Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады



бет27/92
Дата08.09.2022
өлшемі442,2 Kb.
#38696
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   92
Байланысты:
annotation15107

Жаңа Хетт патшалығы


Б.з.д. 1500-1400 жж. дәуірін қамтыған Орта Хетт мемлекеті тарихының жеткіліксіз зерттелуіне байланысты ары қарай Жаңа патшалық дәуіріндегі хеттер тарихының басты мәселелеріне тоқталамыз. Бұл дәуірде Хатти Египетпен, Вавилониямен және Ассирия державасымен тең мемлекет ретінде қарастырылған еді.
Жаулаушылық саясат ХҮ ғ. аяғында ІІІ Тутхалия тұсында басталып, б.з.д. ХІІІ ғ. ортасына дейін жалғасты. Жаңа патшалықтың өн бойында дерлік хеттер Кіші Азияның Арцава деп аталатын оңтүстік-батыс аудандарына жорық ұйымдастырып отырды. Бүкіл оңтүстікте хеттерге жақын, туыстас лувиялықтар мекендеп, ол жер Лувия деп аталатын еді.
Хеттер бұл уақытта Солтүстік Сирия үшін күресте ірі нәтижеге қол жеткізді. Хаттидің Ежелгі патшалық құлағаннан кейінгі уақытша әлсіреуін пайдалана отырып митаннийліктер Евфраттан батысқа қарайғы территорияда, атап айтқанда Солтүстік Сирияда ірі табыстарға қол жеткізді. Халеб, Алалах, Каркемиш және басқа патшалықтар олардың саяси үстемдігі аумағында болды.
Тутхалияның ұлы І Суппилулиум Митаннидің үстемдігін жойды. Жоғарғы Евфраттан өтіп хетт әскерлері осы өзен аңғарындағы хурриттердің ұсақ патшалықтарына баса-көктеп кіріп, бұдан кейін солтүстіктен – Митанни астанасы Вашшуканнаға шықты. Хеттер астананы талқандап, таққа хетт патшасы өз адамын отырғызды. Осы уақыттан бастап хеттердің Солтүстік Сириядағы ұзаққа созылған үстемдігі басталады. Халеб пен Каркемишті жаулап алғаннан кейін Суппилулиум бұл қалаларды өз ұлдары – Пияссили мен Телепинудің билігіне береді.
Суппилулиум тұсында Хатти мен Египет арасындағы қатынастар бастапқыда достық негізде болды. Бұған Суппилулиумның Эхнатонға оның таққа отыруына байланысты жіберген құттықтау хаты дәлел бола алады. Алайда хеттердің Сириядағы саясаты Египетпен қақтығысқа алып келмей қоймайтын еді.


4. Хаттидегі әлеуметтік-экономикалық қатынастар
Географиялық және климаттық факторларға тікелей тәуелді болған Хаттидің ауыл шаруашылық өндірісі суғару жүйесіне негізделмегені белгілі, алайда хеттер қолдан суғаруды мүлдем пайдаланбады деуге болмайды. Өзендер суының аздығы, өзен аңғарларының тарлығы және Орталық Кіші Азияның таулы рельефі кең суғару жүйесін дамытуға мүмкіндік бермеді.
Алайда Орталық Кіші Азияда мекендеген тайпалардың қоныстану территориясы егіншілік пен мал шаруашылық және қолөнердің дамуы үшін жаман база болған жоқ. Негізгі ауыл шаруашылық дақылы астық тұқымдастар – сұлы, бидай, эммер болды. Бау-бақша дақылдарына – жеміс ағаштарына, зәйтүн ағашына көп көңіл бөлінді.
Жер иелену мен пайдаланудың формалары әр түрлі болды. Хетт мемлекетінде патша (сарай), храм және жеке (қауым) жерлері орын алды. Патша және храм жерлері тікелей жоғарғы мемлекеттік биліктің қолында болды, өйткені патша елдің тек жоғарғы билеушісі ғана емес, сонымен бірге жоғарғы абыз, яғни сарай және храм жерлерінің басты меншік иесі де болып табылды. Алайда ол елдегі барлық жердің меншік иесі болған жоқ. Жердің белгілі-бір бөлігі мемлекеттік шаруашылықтан тыс болды. Мұндай жерлер еркін түрде бөгделенетін болды.
Мемлекеттік жерлер, әдетте бүтіндей қоныстар түрінде әр түрлі патша және храм шаруашылығына беріліп отырды. Патша шаруашылығы әр түрлі үйлерді – «шаруашылықтарды» қамтыды: «патша үйі» (кейде Күн үйі деп те аталды), «патшайым үйі», «сарай үй»”, бұларда тікелей өндірушілердің әр түрлі категориялары еңбек етті. Олардың бір бөлігі «үйге» бекітіліп берілді.
Мемлекеттік сектордағы ірі «үйлер» соңғы нәтижеде ұсақ шаруашылықтарға – жеке «үйлерге» бөлінді, олар хетт қоғамындағы негізгі өндіріс ұясы болды. Мемлекеттік жерді иеленгені және пайдаланғаны үшін екі түрлі мемлекеттік міндеткерлік атқарды – саххан және луцци. Саххан – натуралды міндеткерлік, ол жекелеген тікелей өндірушілерді немесе ірі шаруашылықты дайын түріндегі әр түрлі өнімдер мен малды патша және ірі мемлекеттік қызметкерлер пайдасына өткізуді міндеттеді. Луцци – еңбек міндеткерлігі, ол егістік алқаптары мен жүзімдіктерде еңбек етуге, қамалдар тұрғызу немесе жөндеу және басқа да мемлекеттік және қоғамдық жұмыстарды атқаруға міндеттеді.
Саххан мен луцциді орындаудан тек патшаның арнайы қаулысы арқылы ғана босатылды. Әдетте мемлекеттік міндеткерліктен храмдар ғана босатылды, ондағы тікелей өндірушілер тек абыздар пайдасына ғана еңбек етті.
Хетт заңдары хетт қоғамын ерікті адамдарға және оларға қарсы қойылған еріксіз адамдарға (құлдар) бөледі. “Ерікті адам” деп бастапқы дәуірде патшаның мемлекеттік саххан және луцци міндеткерліктерін тек патшаға ғана емес, сондай-ақ храм пайдасына да өтеуден босатқан адамды айтты. Ал кейінірек – Жаңа патшалық дәуірінен бастап “ерікті адам” тобына әлеуметтік жағынан ерікті барлық адамдар категориясы – қоғамның жоғары топтарынан төменгі топтарына дейін бәрі кірді.
«Еріксіз» адамдарға әлеуметтік еркіндіктен айырылған, белгілі-бір тәуелділіктегі адамдар жатты. «Еріксіздердің» әр түрлі категориялары болды. Оларға құқықтардан мүлдем жұрдай құлдар да, сондай-ақ белгілі-бір құқықтарға ие, азаматтық қауымның мүшелері де жатуы мүмкін еді. Олардың өз «үйлері» (шаруашылықтары), отбасы, жер участогі, өз малы, жұмысшы персоналы – құлдары болды. Экономикалық жағынан тәуелсіз болған бұл тікелей өндірушілердің барлық категориялары құқықтық жағынан хетт қоғамының біртұтас қаналушы «тәуелді, еріксіз» адамдар тобын құрды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет