Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады



бет29/92
Дата08.09.2022
өлшемі442,2 Kb.
#38696
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   92
2. Митанни және перғауындық Египет
Б.з.д. ХҮІІ ғ. екінші жартысында Египеттегі гиксостар патшалығы (немесе патшалықтары) құлдырай бастайды. ХҮІ ғ. Басынан Шығыс Жерорта теңізінде бір уақытта бірдей бірнеше жаңа маңызды саяси факторлар пайда болады.
Солтүстікте хурриттік Митанни державасы ұсақ-ұсақ аккадтық, хурриттік және аморейлік патшалықтарды жұтып қояды. Алалахтың сол кездегі патшаларының бірі Идри-Ми өз жазбасында оның қаласында төңкеріс болғандығы жөнінде, өзінің арбаға мініп таулық хапируларға қашқанын және сол жерде бірнеше жыл өмір сүріп, кейінірек өз қаласына оралғаны, бірақ енді Митаннидің патшасы Парраттарнаның жоғарғы билігін мойындағаны жөнінде әңгімелейді.
Евфраттан батысқа қарай орналасқан Митаннидің мемлекеттік билігі қай кезде болсын мықты болды деуге еш негіз жоқ, бірақ Митанни ықпалының тарауы айтарлықтай болды. Сирия мен Палестина халықтарының тілдері оңтүстікте ханаанейлік, ал солтүстікте аморейлік болғанына қарамастан әулеттердің үндіирандық және хурриттік аттары б.з.д. ХҮ ғ. Аяғына дейін бұл екі елдің әр түрлі қалаларында кездеседі. Бұл жағдай әулеттер митанни патшаларының туыстары болуымен түсіндірілсе керек, өйткені үндіиран тілі Алдыңғы Азиядағы Иран қыратының шегінен ары аспаған еді.
Митаннидің өрлеуі Сирия мен Финикияны байытуға қабілетті екі түрлі жаңалықтың ойлап табылуымен тұстас келді. Б.з.д. ХҮІІІ-ХҮІІ ғғ. Шамасында Жоғарғы Месопатамиядағы хурриттер түрлі-түсті шыныдан ыдыс жасауды ойлап тапты. Ыдыс жасаудың бұл тәсілі кейінірек Финикияда, Төменгі Месопотамия мен Египетке де тарады, бірақ бірқатар уақыт аралығында хурриттер мен финикиялықтар халықаралық саудада шыны ыдыстарды өткізуді монополиялады. Б.з.д. ХҮІ ғ. Аяғына қарай Финикияда жүнді теңіз құртынан (моллюск) жасалатын бояу – пурпурмен ашық қызыл және ақшыл көк түске бояу тәсілі ойлап табылды. Ханаанейлік Финикияның кіші-гірім қалаларында боялған жүнді айырбастау жолымен түскен астық пен металл бұйымдардың бай қоры жинақталып қалды. Финикиялықтардың Жерорта теңізінің алыс аудандарында да қызу саудасы басталып кетті. Шамамен б.з.д. 1400 ж. бастап осы сауданың куәсі ретінде Сирия мен Палестинада микендік және кипрлік керамика пайда болады; финикиялық тар теңіз арқылы сондай-ақ испан қалайысын әкеп тұрған да болуы керек, мұның өзі Алдыңғы Азияда қоланың жасалуын арзандатты.
Көпестер ролінің өсуә Финикияда месопотамиялық және египеттік типтегі монархиялық құрылыстың дамуын тежеді: әрбір қалашықта өз патшасы болғанына қарамастан, жалпы алғанда олардағы билік алғашқы деморатиясы сақталған олигархия сипатында болды.
Палестина мен Финикияның ханаанейлік қалалары мен Сирияның аморейлік және хурриттік қалаларының жоғарыда көрсетілген жағдайларға байланысты гүлденуі көп ұзамай, дәлірек айтқанда, б.з.д. 1600 ж. кейін басталып кеткен египет жаулаушылығының кесірінен тоқтап қалды. Египеттегі гиксостар билігі жойылды, жаңа, ХҮІІІ әулет перғауындары жекелеген шапқыншылықтардан Палестина-Финикия-Сирияға жоспарлы шабуылдарға өтті. Перғауын І Яхмес Оңтүстік Палестинадағы гиксостардың соңғы тірегін алды; ХҮІ ғ. Соңғы ширегінде І Тутмос Евраттың өзіне дейін жорық жасады; әйел-перғауын Хатшепсут өз билігін бейбітшілікте өткізгеннен кейін билікке келген ІІІ Тутмос уақытысынан ханааней қалаларын жүйелі түрде ұзаққа созылған қанды қырғынға салу басталды. Египеттің әрбір жорығы жауланып алынған территорияны Египеттің құрамына қосумен емес, тек қалалар мен ауылдарды тонаумен, мал мен адамдарды айдап әкетумен аяқталып отырды. Перғауындардың әкімшілік шаралары өте-мөте қарапайым болды. Негізгі жолдар мен өткелдерді бақылап отыратын бірнеше египет қамалдары тұрғызылды. Гарнизондардың болуы жергілікті билеушілердің ұзақ уақыт бойы жаулаушыны сый-сияпаттар, тарту-таралғылар, алым беріп отыру арқылы тыныштандыруға итермеледі; кепіл ретінде Египет сарайына билеушілердің балаларын әкетіп отырған: ұлдарын перғауынға адал болу рухында тәрбиелеп, ал қыздарын әйелдікке алып отырған. Бірақ перғауындар Египет мемлекетінің ішкі әкімшілік жүйесін Палестина мен Сирияға таратуға ешқашан ұмтылмаған. Олардың жекелеген патшалардың сарайларында ұстаған кіші-гірім әскери топтары негізінен бақылаушылық функция атқарған болуы керек. Мысалы, Салық жинау олардың міндетіне кірмеген: Құнды заттар да, жұмыс күштері де Палестинадан, Финикия мен Сириядан тұрақты салық салу арқылы емес, үнемі жасалып отыратын әскери жорықтар арқылы зорлық-зомбылықпен, күшпен тартып әкетіліп отырылды. Сирия-Палестина мемлекттерінің египет жаулаушылығы кезінде ХҮ ғ. Өзінде-ақ халықтың үлкен бөлігін жоғалтқаны белгілі болды.
Перғауындар Митанни күштерін Евфраттың арғы бетіне ығыстырып жібергеніне қарамасатан Митанниді толықтай қиратуға олардың күші жетпеді. Митанни патшалары Сирия-Палестина жерлеріндегі перғауындарға қарсы ұйымдаспаған болса да, бірақ толастамай отырған қарсылық қозғалыстарымен тұрақты байланыс орнатып отырды. Басты мәселе мынада еді: перғауынның олжасы неғұрлым бай болған сайын Сирия-Палестина жолындағы сауда соғұрлым тоқырап отырды, ал саудасыз елдің байлығы кеміп кететін еді, мұның өзі Египетті әр түрлі бағалы заттармен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндікті шектеді. Ақыр аяғында перғауын ІҮ Тутмос Митанни патшасы І Артадамамен ықпал ету аймағын бөлісу туралы келісім жасауға мәжбүр болды. Жерорта теңізіне шығатын Солтүстік Сирия Митанни аймағында қалды, ал Египет перғауындары өз ықпал ету аймағында жыл сайынғы жорықтарсыз-ақ қаражаттың келіп тұру жолдарын іздестіре бастады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет