Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады



бет30/92
Дата16.10.2023
өлшемі442,2 Kb.
#115942
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   92
Байланысты:
annotation15107 2

3. Хапиру халықтық қозғалысы
Б.з.д. ХІҮ ғ. Ең басында Финикия мен Сирия аралығындағы тауларда жаңа, ерекше бір мемлекет пайда болды. Оның негізгі халқын хапирулар құрады, олардың белгілі-бір тайпалық немесе территориялық шығу тегі бір болмағандықтан, жаңа мемлекеттің атауының да өзіндік ерекшелігі болды: мемлекетттің Амурру деген атауы ХҮ ғ. Аяғына дейін жәй ғана батыс, малшы тайпалардың мекен еткен жері дегенді білдірді (олар сондықтан да аморейлер, яғни батыстық деп аталды, ал олардың өз атауы сутилер болса керек). Хапирулер бұрын да мүмкіндік туған кезде өзін-өзі басқаратын қауымдар құрып отырған; олардың бір бөлігі жергілікті патшаларға әскери қызметке барып отырды, бірақ олардың бәрі жалпы патшалық билікке, соның ішінде әсіресе перғауын билігіне дұшпандық көзқараста болды.
Осы хапирулерді Амарру патшалығын құрған шенқұмар Абди-Аширта өз мақсатына жету жолындағы құрал ретінде пайдаланды. Перғауын ІІІ Аменхетепке жеткен мәлімет бойынша ол өз жақтастарының алдында сөйлеген сөзінде былай депті: «Жиналыңдар, Библға шабуыл жасаймыз. Егер ол жерде қаланы жаудан қорғайтын адам болмаса қала бастықтарын бүкіл ауданнан қуамыз, сонда барлық аудандар хапирулерге қосылады; сөйтіп барлық аудандар үшін «әділеттік орнайды», және жігіттер мен қыздар мәңгі қауіпсіздікте болсын. Ал егер перғауын бізге қарсы әскермен шықса, онда барлық аудандар оған жаулықта болады – сол кезде ол не істей алар екен?» «Әділеттік» деп Алдыңғы Азияда ең алдымен қарыздардан босату мен кепілдегілерді қайтаруды, және сондай-ақ мүмкіндігінше тартып алынған немесе сатып алынған жерлерді қайтарып алуды түсінген. Сонымен, барлық ұсақ мемлекеттердің «қала басшыларын» (патшаларды) қуып шығып, еркін хапиру болуды ұсынды, қарыз құлдығы жойылуға тиіс болды, ал әскери күшке көтеріліске шыққандардың ауызбірлікте болуы қарсы қойылды. Перғауын үкіметі ерте кездерден-ақ хапирулерді қуғындап, іздеп тауып құлдық ауыр еңбекке жегіп отырғаны түсінікті.
Абди-Аширта және одан кейін оның ұлы Азиру өздерінің перғауынға жазған хаттарында оның адал құлы екендігін айтып отырды, алайда сонымен бір мезгілде өз агенттері арқылы жүйелі түрде халықты өз «қала басшыларын» өлтіруге шақырып отырды. Шынында да Финикия мен Палестинаның әр жерлерінде бұл үндеулер қолдау тауып, кейде құлдардың жекелеген қарулы топтарының көтерілістеріне дейін орын алып отырды.
Б.з.д. ХІҮ ғ. 60-жылдары Хетт патшасы І Суппилулиума перғауындардың одақтасы – Митанни патшалығын талқандауды бастады. Амурру Хетт және Египет державаларының арасындағы аралық жағдайда қалды, алайда оның патшасы Абди-Аширта хеттер жағын жақтады. Хеттердің Сирияға шабуылы басталғаннан-ақ Египет билігіне қарағанда Хетт билігі жеңілдеу екендігі белгілі болды. Хетт патшасы өз бағыныштыларына қатынасын екі жақтың барлық құдайларының аттарымен бекітілген жазба келісім-шарттар арқылы анықтап отырды және бұл шарттарды орындап отырды. Хеттер жинап отырған алым да, олар талап еткен әскер құрамы да перғауын әскерлері мен шенеуніктерінің тонаушылығынан әлденеше есе жеңіл болды. Перғауын сарайлары мен зираттарының жоғары көркемдікпен жасалған бай әшекей безендірулері Шығыс Жерорта теңізі халықтары үшін шынында да аса қымбатқа түсті. Хеттер әзірге мұндай сән-салтанатқа үйрене қойған жоқ еді, ал олардың державасы бұған дейінгі Митанни державасы сияқты өзара тең емес болса да, бірақ одақтас мемлекеттердің конгломераты болды. Сол кездегі Сирияның ең ірі мемлекеті – Амурру патшасы Азиру Хетт патшасына жылына жүзге тарта құлдың бағасын, яғни 2,5 кг алтын төлеп тұрды, бұл үлкен ақша, алайда ол перғауынға бұдан әлденеше есе көп төлер еді. Сондықтан да Шығыс Жерорта теңізі халқының барлық топтары, перғауынды жақтаушы жонжарлардың бір бөлігін қоспағанда хеттер үстемдігін артық көруі түсінікті еді.
Өзінің діни реформасымен айналысып жатқан ІҮ Аменхетеп Египеттің Азиялық иеліктерін ұстап қалу үшін жеткілікті әскер жібере алмады, немесе жібергісі де келмеді. Алайда І Суппилулиума бұл жерлерді әзірге жаулап алған жоқ, алдымен Митанниді талқандап алу керек болды. Перғауындардың Азиялық империясы Азирудың соққысынан және хаппиру топтарын айналасына жинаған Дамаск билеушісінің соққысынан құлады. Финикияда хаппирулар жағына Сидон патшасы өтті. Перғауын өкіметінің әрекетсіз отырғанына қарамастан, жаулаушылармен қызметтес болуымен өздерін халық алдында келеңсіз жағынан көрсетіп алған көпшілік патшалар Египетке адалдығын сақтады, бірақ олардың жерлері от-жалынға оранып аты.
Хапирулердің ізімен жүре отырып хетт әскерлері оңтүстікке шабуыл бастады. ХІҮ ғ. Ортасына таман олар Солтүстік Палестинаға дейін жетті. Сол кезден бастап хапирулер туралы ештеңе айтылмайды: олар басқа да ханааней халықтарымен бірігіп кетсе керек; олар өз жағдайын біраз жақсартып алған болуы мүмкін немесе бір бөлігі өз үйлеріне оралған болуы да мүмкін, бірақ әрине қоғамдық құрылысының түбегейлі өзгеріске ұшырауы мүмкін емес еді. Амарру патшалығы басқа патшалықтардан еш айырмасы жоқ кіші-гірім сириялық мемлекетке айналып, б.з.д. ХІІ ғ. Дейін өмір сүрді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет