Ежелгі дәуір әдебиеті бес кезеңнен тұрады



бет1/122
Дата21.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#141949
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   122

ЕЖЕЛГІ ДӘУІР ӘДЕБИЕТІ


Ежелгі дәуір әдебиеті бес кезеңнен тұрады:
1. Біздің заманымызға дейінгі жазу-сызулар мен аңыз-жырлар. (Сак,
үйсін дәуірі б. з. б. VII ғ. - б. з. IV ғ.) Бұл дәуірлерден білге келіп жеткен Edir
жазуы, Тарғытай, Алып Ер Тұңға (Тоңа), Тұмар патшайым, Ширақ батыр
Зарина сұлу, Мөде батыр т. б. жайындағы аңыз-жырлар бар. Сақтардың 26
әріптен тұратын жазуы болған. Сақтар көне түркі тілінде сөйлеген.
2. Түрік қағанаты дәуіріндегі әдебиет. (V-VIII f.f.) Орхон ескерткіштері "Білге", "Күлтегін", "Тонұқұқ" жырлары, жазған кісі - Йоллығ тегін.
3. Оғыз дәуіріндегі әдебиет. (1 X-X ғ.ғ.) "Қорқыт ата кітабы","Оғыз қаған" жыры (VIII-IX ғ.ғ.).
4. Ислам дәуіріндегі әдебиет. (X-XII ғ.ғ.) Бұл дәуір әдебиеті шығарма иесінің шыққан ортасына қарай екіге бөлінеді:
a) Сыр бойы әдебиеті: әл-Фараби, Ахмет Йасауи, Ахмет Йүгінеки, Сүлеймен Бақырғани.
ə) Қарахан әдебиеті: Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари.
5. Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет. (XIII-XIV r.f.) Рабғузи, Хорезми, Сәйф Сараи.

Алып Ер Тоңа - өте көне замандарда өмір сүрген түркілердің көсемі, Иран ақыны Фирдоусидің "Шаһнама" (XI ғ.) кітабының кейіпкері (Афрасияп деп аталған) болған. Төрт ұлы болған: Барысхан, Қарахан, Шиде, Алақ. Алып Ер Тоңаны жоқтау жыры М. Қашқаридің "Түркі сөздерінің жинағына"енген.




Қорқыт (VIII ғ.) - тарихи тұлға әрі аңыз кейіпкері. Туып-өскен жері – Сыр бойындағы Жанкент (Жаңакент) қаласы. Қобыз аспабын ойлап тапқан, ұрпақтарға "Желмая", "Аққу", "Елім-ай", "Қорқыт күйі", т. б. күйлерді қалдырған.
"Қорқыт ата кітабының" (XV ғасырда жазылған) бізге жеткен екі нұсқасы бар: Дрезден қаласында 12 жырдан тұратын қолжазбасы және Италияда (Ватикан) 6 жырдан тұратын қолжазбасы. Алғаш рет ХХ ғасырда хатқа түсірілген. "Қорқыт ата кітабы" - VIII ғасырларда және одан бұрын туған аңыздардың жинағы. Кітаптағы жырлар: "Қазан бектің ауылын жау шапқаны туралы жыр", "Дерсе хан ұлы Бұқаш туралы жыр", "Төбекөз дәуді жеңген Бисат батыр", т. б. "Бамсы-Бейрек жыры" оқиғасы, құрылысы жағынан "Алпамыс батыр" жырына жақын келеді. Кітапта нақыл сөздер көптеп кездеседі.


"Оғыз қаған" жырының ұйғыр әрпімен жазылған нұсқасы Париж кітапханасында сақталып келген. 40-тан астам хикаядан тұрады. (Жыр


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет