1. Сөзжасамдық тәсілдер тілдің сөзжасам жүйесінің негізгі заңдылықтарының біріне жататыны.
2. Қазақ тіліндегі сөзжасамның қалыптасқан тәсілдері.
3. Сөзжасамның синтетикалық тәсілі, сөзжасамда негізгі орын алатыны, оның анықтамасы.
4. Сөзжасамның аналитикалық тәсілі.
5. Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі.
Сөзжасам орыс. словообразование – тіл білімінің жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін саласы. Зат не құбылыс туралы ұғым тілде таңбаланып, сөзжасамдық процесс негізінде атау ретінде танылады. Сөзжасамның зерттеу нысанына атаудың жасалуы, қалыптасуы, ұғымда қалыптасқан бейненің тілдік таңбасы, туынды сөздің жасалу сипаты, әдіс-тәсілдері, жаңа мағынаның ішкі құрылымы, т.б. жатады. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атаудың қалыптасуымен қатар, мағынаның дамуын, ұғым-мағына атаудың кешенді бірлігін қарастырады.
Сөзжасам Тілде жаңа сөз жасаудың тілдің сөзжасам жүйесінде қалыптасқан өзіндік жолы, заңдылығы бар. Тілде жаңа сөздер көне замандардан бері қалыптасқан заңдылықтар бойынша, яғни сөзжасамдық тәсілдер бойынша жасалады.
Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде көне замандардан бері қарай қолданылып әбден орныққан, қалыптасқан негізгі тәсілдері мыналар:
1) синтетикалық тәсіл,
2) аналитикалық тәсіл,
3) лексика-семантикалык тәсіл.
Сөзжасамның синтетикалық тәсілі. Қосымшалы тілдерде синтетикалық сөзжасамдық тәсіл туынды сөз жасауда негізгі тәсілдер тобына кіреді. Түркі тілдері, оның ішінде казақ тілі қосымшалы тілдер болғандықтан, сөзжасамның синтетикалық тәсілі тілімізде туынды сөз жасауда негізгі қызмет атқарады.
Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасауда екі тілдік бірлік қызмет атқарады:
лексикалық мағыналы сөз
сөзжасамдық жұрнақ
Синтетикалық тәсіл арқылы сөзжасамға қатысатын бұл
тілдік бірліктердің әрқайсысының аткаратын өзіндік
қызметі бар.
Туынды сөз жасауға қатысатын лексикалық бірлік туынды сөздің мағынасына арқау болады. Сондықтан да туынды сөз жасауға лексикалық мағыналы сөздер ғана қатысады. Мысалы, жүлдегер, ақта, ақылды, бәлеқорсияқты туынды сөздердің жаңа мағынасы жүлде, ақ, ақыл, бәле сөздерінің негізінде жасалған, сондықтан олар негіз сөздер деп аталады. Осы негіз сөздердің мағынасы мен туынды жүлдегер, ақта, ақылды, бәлеқорсөздерінің мағынасы байланысты. Ол мағына байланыстылық негіз сөздің мағынасының туынды мағынаға арқау болғандығынан туып тұр. Сонымен туынды сөздің негіз сөзі болатын лексикалық бірліктер туынды мағына жасау үшін қажет.
Туынды сөз жасауға лексикалық мағынасы бар тілдік бірліктердің қатысуы міндетті шарттың бірі болып саналады. Ал оның тұлғасы мен құрамына ешбір шек қойылмайды, сондықтан туынды сөздің негіз сөзінің қызметін негізгі түбір сөз де, туынды түбір сөз де, біріккен сөз де, қысқарган сөз де атқара береді. Мысалы, көгер, түндік, айлық, өртен деген туынды сөздерге негізгі түбір сөз негіз болған. Ал егінші, өнімсіз, білімпаз, сәнқойлық дегендерге егін, өнім, білім, сәнқойдеген туынды түбірлер негіз болған.
Туынды сөздің жасалуына негіз болған сөз бен одан жасалған туынды сөздің мағынасы байланысты болатындықтан, туынды түбірдің қай сөзден, не арқылы жасалғанын дәлелдеуге болады. Мысалы, өнімдеген туынды түбірдің лексикалык мағынасы - өнуәрекеті арқылы шыққан заттың аты. Өн, өнімсөздерінің мағынасының байланысы анық көрініп тұр, сол арқылы ол дәлелденеді.