы арасына көп тараған жырдың бірі, 19 нұсқасы белгілі. Соның 
бірі "Қисса-н-Қамбар" 1888 жылы Қазан университетінде жарияланған. 
1903 жылы Қазанда жырдың алғашқы нұсқалары "Тоқсан үйлі тобыр 
деген атпен жарық көреді. Ә. Диваев 1902 жылы жырдың толық нұсқасын 
ел арасынан жазып алып, 1922 жылы Ташкентте бастырады. 30-жылдары 
С. Сейфуллин, С. Мұқанов, М.Әуезов тер жариялаған. Жырдағы көптеген 
ономастикалық атауларға қарап Ә.Қоңыр амбар батыр" 
сюжетінің кейбір нұсқалары Сыр бойында туған" деген тұжырым айтады. 
Жырдың басты тақырыбы - жер мен ел намысын қорғау. Жырдың мазмұны 
- қалмақ басқыншыларына қарсы күрес. Жырдың негізгі идеясы - елдіктің, 
бірліктің туын жоғары ұстау, ноғайлы елін қалмақ басқыншыларынан азат 
ету арманы. Жырдың мақсаты - ертеде өткен ерлердің ісін кейінгілерге үлгі 
ету. 
Қамбар - ел сүйген батыр, жалғыз атты кедей жігіт, Әлімбай -Қамбар 
батырдың әкесі, Назым - Қамбарға ғашық жан, Әзімбайдың жалғыз қызы, 
Әзімбай - Назымның әкесі, атағы жер жарған бай; Қайыршақ, Қарымсақ, 
Сарымсақ, Қораз, Дараз, Алшыораз - Назымның ағалары, Жәдігер - 
Әзімбайдың Қамбарға жіберген хабаршысы, Қара қасқа ат - Қамбардың 
тұлпары, Қараман - қалмақ ханы, батыр, Керейұлы Келмембет 
Қараманның елшісі, Күлбадам - Қараманның тұлпары. 
• Қамбар батырдың әкесі: (Әлімбай) 
• Жырдың басында батыр туралы айтылмай, бір байдың қисапсыз мол 
байлығы, алты ұлы мен сұлу қызының көркі, сән-салтанаты туралы 
жырланатын батырлар жыры: ("Қамбар батыр") 
• Жырда тоқсан үйлі тобырын (қара халқын) аң аулап асыраған батыр: 
(Қамбар батыр) 
• Қамбар батырдың тойға келмей қалуы арқылы жыраудың аңғартқысы 


келген ойы: (Қамбардың қатардағы қарапайым кісі еместігін 
аңғартады) 
• Адамгершіліктің ең жоғары қасиеттерін бойына жинаған халық арманынан 
туған образ: (Қамбар) 
• Қамбардың даңкына сырттай ғашық болатын сұлу: (Назым) 
• Қамбар батырдың ғашығы әрі сүйген жары: (Назым) 
• Батырлар жырында болашақ жарын өзі таңдаған ақылы көркіне сай ару: 
(Назым) 
• Назымның қазақ эпостарындағы қыздар бейнелерінің биігі бола алатын 
себебі: (Ел мәселесін саналы түрде ашық айтатын қыз) 
• "Қамбар батыр" жырындағы қай кейіпкердің сөзі? 
Бөтен туған бала едің, 
Жұртқа тұлға болғандай. 
Сол себепті сені тежеймін. (Назымның) 
• "Қыз Назым шықты бұраңдап, 
Он сегіз толған жасына, 
Кәмшат бөрік келісіп, 
Бриллиант қойды басына…"- деген үзінді қай жырдан? ("Қамбар батыр") 
• Қамбар батырдың тұлпары: (Қара қасқа ат) 
• Тарлан ат қандай эпостық кейіпкерлердікі? (Ер Тарғын, Көбікті) 
• "Қамбар батыр" жырында қалмақ ханы Қараманнаң қалың қолымен келіп 
қамап жатқанын Ноғайлы елі Қамбарға кім арқылы хабар береді? (Жәдігер 
арқылы) 
• "Қамбар батыр" жырында Назымның ағаларынан Қамбар батырды 
жақтаған кейіпкер: (Алшыораз) 
• Қыз Назымға жаушы гып, 
Жиырма жігіт жіберді 
Қалмақтың ханы жұртынан "Қамбар батыр" жырынан алынған үзінділе 
берілген қалмақ ханы: (Қараман) 
Жеті атасы орынды, 
Алатаудай айбаты, 
Рүстем-Дастан форымды. 
Ерегессең онымен, 
Құртады әбден сорыңды. 
Сәулеті мен дәулеті 
Құп өзіне қонымды. "Қамбар батыр" жырынан алынған Келмембеттің 
сөзінде кімнің бейнесі берілген? (Қараманның) 
• "Қамбар батыр" жырында жекпе-жекке шыққан Қараманның Қамбардан 
жеңіліп қалуының себебі: (Елін қорғаған Қамбар ерлігінің тендессіз 
екендігі) 
• "Қамбар батыр" жырының тілдік ерекшелігі: (Юмордың, әзілдің ұтымды 
қолданылуы) 
• Жәдігердің Қараман ханның ауыр қолмен келіп, ноғайлы елін қамап 
жатқанын: 
Ойда жоқ жерден от шығып, Қонысымыз тарылды… - деп жеткізудегі тәсіл: 


(Символ); (Жауды өрт бейнесінде сездірді); (Еркін ұйқас) 
• Қараманның Қамбарға: "Неге кешігіп келдің?" дегеніне Қамбардың: 
…Сұңқардың йғен қазына 
Бір қарақұс таласыт, 
Жатыр екен өшігіп… - деп жауап беруі: (Символмен берілген) 
• "Қамбар батыр" жырындағы символдар: (Сұнқар, қаз, қарақұс, құмай, 
тазы, аққу, төбет) 
• "Қамбар батыр" жырында көп байқалатын тәсіл: (Шегініс жасау тәсілі) 
• "Қамбар батыр" жырының өзіндік ерекшелігі: (Аңшылық өмірді 
суреттеу, аңшылықты ерлік етіп дәріптеу) 
• "Қамбар батыр" жырындағы оқиға қалай өрбіді? 
1. Қамбардың аңшылығы. 
2. Қамбар мен Назымның қосылуы. 
3. Қараман ханды Қамбардың жекпе-жекке шақыруы. 
4. Қараман ханның Назымды күштеп жар етпек болуы. 
5. Назымның жар таңдау тойы. 
6. Әзімбай ауылына қалмақ елінен елші келуі. (5,1,6,4,3,2) 
*** "Қамбар батыр" жырының негізгі идеясы: (*Ноғайлы елін қалмақ 
шапқыншыларынан азат ету) 
*** "Қамбар батыр" жырының кейіпкерлері: (*Алшыора); *Назым; 
*Әзімбай) 
*** "Қамбар батыр" жырындағы Алшыораз ға тән қасиетттер): ("Адал; 
*Ақылды; *Зерек) 
• А. Байтұрсынұлы бастырған эпостық жыр: ("Ер Сайын") 
• Эпостық жанр: (Тарихи жыр) 
Лиро-эпостық (ғашықтық) жырлар 
Ғашықтық жырлардың батырлық эпостан айырмашылығы: 
1. Батырлық эпоста батырдың халық мүддесі жолындағы күресі негізгі 
тақырып болса, ғашықтық дастандардың негізгі тақырыбы - екі жастың 
бақытқа жету жолындағы тартысы, қасірет-зары, махаббаты. 
2. Батырлық дастандарда шешуші рөл атқару бермейтін рулық қарым- 
қатынастар, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып ғашықтық жырлардың фабуласына 
заңды түрде кабысады. 
3. Батырлар жырында образдар шындықтан шалғай, шартты түрде алынса, 
ғашықтық жырларда образдар реалистік түрде сипатталады. 
• Ғашықтық жырлардың батырлар жырынан үш айырмашылығын атап 
керсеткен қаламгер: (М. Әуезов) 
"Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жыры 
"Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жыры - қазақ лиро-эпостарының ішіндегі ең 
көнесі, оның 15 шақты нұсқасы бар. Алғашқы башқұрт тіліндегі нұсқасын 
1812 жылы Т. Беляев жазып алып, Қазанда жариялаған. Ең танымалы - 
Жанақ ақын жырлаған нұсқа. Ш. Уәлиханов жырды Атығай Арыстанбай 
ақынның аузынан жазып алған. Бұл нұсқада жыр қайғы мен аяқталады. 1833 
жылы А. С. Пушкин де Жайық бойындағы Кіші жүз қазақтарының әңгімесін 
жазып алған. В. В. Радлов неміс тіліне аударып бастырған. Радлов, 


Бейсенбай, Шөже нұсқаларында Қозы өлмей, аман қалады. Абай Құнанбаев 
1884 жылы Жанақ ақыннан жырдың бір нұсқасын жазып алып, 
Г.Н.Потанинге сыйға тартқан. Г. Н. Потанин: "Бұл жер жүзіндегі ең 
қымбат әдебиет мұраларына жататын шығарма, " -еп бағалаған. 
Қозы Көрпештің әкесі - Сарыбай (75 жаста), сүйген жары - Баян. Қарабай 
- бай (83 жаста), Баянның әкесі; Ай мен Таңсық - Қарабайдың қыздары, 
Баянның әпкелері; Тайлақ - Сарыбайдың құрдасы, Сарыбайдың өлімін 
түсінде көріп, әйеліне жеткізеді; Айбас - Тайлақтың кенже інісі; Сасан би 
- Қарабай көшіп барған елдің биі; Көсемсары - сері; Қодар - қара күш 
несі, батыр; Танаш - Қарабайға құда болып барған кісі. 
Қарабайдың мінген аты - Аққайың. 
Жырдың негізінде F. Мүсірепов "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" (1939 ж.) 
трагедиясын жазды. 
"Қайғы Көрпеш-Баян сұлу" жыры - адал достықты жырлайтын дастан. Мұнда 
халықтың дұрыстыққа деген тілеулестігі жырланады. Ұнамды мінездер, 
ұнамды 
кейіпкер арқылы жоғары бағаланады". (М. Әуезов) 
"Қозы. Көрпеш-Баян сұлу" жыры - махаббат тақырыбына арналған 
жүзіндегі ауыз адебиетінің (фольклор) төрінен орын алады. " (С. Мұқанов) 
Ш. Уәлиханов "Ромео-Джульетта" жырына теңеген жыр: ("Қозы 
Көрпеш-Баян сұлу") 
"Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырын Шоқан жазып алған ақындар 
(Арыстанбай, Жанак) 
• Ш. Уәлихановтың Жанақ ақынның айтуымен ең алғаш қағазға түсірген 
жыры: ("Қозы Көрпеш-Баян сұлу") 
• Шоқанның ел ішіндегі аңыз-әңгімелерден, халық жырлары мез 
дастандарынан алғашқы жазып алған шығармасының аты: ("Қозы 
Көрпеш-Баян сұлу" жыры) 
• Шоқан өзі жинаған қазақтың ауыз әдебиеті нұсқаларын, "Қозы 
Көрпеш-Баян сұлу" жырын берген профессор: (Березин) 
"Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жыры орыс тіліне аударылып, сол тілде 
жарыққа шыққан жыл: (1853 жыл) 
• 1833 жылы А. С. Пушкиннің кіші жүз қазақтарынан жазып алған жыр: 
("Қозы Көрпеш-Баян сұлу") 
• "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырын жазып алып… сол тақырыпқа поэма 
жазуды ойлаған орыс ақыны: (А. С. Пушкин) 
• В. В. Радлов неміс тіліне аударып бастырған жыр: ("Қозы Көрпеш -Баян 
сұлу") 
• "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырында басым суреттелетін кәсіп: (Мал бағу) 
• Түйемойнақ, Жылытау, Сауыр, Сойқал деген жер атаулары қай жырды 
кездеседі? ("Қозы Көрпеш-Баян сұлу") 
• Балталы, Бағаналы деген жер аттары кездесетін жыр: ("Қозы 
Көрпеш-Баян сұлу") 
• "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырындағы тарихи шындық пен сәйкес келетін 
жер-су аттары: (Бетпақдала, Аягөз) 


• Сасан би, Қарабай, Қодар атты есімдер кездесетін жыр аты: ("Қозы 
Көрпеш-Баян сұлу") 
• Айбас, Қарабай, Қодар қай жырдың кейіпкерлері: ("Қозы Көрпеш-Баян 
сұлу") 
• "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырының кейіпкерлер тізбесі: (Ай, Таңсық, 
Қодар) 
• "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырының негізгі тақырыбы: (Жастардың бас 
бостандығы) 
• Қозының мінген аты: (Күрең бесті) 
"Іздеп едім, қайнаға-ау, кез келесіз, 
Айпарадай ақ жүзім сіз көресіз 
Қайнаға-ау, көріпсіз бір перзентті, 
Сүйіншіге, қайнаға-ау, не бересіз?" - деген үзінді: ("Қозы Көрпеш-Баян 
сұлу" жырынан) 
• Сарыбай мен Қарабайдың кездескен жері: (Балталы жерінде) 
• Жыр басында ұшырасатын кейіпкерлер: (Сарыбай мен Қарабай) 
• Қозының әкесі: (Сарыбай) 
• Сарыбай қанша жаста? (75 жаста) 
• Қозыны Баянмен табыстырған адамды табыңыз: (Айбас) 
• "Қозы Көрпеш-Баян сұлу " жырындағы Айбас қандай кейіпкер? (Әділдік 
жолында күресуші) 
• "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырындағы Қозының намысын қорғау үшін 
шыққан: (Айбас) 
• Сәлем де ініңізге, іздеп келсін, 
Келмесе, сорлы Баян дегені өлсін, - деп Баян кімге айтқан? (Ай басқа) 
• "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырында Қозы мен Баянға тілеулес боп, 
көмектесетін жандар: (Ай мен Таңсық, Айбас, Көсемсары) 
"Тал бойының міні жоқ, қолаң шашты, 
Шашының ұзындығы тізін басты. 
Гүл төгілер аузынан меруерт тісті, 
Ондай жан дүниеде жер алмасы," - деген қай кейіпкердің сипаты? 
(Баянның) 
"Аппақ керік маңдайлы қылығы наз, 
Малың түгіл басыңды берсең-дағы аз," - деген: (Баянның бейнесі) 
• Лиро-эпос кейіпкерлерінің ішінде тоқсан сері жігіт қай қыз үшін елінен 
безеді? (Баян сұлу) 
… гашық болып тоқсан бағылан, 
Бәрі де іздеп шықты жапан түзге. 
Бәрі де ғашықтықпен жапан кезген, 
Баршасы ғашық болып елден безген. 
Үзіндідегі көп нүктенің орнына лайықты кейіпкер: (Баян) 
• Баянның әкесі: (Қарабай) 
• Қызынан малын артық көретін әке: (Қарабай) 
• "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырындағы Қарабайдың жылқысының саны: (90 
мың) 


• Баянды Қозыдан алып қашқан Қарабай Қодарға қай жерде кездеседі? 
(Бетпақта) 
• Бетпақтан алып өткен Қодарға Қарабай қандай уәде берген? (Баянды 
бермек болады) 
"Қозы Көрпеш-Баян Сұлу" жырындағы алты құлаш ала бедеу кімнің 
астына мінген аты? (Қодардың) 
• "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырының басты кейіпкерлері кімдердің 
қастандығы мен қиянатынан азап шегетін і: (Қарабай, Қодар) 
• Қарабай мен Қодардың Қозы Көрпешке жасаған жамандығы: (У береді) 
"Қара көзін қан басып қарағанда, 
Маңына жоламайды, Қодар үркіп, " - деген "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" 
жырынан алынған жолдарда кім туралы сөз болып отыр? (Қозы Көрпеш) 
"Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырындағы: 
"Тіршілікте, тазшеке-ау, ұмытпайын, 
Коя берші, көштегі жеңгең көрер, " - деген жалынышты сөздерді айтатын 
кейіпкер: (Қодар) 
"Қозы Көрпеш-Баян сұлу" дастанындағы Сарыбай маралды не себептен 
өлтіргені: (Қарабай өтінішіне орай) 
• Қарабай жарып жібергенде маралдың ішінен не шығады? (Егіз қодық) 
• "Қозы Көрпеш Баян сұлу" жырында Қарабайдың үйіне құдалық туралы 
сөйлесуге он бір кісі қосып, кімді жібереді? (Танашты) 
• "Балталы, Баганалы, ел аман бол, 
Бақалы, балдырғанды көл, аман бол, " - деген "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" 
жырындағы Ай мен Таңсықтың сөздері салт жырларының ішіндегі 
қоштасуға жатады. 
"Балталы, Бағаналы, ел аман бол, 
Бақалы, балдырғанды көл, аман бол, " - деген коштасу өлең алынған жер: 
("Қозы Көрпеш-Баян сұлу") 
• "Балталы, Бағаналы, ел аман бол, " - деп, туған жерімен қимай қоштасатын 
лиро-эпос жырындағы қыздардың аты: (Ай, Таңсық) 
• "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырында қоштасу жырын айтқан кейіпкерлер: 
(Ай мен Таңсық) 
• "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырында қандай тұрмыс-салт жырлары 
қолданылған: (Қоштасу, жар-жар, естірту, жоқтау) 
… Аққу ұшып көлге кетті, 
Ақсұққар ұшып шөлге кетті, 
Олар адасып кеткен жоқ. 
Әркім баратын жерге кетті. " Жыршының жұмбағының шешуі: 
(Сарыбайдың өлгенін естіртіп отыр) 
• Сарыбайдың бұл дүниеден өткендігін естірткен: (Тазаа) 
• "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жыры қандай өлең түрімен жырланған? (11 
буынды қара өлең түрімен) 
"Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жыры - адал достықты жырлайтын дастан. Мұнда 
халықтың дұрыстыққа деген тілеулестігі жырланады, Ұнамды мінездер, 
ұнамды 


кейіпкер арқылы жоғары бағаланады, " - деген пікірдің иесі: (М. Әуезов) 
• "Қодар - Қарабайдың қара шоқпары, қараңғы күші есебіндегі сұмырай 
серігі, " 
деген пікірдің иесі: (М. Әуезов) 
• "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырының тілі - нағыз халық тілі, " - деген 
пікірдің 
авторы: ( М. Әуезов) 
• "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" дастаны - қазақ әдебиетінің зор мұрасының бірі. 

деген пікірдің авторы: ( М. Әуезов) 
"Қозы Көрпеш-Баян сұлу" трагедиясын жазған: (F. Мүсіренов) 
"Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жыры мен F. Мүсіреповтің осы аттас 
трагедиясының айырмашылығы: (Көп айырмашылығы бар) 
"Қозы Көрпеш-Баян сұлу" пьесасындағы Қарабай: (Баянның әкесі) 
• Қазақ театрында ұзақ жылдар бойы Қарабайды ойнаған әртіс: (Серке 
Қожамқұлов) 
• Қозы мен Баянға арналған ескерткіш тұрғызылған жер: (Аягөз) 
*** "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жыры: (*Көп нұсқалы жыр; *Ғашықтық 
жыр) 
"Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жырындағы Қарабай бейнесі: (*Сараң, 
дүннеқоңыз; *Қатігез, өзімшіл) 
*** "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жырында Сарыбайдың өлімін естірткен: 
(*Тазша) 
*** Ай, Таңсық, Айбас, Тайлақ деген кейіпкерлер кездесетін жыр: (*«Қозы 
Көрпеш - Баян сұлу») 
"Айман-Шолпан" жыры 
"Айман-Шолпан" жырын ең алғаш жазып алып, баспаға ұсынған - 
Жүсіпбек Шайқыисламұлы. Поэманың тууына негіз болған XIX 
ғасырдың бірінші жартысындағы оқиғалар. Эпостық элементтермен қатар 
тарихи поэмаларға тән элементтер де анағұрлым басым. 
Маман - Тама елінің байы, Айман, Шолпан - Маманның қыздары, 
Көтібар - Шекті елінің батыры, қара күштің иесі, Те 
де долы токалы, Есет - Көтібардың ұлы, тарихи тұлға, Арыстан 
Көтібардың інісі, Шолпанның сүйген жігіті, Әлібек - Айманның сүйген 
жігіті. 
Жыр негізінде М. Әуезов "Айман-Шолпан" (1934 ж.) комедияетн жазды. 
Таным дерек 
Көтібар Бәсендеұлы (т. ж. б. - 1823) - батыр. Кіші жүз құрамындағы шекті 
руынан 
шыққан. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы кезінде сарбаз 
жинап, 
Ресей үкіметінің отарлау саясатына қарсы күрескен. Жайық бойындағы 
бекіністерге 
бірнеше рет шабуыл жасаған. Көтібардың 7 баласы болған, үлкені - атақты 
Есет 


батыр тарихи тұлға. ("Қазақстан" ұлттық энциклопедия, 5-том, 54-бет). 
• Ел тұтқасын ұстау әйелдердің де қолынан келетіндігін дәлелдеген жыр: 
("Айман-Шолпан") 
• «Айман-Шолпан» жырының негізгі тақырыбы: (Ескі мен жаңаның 
арасындағы күрес) 
• Айман мен Шолпанның әкесінің аты: (Маман) 
• Маманның шыққан тегі, руы: (Шекті) 
• Арыстан, Есет, Әлібек атты кейіпкерлер кездесетін иыр: 
("Айман-Шолпан") 
• Қазақ ауыз әдебиетіндегі жаңа әйел, саналы қыз образы: (Айман) 
"Айман-Шолпан" жырындағы Айманның өзге жырлардағы қыздардан 
айырмашылығы: (Әлеуметтік іске араласуында) 
"Айман-Шолпан" жырындағы Айманның ақылы байқалады: (Баланы 
бауран алуынан) 
Мен ажалым жетпей өлмеспін, ешкімнің қырсығына көнбеспін," - деген сөз 
иесі: (Айман) 
• Айманның Шолпанды елге қайта руының себебі: (От жағып, күң болып 
кетеді деп ойлаған дықтан) 
• "Айман-Шолпан" жырындағы Айманның есік алдындағы Қызылқұмға 
жасырған байлығының саны: (500 от, 80 інген, 40 алтын, 15 күміс табақ) 
"Қараңыз, мына сөздің сарасына, 
Көз жетті елді шаппақ расына. 
"Шайтан сөз топ ішінде не керек?" деп… - деген жолдың жалғасы: (Арыстан 
түсе берді арасына) 
• "Айман-Шолпан" жырындағы "Шайтан сөз топ ішінде неге керек?" - деп, 
бітімге шақырған сөздердің иесі: (Арыстан) 
"Айман-Шолпан" жырында Айманның атты сұрап алуына да, Шомпанды 
еліне қайтаруына да, Есеттің Айманға алпыс күнге дейін неке қимауын 
қалап алуына да себепкер болған адам: (Арыстан) 
• Әлібек бейнесіне тән сипат: (Жау іздеуге, пәле іздеуге құмар емес) 
• Маман байдың ауылын кім шабады? (Көтібар) 
• "Айман-Шолпан" жыры аяқталар тұста Көтібар: (Өкіл әке болады) 
• Маман мен Көтібарды бейнелеудегі ерекшелік: (Сарказм мен ирония) 
• "Айман-Шолпан" жырындағы қазақ феодалдарына тән сипаттар. 
(Тоғышар, топас, ұсақ тіршілік адамдары) 
• "Айман-Шолпан" жырындағы Көтібардың баласы: (Есет) 
• "Айман-Шолпан" жырындағы кейіпкер: (Теңге --Көтібардың бәйбішесі) 
• Берілген үзінді қай жырдан алынған: 
"Базарда теңге болсаң, пұл боларсың, 
Қолыңа құрық алсаң, құя боларсың. 
Батырдың айтқан сөзі рас болса, 
Қолыма су құятын күң боларсың. " ("Айман-Шолпан", Теңгеге айтқан) 
"Айманның ақ мамықтай білегі бар, 
Майысқан жез қармақтай сүйегі бар, " - деген жолдардағы көркемдегіш құра 
(Теңеу) 


*** "Айман - Шолпан" жыры: (*Лиро-эпостық жыр; *Тарихи жыр) 
• *** "Айман - Шолпан" жырындағы тарихи тұлға(лар): (*Есе); *Көтібар) 
"Қыз Жібек" жыры 
"Қыз Жібек" жыры 1905-1909, 1911 жылдары Қазан қаласында 
Құсайыновтар баспасында басылған. Осы нұсқа 1925 жылы Ә. Диваев 
редакциясымен Ташкентте жарияланған. 1939 жылы "Батырлар жырының" 
бірінші томына енген. "Қыз Жібек" жыры - идеялық мазмұны, сюжеті, 
композициясы, көркемдік айшықтары җағынан лиро-эпостық дастандардың 
ішіндегі үздік туындылардың бірі. 
Төлегеннің әкесі - Базарбай, сүйген жары - Қыз Жібек, туған інісі … 
Сансызбай, ақын досы - Шеге. Төлегеннің тұлпары - Көкжорға. 
Сырлыбай - хан, Жібектің әкесі, Қаршыға - оның ақылшысы, уәзірі, 
Бекемсан - Жібекке ғашық батыр. 
Хорен - қалмақ ханы. Сандалкок - Хорен қалмақтын тұлпары. 
Жыр негізінде F. Мүсірепов "Қыз Жібек" пьесасын (музыкалы драма) 
жазды. 
Таным дерек 
Бекежан Айбекұлы (1667-1730) - батыр, "Қыз Жібек" жырындағы 
Бекежанның 
прототипі. Сұрмерген садақшы, "қылыштың перісі" аталған. Ел арасында 
оның 
ерлігін баяндайтын көптеген жырлар сақталған. Алғашқы әйелі - башқұрт 
мырзасы 
Күрамыстың қызы Салиха. Одан туған Қайрақ, Байрақ. Тайлақ деген үш ұлы 

батырлар. Тайлақ Аңырақай шайқасында Кіші жүз жасағын бастаса, Қайрат, 
Байрақ 
- мыңбасы болған. Бекежан батырдың дүниеден озуы жайлы екі түрлі дерек 
бар: 
бірінде 45 жасында соғыста алған жарақаттан қайтыс болды десе, екіншісінде 
түрікмендермен болған соғыста мерт болды делінеді. Қабірі - Батыс 
Қазақстан 
облысы, Сырым ауданы, Шідерті өзені бойындағы Тайлақ қорымында. 
("Қазақстан" 
ұлттық энциклопедия, 2-том, 254-бет). 
• "Қыз Жібек" жырындағы тарихи шындық пен сәйкес келетін жер-су аттары: 
(Қособа, Жайық, Еділ) 
• Қазақтың көшпелі өмірі, әдет-ғұрпы, мінез-құлқы, киім-киісі, жүріс- 
тұрысы, қыздарының әсем сұлулығы суреттелетін лиро-эпос жыры: ("Қыз 
Жібек") 
• Әмеңгерлік салт кездесетін жыр: ("Қыз Жібек") 
• "Қыз Жібек" жырына өзек болған мәселе: (Шынайы махаббат) 
• "Қыз Жібек" жырының басты кейіпкері Төлегеннің әкесі мен шешесі: 
(Базарбай, Қамқа) 
• Қалыңдық іздеп, ел-жұрттан қыз жаратпай, өзіне сүйікті жар болар сұлуды 


Ақ Жайық елінен іздеген бас кейіпкер: (Төлеген) 
• Төлегенді Ақ Жайықтың сұлуларына ынтық еткен адам: (Саудагер шал) 
• Жайықта қызы сұлу артық ел бар, 
Ерінбей қыз іздесең, сен соған бар. 
Шетінен-ақ аласың бір сұлуды, 
Болмағын мүнда тұрып қатерін тар. "Қыз Жібек" жырынан алынған бұл 
үзіндіні саудагер шал кімге айтқан? (Төлегенге) 
• Толеген бейнесіне сай тіркес: ("Падишадан кем емес") 
• Телегеннің Ақ Жайыққа - Жібегіне жалғыз өзі жол тартқандағы көрінетін 
асыл қасиеті: (Уәдеге беріктігі) 
Төлеген Ақ Жайыққа қанша жорға алып кеткен? (Жнырма бес мын, 9. 
сынып ҚӘ "Мектеп", 54-бет); (9-сынып ҚӘ. Хрестоматия. "Мектеп". 71-бет. 
250 
жылқы) 
• "Қыз Жібек" жырында Төлеген Жібекті тапқанша қанша көшке жолығады? 
(11) 
"Қыз Жібек" жырында Төлегеннің сұлу қыз іздеген хабарын естіп, оны 
көрмекке аттанатын кейіпкер: (Қаршыға) 
• Төлегенді Сырлыбай ханның еліне ертіп апарған адам: (Қаршыға) 
• "Қыз Жібек" жырындағы Қаршыға: (Сырлыбай ханның ақылшысы) 
• "Қыз Жібек" жырында жағымды, ақылды, ақындық қасиеттері мен 
көрінетін кейіпкерлер: (Қаршыға, Шеге) 
• "Қыз Жібек" жырындағы Сырлыбай ханның ақылшысы, уәзірі әрі от 
ауызды, орақ тілді шешен ақын: (Қаршыға) 
• "Муның бектігі бар, ешкім бұған бұлай дауыстап сөйлеген емес" деп 
түсіндіріп, 
Төлегеннің ашуын басып, сабасына түсіретін: (Қаршыға) 
"Қыз Жібек" жырында: 
"Мен бір сұлу табайын, 
Патиалардың жалғызы. 
Аты - Жабық, сұрасаң, 
Кереметін көп, " - деп айтқан: (Қаршыға) 
• Жібекті жолықтыру үшін Төлегенмен Сырлыбай еліне жол тартқан 
кейіпкер: (Шеге) 
• "Қыз Жібек" жырында Төлегеннің ата-анасын қуантып, Жібекті 
Сансызбайға қосуға себепкер болған кейіпкер: (Шеге) 
"Қыз Жібектің ақтығы, 
Нарыздың ақша қарындай…" - деген үзінді: ("Қыз Жібек" жырынан) 
Ләйлі-Мәжнүн балмаса, 
Өзгеден артық келбеті… 
-тің дидары - 
Қоғалы көлдің құрағы, - деген жыр жолдарындағы кімнің сипаты? (Қыз 
Жібектің) 
• "Қыз Жібек" жырындағы жастардың арман, тілегіне қарсы топ: (Базарбай 
тобы) 


• "Қыз Жібек" жырында ғашықтарға қастандық етуші: (Бекежан) 
• "Өзім батыр болған соң, кімді аяйын…" - деп Жібекке шімірікпей жауап 
берген: (Бекежан) 
"Аспандап ұшқан алты қаз, 
Сіздер тірі, мен өлі, " - деп, өлім алдында алты қазбен қоштасатын лиро- 
эпостық жыр кейіпкері: (Төлеген) 
"Ай мүйізді қошқардың, 
Бөрі тартар қоңынан," - деген "Қыз Жібек" жырынан алынған жолдардағы 
көркемдегіш құрал: (Астарлау) 
• "Төлеген сынды ағаның жұмақтан жазсын түркгын," - деген жоқтау сөз 
айтқан: (Шеге) 
• Төлегеннің қазасынан кейін Сансызбайға ағалық қамқорлық көрсететін: 
(Шеге) 
• Төлеген өлімінен кейін Жағалбайлы еліне Жібек кімдермен бірге жол 
тартқаны: (Сансызбай, Шеге) 
• Төлегеннің қазасынан кейін Жібек әмеңгерлік салты бойынша кімнің жары 
аталатыны: (Сансызбайдың) 
• Сансызбайды жұбататын, Жібек пен Сансызбайды елге әкелетін, 
Төлегеннің ата-анасын қуантып, Жібекті Сансызбайға қосатын кісі: (Шеге 
акын) 
• Сырлыбай еліне келіп, Жібекті қалыңдық ретінде беруін талап ететін 
қалмақ батыры: (Хорен) 
• Қыз Жібек ебін тауып алып кеткен қалмақ батыры Хореннің тұлпары: 
(Сандалкөк) 
• "Қыз Жібек" жырында Жібектің Төлегеннің еліне аттанбақ болып мінген 
Хорен қалмақтың тұлпары: (Сандалкөк) 
Үзінді алынған жер: 
Бикешжан бүгін түс көрді, 
Астындағы Көк жорға ат 
Ер-тоқымсыз бос келді. 
Ел жайлаған Ақжайық, 
Жағалай біткен бидайық. 
Алдында жанған шырағын 
Біреу үрлеп өшіріп, 
Көзінен болды сол ғайып. 
("Қыз Жібек") 
• Үзінді алынған жер: 
Көзінің гауһар қарасы, 
Туған айдай иілген 
Екі қасының арасы. 
Сымға тартқан күмістей 
Он саусақтың саласы. 
Сондай-ақ болып туар де, 
Адамзаттың баласы. 
("Қыз Жібек") 


Үзінді алынған жер: 
Қынама бешпент қынадым, 
Әзілмен сізді сынадым. 
Сынамаққа бір сөзді, 
Әзіл қылып айтып ем. ("Қыз Жібек")) 
• "Қыз Жібектің ақтығы 
Наурыздың ақша қарындай. 
Ақ бетінің қызылы 
Ақ тауықтың қанындай, "- деген суреттеудегі көркемдегіш құрал: (Теңеу) 
• Г. Мүсіреповтің пьесасы: ("Қыз Жібек", 1934 ж.) 
• F. Мүсіреповтің "Қыз Жібегі": (Музыкалық драма) 
*** Лиро-эпостық жырлар: (*«Айман-Шолпан»; *«Қыз Жібек»; *«Қозы 
Көрпеш-Баян сұлу») 
*** Орыс зерттеушісі Е.А.Александров тың Мұсабай ақыннан "Қыз Жібек- 
жырын тұңғыш рет жазып алған жылы: (*1880 жылы) 
*** "Қыз Жібек" жырының ЮНЕСКО шешімі бойынша қай жылы қанша 
жылдығы тойланған? (*2007 жылы 500 жылдығы) 
*** "Қыз Жібек" жырында кездеспейтін кейіпкерлер: (*Домбауыл; 
*Қараман); (Кездеседі: Хорен, Төлеген, Сансызбай, Сырлыбай. Қаршыға, 
Шеге) 
*** "Қыз Жібек" жырының кейіпкерлері бар жол(дар): (*Сансызбай, 
Төлеген, Қаршыға) 
*** Қыз Жібекке ғашық болған батырлар: (*Бекежан; "Төлеген) 
*** "Қыз Жібек" жырындағы әдет-ғұрып(тар): (*Әмеңгерлік; "Қоштасу) 
Айтыс 
Айтыс - топ алдында суырып салып айтылатын сөз сайысы 
әдебиетінің ерекше түрі. Айтыс - эпостан гөрі нақты өмірге жақын тұрған, 
мадағы 
мен сатирасы егіз поэзия. Ақындар айтысының ерекшеліктері: ақындар 
өлеңдері 
табан астында шығарады, тосыннан айтысады, суырып салма өнерін 
көрсетеді 
белгілі бір әуенмен айтылады; айтысқа үлкен де, кіші де. еркек те, әйел де 
қатыс 
береді; "халық театрының анық. дәл ұрығы бар" (М.Әуезов). 
Суырыпсалмалық өне 
мен ақындар айтысына Ш. Уәлиханов айрықша мән берген. Ол 
Г.Н.Потанинге: "Ел 
жақ арасындағы бітіспес қарама-қарсылық өмірдің барлық көріністерінен, 
тіпті аз- 
тойлардағы ақындар айтысынан да анық байқалады…" деп жазған. 
I. Бәдік. 
2. Жар-жар. 
3. Жануарлар мен адамның 
айтысы. 


4. Өлі мен тірінің айтысы. 
Айтыстың түрлері: 
5. Жұмбақ айтыс. 
6. Салт айтысы - қыз бен жігіт 
айтысы; ақындар айтысы. 
7. Осы күнгі айтыстар 
• "Айтыс - сөз барымтасы, " - деп баға берген зерттеуші: (М. Әуезов) 
Ақындар айтысының ерекшелігі - онда "халық театрының анық, дәл ұрығы 
бар. 
деген пікірдің иесі: (М. Әуезов) 
• "Ақындар айтысы - өнер жарысы, сөз сайысы, " - деп айтты: (М. Әуезов) 
• Театр өнерінің үлгісі байқалатын ауыз әдебиеті түрі: (Айтыс) 
• Екі жаққа бөлініп, айтыс түрінде орындалатын тұрмас-салт жыры: (Жар 
жар) 
• Айтысқа түскен ақынның бірден бастырмалап, қараыласын апшысын 
қуыра, сескендіре сөйлейтінінің себебі: (Қарсыласын жеңіп кетудің 
амалы) 
• Айтыскер ақынға тән негізгі қасиеттер тізбегі: (Суырыпсалмалылық, 
тапқырлық) 
• Айтыскер ақын бойынан табылуға міндетті емес қасиеттер тізбегі: 
(Сазгерлік, жазба ақындық өнер) 
• Адамның табиғаттың жұмбақ сырына түсінбеген кезінде туындаған 
айтыстың ең көне түрі: (Бәдік айтысы) 
• Бәдік жырының анықтамасы: (Әр түрлі ауруларды емдеу ниетімен 
айтылатын өлең-жырлар) 
•Салт айтысы бөлінеді: (2-ге; қыз бен жігіт айтысы; ақындар айтысы) 
• Ақындар айтысының даярлығы болып табылатын салт айтысы: (Қыз бен 
жігіт айтысы) 
•Қыз бен жігіт айтысының мазмұндық-тақырыптық ерекшелігі: (Елдің 
тұрмыс-салтының басқа жақтарын қамтуында) 
"Біржан мен Сара" айтысының негізінде композитор М. Төлебаев 
"Біржан Сара" операсын жазды. 
"Біржан Сара айтысы" - 
түр жағынан да, мазмұны жағынан да өзге 
айтыстардан оқшау тұрған әлеуметтік және көркемдік маңызы бар айтыс, 
(С. Мұқанов) 
Сара Тастанбекқызы (1853-1907) қазіргі Алматы облысы Ақсу ауданында 
туған. 
Көптеген өлеңдері мен "Тұзақ" атты дастаны бар. 1895 ж. Біржан сал мен, 
1889 ж. 
Әсет Найманбайұлы мен, 1890 ж. Төребай Есқожаұлы мен айтысқан. 
• Сара Тастанбеккызы ның туған жері: (Алматы облысы, Ақсу ауданы) 
• Құрылысы мен түрі жағынан салт айтысының ең биігі болып табылатын 
айтыс түрі: (Біржан мен Сара айтысы) 
• Қыз бен жігіт әрі ақындар айтысына жататын айтыс түрі: (Біржан мен 


Сара айтысы) 
• Әйел теңдігі мәселесін көтерген айтыс: ("Біржан-Сара") 
• "Біржан-Сара" айтысының негізгі түйіні, прогресшіл идея: (Әйелдің бас 
бостандығы) 
• "Біржан Сара" айтысындағы Сараның әкесінің аты: (Тастанбек) 
•"Біржан-Сара" айтысында Сараға теңдік, бостандық әперуге ықпал 
жасаған: (Біржан) 
• Біржан мен айтысы басына еркіндік алуына себеп болған ақын қыз: (Сара) 
• Қызы едім Тастанбектің, атым - Сара, 
Ішінен ер Қаптағай шықтым дара. 
Он үште домбыра алып, сөз сөйлеп ем, 
Келемін бір сұрінбей жеке-дара… Үзінді алынған айтыс: (Біржан мен Сара 
айтысы) 
Он үште домбыра алып, сөз сөйлеп ем, 
Келемін бір сүрінбей жеке-дара, - дегенді айтқан: (Сара) 
• Сара Біржанмен айтысқанда болған үй: (Тұрысбек) 
"Біржан Сара" айтысында Біржан қай ақынды дара тұлға етіп 
бейнелеген? (Абай Құнанбайұлын) 
• "Біржан Сара" айтысында: 
"Тәттімбет - ардагерім Арғын асқан, 
Қырық түрлі күй арналған бармағынан… 
- деген сөзді айтқан: (Біржан сал) 
"Ақындық, мұзбалақлын жерге түспес, 
Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес," - деген жолдарды айтқан: (Біржан 
сал); (Қолданылған тәсіл - метафора) 
• Біржан салдың Сара ақынға айтқан сөзі: ("Жолықпай сөзі өктемге 
"жүрген шығар, Ауылында Тұрысбектің өлер жері") 
"Кемітер қай жеріңді душпан шіркін, 
Адамзат озар емес өз басыңнан, " - деген сөздерді қай айтыс ақыны кімге 
арнап айтқан? (Біржан Сараға) 
• "Асылым құдай берген өз басыма, 
Тең келмес жеті Біржан тырнағына, " -- деген жолдарда Сара ақын айтып 
отырған адам: (Жиенқұл) 
• Сараның "Арғынға жол бермеген есіл тілі" Жиенқұлға келгенде мүдірген 
себебі: (Жненқұлдың ақымақ, өнерсіз әрі дене кемістігі барлығынан) 
"Аргынга ұялғаннан үндемеуші ем, 
Есекке қосақтаулы өтті-ау күнім, "- деген сөз қай ақын қыздың өкініші? 
(Сараның) 
"Жоқ екен жүйрік иттей өлсем құным, ", 
"Ажал да кісі таңдап алады екен, 
Сол итті неге қойған алып кетпей?" - деген ашынған сөздердің иесі: (Ақын 
Capa) 
• "Біржан-Сара" айтысында Біржан сал Сара тағдырына ара түспегеніне 
өкпе айтатын елі: (Найман елі) 
• "Тұрмыстан туысымен таяқ жедім…" деген жолдар қай айтыскер ақынның 


өлең жолдарынан алынған? (Саранын) 
"Біржан-Сара" айтысындағы: 
"Сараны Жиенқұлға бере көрме, 
Қыз түгіл ер құнына келер шамаң. 
Бар болса сүйегінде ойлайсыңдар, 
Өлі тілін тірі алмас деген заман… 
… деген жолдарды айтқан: (Біржан) 
•"Біржан Сара" айтысындағы Жиенқұл сипаттамасы көркемдік тәсілдің 
қай түрі? 
Кісі емес ел намыҫын ұққандай-ақ, 
Ербиіп елсіз тауға шыққандай-ақ. 
Жиенқұл күжірейіп келер ме екен, 
Он мата арқасына тыққандай-ақ, (Сарказм) 
• "Біржан Сара" айтысының Жиенқұлға байланысты жерінде қандай 
бейнелі сөз қолданылған? (Ирония, сарказм) 
• Біржан Сараны нені тілге тиек ете жеңетіндігі: (Күйеуінің нашарлығын) 
• Айтыста Сараның Біржаннан жеңілу себебі: (Теңсіздік шырмауы) 
• Сара Тастанбекқызының: 
"Жалынмын жанып тұрған нөсерге өшпес, 
Болатпын екі жүзді алмас кеспес," - деген жолдарындағы көркемдік тәсіл: 
(Метафора) 
• Мына өлең жолдарындағы асты сызылған сөздер қандай көркемдеу 
құралы: 
"Ақ иық, мұзбалақпын жерге түспес, 
Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес." (Метафора) 
• "Қырандай желді күнге аспандаймын," - деген жолда қандай бейнелі сөз 
бар? 
(Тенеу) 
• Төмендегі шумақ көркемдеудің қай түрі? 
Көрінсін Біржан салға ай секілді: 
Ақ құйрық көңіл ашар шай секілді. 
Ұсынса қол жетпейтін арғымағым, 
Біржанға баламаймын тай секілді. (Ирония) 
•Сара Тастанбекқызы туралы жазылған еңбек: ("Тордағы тоты") 
• Табиғат құбылысын білсем деген арман-тілегінің иесі болып табылатын 
айтыс түрі: (Жұмбақ айтысы) 
• Жұмбақ айтысының ең жақсы үлгісі: ("Сапарғали мен Нұржан") 
•Нұржан мен Сапарғали айтысы айтыстың қай түріне жатады? (Жұмбақ 
айтысы) 
•"Омарқұл мен Тәбия" айтысында сөз болатын мәселе: (Қыз бен жігіт 
арасындағы көңіл) 
• Құнанбай "Өзіңе келетін сөзді білмейсің!"-деп, Балтаны қуып шығуы қай 
айтысқа байланысты? ("Балта мен Шөже" айтысы) 
• Айтысқа түскен ақындар Шөжеге қандай мін айтқан? (Соқырлығы) 
•Алшынбай мен Құнанбайды өлтіре сынап, оларды қорғай сөйлеген Балтаны 


жеңген ақын: (Шөже) 
"Шолақ сиыр, көзіңді ояйын ба? 
Биылғы жыл соғымға қояйын ба?" Үзінді айтыстың қай түріне жатады? 
(Жануарлар мен адамның айтысы) 
"Шиыршықтап қыл арқан ескеніңде, 
Кушолақты соялық дескеніңде, 
Қушолақты соғымға сойып алып, 
Бұржекейден көрермін көшкеніңді," - шумағы айтыстың қай түрінен 
алынған? 
(Жануарлар мен адамның айтысы) 
• Ақындар айтысында оза шапқан әйгілі әйел ақындардың тізбесі: (Тоғыз 
Тәбия, Ырысжан) 
Манап Көкенов айтысындағы «Қарағым, сен де сары, мен де сары» деген 
өлең жолдары кімге арналған? (Надежда Лушниковаға) 
• Осы күнгі айтыскер ақындардың тізбесі: (Ринат, Дәулеткерей 
Балгынбек); (Мәле Қосымбаев, Дәулеткерей Кәпұлы, Мұхамеджан Тазабек 
Серік Қалиев, Аманжол Әлтаев, Айбек Қалиев, Бекарыс Шойбеков, Оразаль 
Досбосынов (1975-2004), Серік Құсанбаев, Бауыржан Халиолла, Әбілкайы 
Сыздықов, Ринат Зайытов, Балғынбек Имашев, Айнар Тұрсынбаева, Сар: 
Тоқтамысова, Жандарбек Булгаков, т.б.) 
… Бәдік айтысының ерекшелігі: (*Айтыс жанрының көне Түрі; 
Шамандық діни наным-сенімге байланысты) 
*** Айтыскер ақынға тән емес қасиеттер: (*Дарақылық; "Жаттандылык) 
… *** Сараны Жиенқұлға атастырған ағалары: (*Есімдер; *Тұрысбек) 
*** Осы күнгі айтыскер ақындар: (*Серік Қалиев; *Аманжол Әлтаев; 
*Айнұр Тұрсынбаева) 
Мэлс Қосымбаев пен айтысқан Мұхаметжан Тазабековтің негізгі 
ой(лар)ы: 
Уа, Мәлс, тектілікке сай болайық, 
Бұл айтыс - шайқасатын майдан анық 
Арғы атаң найза ұстаған батыр еді, 
Атқан оғы тиетін айға барып. 
Іркес-тіркес іріден сөйлесеңші, 
Әңгіме айтқан жан болмай шайға барып. 
Қайран біздің қазақтың ұрпағы да, 
Майшабақтай барады майдаланып. (Қазақ жастарын мәрттікке, 
бірлікке шақыратын ой тастайды) 
Шешендік сөздер 
Қазақ шешендік өнерінің өкілдері: 
XI-XIII ғ. г. - Майқы би, Аяз би. 
XIV-XV f. r. - Асан қайғы, Жиренше шешен. 
XV-XVIII г. г. - Шалкиіз, Бұқар жырау т. б. 
XVIII г. - Төле би Әлібекұлы (1663-1756), Қазыбек би Келдібекұлы 
(1667-1764), Әйтеке би (Айтық) Байбекұлы (1644-1700). 
XVIII-XIX ғ. ғ. - хан-сұлтандарға қарсы шыққандар: Байдалы би, Тіленші 


би, Тарақты Тұяқ, Шалқар шешен; 
- бек-болыстарға қарсы шыққандар: Сырым Датұлы, Досбол шешен т. б. 
Шешендік сөздердің жанрлық түрлері: шешендік арнау, шешендік толгау, 
шешендік дау. 
Шешендік нақылдар мен толғаулар - ата-бабаларымыздың қалдырған сөз 
сарайы 
тіл маржаны, ақыл-ойдың дариясы, келер ұрпаққа айтып кеткен кір шалма 
аумырлық өсиеті. (М. Әуезов) 
Шешендік, кейбіреудің ұғымындай, әшейін ширақ сөйлеу, құрғақ пысықтық 
жасау емес. Шешендік - шексіз білімнен, терең ойдан, асқан парасаттан 
туатын 
нәрсе… 
Көп біліп, дөп сөйлеген --шешен, аз біліп, көп сөйлеген 
мылжың (3. Қабдолов) 
Қазақтар шешен келеді. Олар мақамдап сөйлейді, жай сөзінің өзі өлең боп 
құйылып жатады. (В. В. Радлов) 
Қазақтар сөз өнеріне жетік келеді. Бұл жұрттың бәріне: оқыған адамдарға да, 
әліпті таяқ деп білмейтіндерге де, байға да, жарлыға да тән қасиет. (А.Брем) 
Түркі халықтарының ішінде ең суретшіл, образды тіл - қазақ тілі. Қазақтар 
өзінің шешендігімен, әсем ауыз әдебиеті мен де даңқты. (С. Е. Малов) 
Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақтар 
шешен әрі әдемі сөйлеудің үлкен шебері… Қазақтардың халық әдебиеті аса 
бай әрі 
жан-жақты. (П. И. Мелиоранский) 
Қандай қиын түйінді де Әйтеке бауыздап, Қазыбек ұшалап, Төле мүшелеп 
берер 
еді! Қандай қиқар даукесің де Әйтеке айтқанда құлақ, аспасқа, Қазыбек 
айтқанда 
құптамасқа, Төле айтқанда "төресі осы" деп жығыла кетпеске жагдайы жоқ-
ты. 
"Әйтеке жарып айтады, Қазыбек қазып айтады, Төле тауып айтады" деген сөз 
де 
содан қалған-ды. (Ә. Кекілбаев) 
• Шешендік өнердің кеңінен дамып биіктеген кезеңі: (XV-XVIII f.) 
• Екі адамның белгілі бір талас мәселелерін, даудың шешімін шығарушылар: 
(Билер, шешендер) 
• Елге белгілі адамдардың қайсыбір оқиғаға байланысты айтқан тапқыр 
сөздер: (Шешендік сөздер) 
• Мазмұнына қарай үш түрге бөліп қарастыратын ауыз әдебиетінің үлгісі: 
(Шешендік сөз) 
• Шешендік сөздердің жанрлық түрлері: (3; шешендік арнау, шешендік 
толғау, шешендік дау) 
• Шешендік сөздердің басты ерекшелігі: (Халқымыздың даналық ойының 
үлгісі) 
• Шешендік толғаудың ерекше түрі: (Қанатты сөздер) 


• Нақыл сөздің белгілері: (Ғибратты, тәлім берерлік мәні бар терме 
жырлар, өлеңдер) 
Шешендік сөздердің басты ерекшелігі: (Халқымыздың даналық ойының 
үлгісі) 
"Қазақтар… мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын 
ұғындырады. ауызекі сөйлеп отырғанның өзінде… бейне бір өлең екен деп 
таңғаласың, " - деп, шешендікке баға берген ғалым: (В. В. Радлов) 
Қазақтың шешендік өнерінің тарихы басталады: (Майқы би мен Аяз 
биден) 
"Түгел сөздің түбі бір, түп атасы …" 
- деген халық сөзін толықтыратын бидің аты: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет