Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады


Білімін тексеруге арналған сұрақтар



бет28/92
Дата08.09.2022
өлшемі442,2 Kb.
#38696
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   92
Білімін тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Кіші Азияның ежелден «алтын көпір» аталуының себебі неде?

  2. Ежелгі Хетт патшалығы қалыптасуының этникалық негізі қандай?

  3. Жаңа Хетт патшалығының сыртқы саясатының сипатын ашып көрсетіңіз.



ХІ ТАРАУ


Б.З.Д. ІІІ-ІІ МЫҢЖЫЛДЫҚТАРДАҒЫ СИРИЯ, ФИНИКИЯ ЖӘНЕ ПАЛЕСТИНА



  1. Өркениеттің пайда болуы

Тавр тауының етегі мен Евфраттың орта ағысынан Египетке дейін созылатын Шығыс Жерорта теңізі ауданына гректер Финикия деген атау берген теңіз жағалауындағы кішкентай жермен қоса Сирия және Палестина кірді. Ерте кезде бұл территорияның үлкен бөлігі Ханаана деп аталған.
Табиғат жағдайлары жағынан бұл аудан алуан түрлілігімен ерекшеленді. Египеттен ежелгі Палестина шөл дала арқылы бөлініп жатты; аймақта ірі өзендер жоқтың қасы, салыстырмалы түрде айтарлықтай болып есептелетін өзендерге Палестинадағы Иордан, Сирия мен Финикиядағы Оронт өзендерін жатқызуға болады. Палестинада сондай-ақ құнарлы оазистер мен жазықтар да, биік таулар да кездеседі.
Финикия Алдыңғы Азияның қалған бөліктерінен Ливан биік тау жоталарымен бөлініп жатыр, бұл жоталар бал қарағайлы және басқа да аралас ормандарымен, тау етегіндегі көгалдарымен және қар басқан шыңдарымен ерекшеленеді.
Ливаннан шығысқа қарай Сирия орналасқан. Оны түскейден теріскейге қарай Ливан мен Антиливан арасындағы жазық қиып жатыр; оңтүстік бөлігінде ол Бека‘а немесе Келесирия деп аталады; бұл жерде оңтүстікке қарай Литани өзені, ал теріскейге қарай Оронт өзені ағады. Антиливанның арғы бетінде Сирия шөліне қарай Дамаск үлкен көгалы, ал одан әрі құнарсыз далалар басталады. Солтүстік Сирия Жерорта теңізінен Кіші Азиялық Тавр тауларына және Евфрат өткелдеріне дейін созылып жатты. Оронт өзененінің сағасы бұл елге Жерорта теңізінің жұмсақ желінің жетуіне жол ашып, мұның өзі елдің топырағының құнарлы болуына ықпал етеді.
Шығыс Жерорта теңізі (қарастырылып отырған барлық үш тарихи аймақты осы атаумен біріктіріп атауға болады) табиғат жағдайлары бойынша біртұтас болмағанын байқауға болады; бұл аймақта шөл далалар да, құнарлы ойпаңдар да, тау қыраттары да, мәңгі жасыл көгалдар да, батпақтар да, қарлы шыңдар да кездесті. Алайда кең ирригациялық жүйе жасауға мүмкіндік беретін суы мол, кемерінен шығып жататын өзендер болмаған. Ел ежелгі кезеңде аймақ құнды орман жыныстарына бай болды, бірақ пайдалы қазба кендері ол кезде аз ашылған еді. Сирия мен Палестина арқылы өтіп отырған мыс, оңтүстіктен, Синай түбегінен, немесе солтүстіктен, Тигр өзенінің жоғарғы бөліктерінен немесе батыстан – Кипр аралынан келді. Оның есесіне бұл жер арқылы аса маңызды керуен жолдары – Египеттен Кіші Азия мен Месопотамияға және кері қарай сауда жолдары жүріп отырды.
Шығыс Жерорта теңізі үңгірлерінен "Парасатты адамның" ең ежелгі түрлерінің қалдықтары табылған. Палестина, Сирия, Кіші Азия, Жоғарғы Месопотамияның таулары мен Тигрдің арғы бетіндегі аудандар мал шаруашылығының және әсіресе егіншіліктің ең алғашқы отаны болды. Б.з.д. ХІ-Х мыңжылдықтарда, бірқатар зерттеушілердің пікірі бойынша алғашқы афразиялық тіл тобына жататын адамдардың натуфийлік мәдениеті қалыптасты. Натуфийліктер балшықтан, құм мен тастан соғылған жартылай жертепелерде тұрды, шақпақ тасты тістері бар арнайы ағаш орақтармен жабайы дәнді өсімдіктерді орып отырған, жабайы ұсақ малдарды қолға үйрете бастаған. Палестинада (Иерихон) және Сирияның бірқатар бөліктерінде Чатал-Хююктегі (Кіші Азия) тәрізді б.з.д. ҮІІІ мыңжылдықтың өзінде гүлденген, егіншілікпен айналысушы елді мекендер болған, олардың кейбірі ерте неолит дәуірінің өзінде қуатты тас дуалдармен қоршалды. Дәл осы Палестина мен Сирия афразиялық тілде сөйлейтін тайпалардың бір тобы – семиттердің таралу орталығы болды деп көрсетуге негіз бар, бұл жерден олар бүкіл Аравия түбегіне (арабтар), Шығыс Жерорта теңізіне (батыс семиттер) және Месопотамияға (аккадтықтар) таралған.
Алайда кейінірек – мүмкін, тайпалар мен әскерлердің үнемі Сирия-Палестина жолдарымен жүруіне байланысты ма, немесе мыс-тас ғасырының, ал кейін қола ғасырының техникасы үшін қажет шикізаттың тапшылығынан ба екен, - бұл жерде қоғамның дамуы Оңтүстік Месопотамия және Египетпен салыстырғанда баяулап кеткені анық болды; б.з.д. ІІІ мыңж. екінші жартысында шумер-аккад типіндегі қала-мемлекеттер бұл жерде тек Солтүстік Сирияда (бұл жерде бірқатар қалалардың қатарында Орта және Оңтүстік Месопотамиямен байланысты болған Эбла қаласы гүлдену дәрежесіне жеткен еді), сондай-ақ Финикия жағалауының бір бөлігінде аса қымбат балқарағай ағашын Египетке шығару орталығы болған - Библ қаласы пайда болды.
Б.з.д. ІІІ мыңжылдықтан бастап Ван және Урмия көлдерін қоршаған таулардан (қазіргі Түркия мен Иран территориясында), Закавказьеден лек-лек болып Жоғарғы Месопотамия мен Сирия арқылы хуррит тайпалары келіп жатты; бірінші толқыны б.з.д. ІІІ мыңжылдықта Солтүстік Палестинаға жетті. Аккад әулеті тұсында (б.з.д. ХХІІІ ғ.) Солтүстік Сирияға Месопотамия әскерлері, ал кейінірек, ІІІ Ур әулеті кезінде (б.з.д. ХХІ ғ.) Солтүстік Сирия мен Библге Шумер мен Аккад патшалығы уақытша өз билігін орнатты.
Б.з.д. ІІІ мыңж. аяғына қарай бүкіл Шығыс Жерорта теңізі ерте таптық қала-мемлекеттер торабы алып жатты; қалалар дуалдармен қоршалды, олардың орталығында храм және жергілікті билеушілердің үйлері (резиденциясы) орналасты, оларды бір-біріне жапсарласа соғылған саз балшықтан немесе кірпіштен жасалған әдетте екі қабатты болып келетін үйлер қоршап жатты. Бұл үйлердің жоғарғы қабатында үй иелері, ал төменгі қабатында құлдар тұрды және онда қойма орналасты. Қалалар тек алқаптарда орналасты; таулы аймақтарда халық аз қоныстанды, ал шет аудандарда – Дамаск оазисінде, Иордан өзенінің арғы бетімен шөл даланың басқа да аудандарында адамдар шатырларда тұрды, ал көктем шығып, дала көкке оранған кезде олар малдарымен бірге егістік жерлерден басқа жаққа көшіп кетіп отырды. Бұл тайпалардың өмірі «Синухет туралы әңгіме» атты ежелгі Египет дерегінде, ал кейінірек еврей тайпа көсемдері (патриархтары) туралы Библия жазбаларында жақсы жазылған.
Бұл дәуірдегі малшы-аморей тайпалары қоғамының негізгі ұясы тайпаның, ал кейде тайпа одағының бір бөлігін құраған рулық қауым болды. Патриархалды үлкен отбасы басшысының билігі өзінің әйелдері мен балаларынан басқа, сондай-ақ ұлдарының отбасыларына, руға келіп қосылған кірмелердің отбасыларына, құлдар мен күңдерге де тарады. Патриарх (көсем) бұл адамдардың өмірі мен барлық дүние-мүлкіне билік етті. Тайпаның қауымдық тобының істерін «ақсақалдар» кеңесі мен көсем басқарды, оны қауым жиылысында барлық ересек ер кісілер – жауынгерлер сайлайтын болған. Әр кез белгілі бір көсемнің айналасында әскери топ қалыптасып отырды, ол ру-тайпалық жасақтың негізі болуы мүмкін еді. Кейде көршілер арсындағы дау-дамай екі жақтың батырлары арасындағы жекпе-жек арқылы шешіліп отырды.
Алайда егіншілікпен айналысатын отырықшы халық басым болды. Солтүстік Палестинаның аса ірі қаласы – Хацор бұл уақытта 50 га жерді алып жатты, бұл сол кез үшін өте үлкен болып есептеледі. Хацор алыс елдермен де, атап айтқанда Евфраттағы Маримен сауда байланыстарын орнатты. Финикия мен жағалаулық Сирияда тек Библ ғана емес, сонымен бірге Угарит және басқа да бірқатар елді мекендер Хацордай болмаса да, бірақ гүлденген қалаларға айналды. Мұндай гүлденудің себебі Финикияда сауданың ерте дамуы, ең алдымен Египетпен сауданың дамуы болды: финикиялықтар ол жаққа кемелерімен құрылыс ағашын апарып отырды, египеттіктер де Библде өз патша шенеуніктерін ұстауға тырысты. Сонымен бір мезгілде, Кіші Азиядағы Каништен табылған саудаға байланысты хат алмасулар Сирия арқылы Египетпен, Месопотамия және Кіші Азиямен жүргізілетін құрғақтағы сауда да айтарлықтай маңызға ие болғанын көрсетеді. Бәрінен де делдалдық сауданың маңызы жоғары болды, алайда Сирияның өзі де ағаш, жүк таситын есектер және піл сүйегін (ол кезде Сирияда әлі де пілдер мекендеген) сатып отырғанын айтып кету керек. Сауда бағыттарына сәйкес, егер теңіз жағалауында Египет ықпалы байқалса, ал елдің ішкі бөліктерінде – бұған қоса аккадтық ықпал да байқалды: бұл жерде көптеген адамдар египетше сөйлеп қана қойған жоқ, сондай-ақ сына жазуымен жаза алатындар да кездесіп отырды.
Соңғы уақытқа дейін б.з.д. ІІІ мыңжылдықта ішкі Сирия өркениет деңгейіне жете алған жоқ деп есептелген еді; бұл көзқарас Италия ғалымдары экспедициясының Телль-Мадрих қалашығындағы ашылымдарынан кейін өзгерді. Бұл қалашықтың астында ежелгі Эбла қаласы орналасқан еді. Табылған деректердің негізінде Сирияда б.з.д. ІІІ мыңжылдықтың өзінде-ақ өзен ирригациясымен байланысы жоқ өркениеттің болғандығы дәлелденді.
Эбладан табылған мәтіндер ІІ Ерте әулет уақытындағы көне ерекшеліктерін сақтаған шумер жазуымен жазылған. Мәтіндердің көпшілігі – шаруашылық құжаттары, сонымен бірге шумер-эбла сөздіктері және бірқатар діни мәтіндер кездеседі.
Эбла Евфрат бойындағы, Оронт өзені алқабына дейінгі: орта Евфраттағы Мариден Оңтүстік Сириядағы Катнаға дейінгі жерлер ауқымындағы ең қуатты қала-мемлекет болған тәрізді. Қалалар маңында сол кездің өзінде-ақ малшы аморей тайпалары мекен еткен.
Эбла қаласының территориясы орталық және шеткері (шумерше уру-бар) болып екіге бөлінді. Бұл екі бөлік те сарайға (немесе храм-сарайға) бағынды, алайда біріншісі сарай шаруашылығына кірсе, ал уру-бар жерлерінің адамдары сарайға азық-түлік әкеліп тұруға ғана міндетті болды; олардың көпшілігі отырықшы малшылар болды. Сарайға бағынбайтын жерлер болды ма, жоқ па, ол жағы деректерде көрініс таппаған. Сарайға жұмыс істеуші адамдардың жағдайы илоттарға жақын болған сияқты, бірақ оны әлі нақтылау қажет.
Эбла билеушісі маликум титулына ие болды, дәлме-дәл «ақыл-кеңес тыңдаушы» деп аударылады, кейінгі семит тілдерінің көпшілігінде бұл термин «патша» дегенді білдіреді, шумер тілінде жазылған мәтін үзінділерінде ол эн деп беріледі. Эбла маликумының жанында екі кеңесші және бірқатар басшылар – шаррум (шумерше лугаль) болды. Эбла сарайының есігі кіші-гірім алаңға шықты, оның ортасында билеуші тағы орналасқан биік орын болды; осы жерде шет елден елшілер мен көпестерді, Элбаның өзінің иеліктерінен алым әкелушілерді қабылдаған.
Эбла халықаралық сауданың ірі орталығы болды; деректерде жиһангез саудагерлер, лу-кар – «айлақ адамдары» жиі аталады. Сарайдан өңделмеген Бадахшан көк тасының (лазурит) біраз қоры (Ауғанстаннан) және Египеттен әкелінген алебастрадан жасалған ыдыстар, соның ішінде Хефрен мен І Пиопи перғауындарының жазбаларымен ыдыстар табылған.
Алайда мұндай тауарларды Эбла көпестері емес, шет жерлік саудагерлер әкеліп тұрған болса керек: деректер Эбланың тек Солтүстік (сириялық) Месопотамия қалаларымен (Абарсаль, Мари), және Тигрдің арғы бетіндегі аймақпен және Солтүстік Шумермен (Киш) тығыз байланыстары болғандығын көрсетеді. Эбладан батысқа қарай небары жүз шақырымда орналасқан Угатиттің өзі іскерлік құжаттарда емес, тек жер атауларының сөздік тізімінде ғана көрсетілген. Египетті, Кіші Азия мен Иран қыратын қойғанда, көрші жатқан Палестина мен Сирияның қалалары да бірде бір рет аталмаған. Соған қарағанда бұл елдердің бұйымдары Эблаға көптеген делдалдар арқылы жеткен болуы керек.
Аккад әулеті патшаларының мәліметтерінен (Саргон мен Нарам-Суэн) олардың Эблаға қарсы жорық жасап тұрғанын және Эбланы, соңғы патшасы – Ибби-Зикирдің билігі тұсында б.з.д. ХХІІІ ғ. аяғында Аккад патшасы Нарам-Суэннің қиратқанын көреміз. Осы оқиғадан кейін Эбла б.з.д. ІІ мыңжылдықтың басында қайта жанданды, бірақ енді ешқашан бұрынғы маңызына ие болған жоқ. Оның халқы бұл уақытта өздерін қоршаған аморейлермен бірігіп кетті.
Б.з.д. ІІ мыңжылдықтың басында Солтүстік Сирияда астанасы Халеб қаласы болған Ямхад аса қуатты мемлекеті айрықша роль атқарды. Бұл мемлекет халқының құрамы бойынша аморейлік, ал мәдениеті бойынша аккадтық болған еді. Ал Оңтүстік Сирияға (Катна) және Финикия жағалауларына дейін жоғарғы месопотамиялық патша – І Шамши-Ададтың саяси ықпалы күшті болады.
Сирия қала-мемлекеттері туралы жазба деректер өте жұтаң (тек б.з.д. ХҮІІІ ғ. Алалах қаласынан табылған әзірше аз зерттелген мұрағаттарды есептемегенде). Бұл қала-мемлекеттердің әлеуметтік құрылысы Аррапханың хуррамиттік қоғамына өте ұқсас болған тәрізді. Бұл Алалахта хурамиттердің көп болуымен ғана түсіндірілмейді, ол ең алдымен экономика сипатының бірегейлігімен және оның дамуының деңгейімен түсіндіріледі. Бұл жерде қала патшасы кейде өзінің мүлік агенттеріне немесе жай ғана жақындарына бүтіндей қауымдарды сыйға тарқаны немесе сатып отырғаны өте қызғылықты жайт; құжаттар сыйға тарту немесе сату-сатып алу келісімі ретінде құрастырылған, алайда іс жүзінде бұл жерлерден тек салық жинау құқығы берілгендігі жөнінде айтылады деушілер де жоқ емес. Дегенмен жер иеліктері қайта қайырылатын немесе басы бүтін сатылатын етіп шарттар жасалып отырғаны айқын болып отыр, бұл шарттар кейде қарызы үшін мүлікті тартып алуды жасырып та отырған. Өсімқорлық ерекше дамыды. Қарызды жекелеген қожайындар да, бүтіндей қауымдар да беріп отырды. Қатардағы қауымдастардың кедейленуімен қоғамның мүліктік жікке бөлінуі қарқынды түрде жүрді, кедейленген қауымдастар хапируға айналып, Сирияның шөлді аудандарында жасырынып жүрді.
Б.з.д. ХҮІІІ ғ. аяғы мен ХҮІ ғ. басы аралығында Нілдің атырауына Палестинадан немесе Синайдан жауынгер малшы тайпалық топтары – гиксостар өте бастайды. Келімсектердің жауынгер топтары бірте-бірте Египеттің солтүстік номдарындағы билікті басып алады, және олардың көсемдері өздерін перғауын деп атай бастайды. Египетте гиксостар өздерінің этникалық ерекшеліктерін жоғалтып, жергілікті халықпен сіңісіп кетеді. Алайда өздерінің алғашқы мекендеген жерлерінде олар қандай мөлшерде билігін сақтағаны туралы мәселе шешімін таппай отыр. Бірақ дәл осы кезде Палестинаның қалалары мен ауылдарында әл-ауқаттың өскендігі байқалады; алайда шонжарлардың бай, үлкен әрі барлық жағдайлары бар үйлері кедейлердің бейшара, жұпынсыз лашықтарымен қатар тұрған болатын: терең мүліктік жіктеліс бұл жерде де жүрген еді. Палестина бұл кезде саяси жағынан біртұтас болмады. Тайпа аралық өзара қырқыс соғыстардың жиі болып тұрғанын қалалардың қуатты дуалдары және олардың жаулардың әр кездерде талқандап отырғанын көрсететін археологиялық іздер көрсетеді. Соған қарамасатан Палестина қалалары номиналды түрде болса да Аварис қаласындағы гиксос патшасының жоғарғы билігін мойындаған болуы да мүмкін; гиксостардың екінші орталығы Палестина жағалауының оңтүстік бөлігіндегі Газа болуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет