Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады


Хеттер мен перғауындық Египеттің Сирия , Финикия және Палестина жерлері үшін күресі



бет31/92
Дата08.09.2022
өлшемі442,2 Kb.
#38696
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   92
Байланысты:
annotation15107

Хеттер мен перғауындық Египеттің Сирия , Финикия және Палестина жерлері үшін күресі

Египеттің ХҮІІІ әулеті құлағаннан кейін келесі, ХІХ әулеттің перғауындары – І Сети және ІІ Рамсес Палестинана, Финикия мен Сирияны қайта жаулап алуды бастауға тиіс болды. Хеттердің Сириядағы жағдайы да жеңіл болған жоқ, хетт патшалары күрделі саяси ойын жүргізіп отыруға мәжбүр болды. Митанни жойылғаннан кейін Солтүстік Сирияға апаратын Евфрат өткелдеріне жаңа құрылған Ассирия державасы қауіп төндіре бастады, және Сирия мемлекеттері Египет үстемдігіне қарағанда хетт үстемдігі жұмсағырақ болғанына қарамастан, бірақ ол Митанни үстемдігінен әлдеқайда ауыр екендігін түсінді: Хетт державасымен жасалған барлық келісім-шарттарда бағынышты мемлекетті дербес сыртқа саясат жүргізу құқығынан айырған шарттар болды, сондай-ақ оның дербестігін айтарлықтай шектеген басқа да бөліктер болды. Нәтижеде бірқатар Сирия патшалықтары хеттерден бөлініп кетті, оларды күшпен бағындырып отыруға тура келді; Амурру патшалығы Хетт және Египет державалары арасында бірде бірінің, келесіде екіншісі жағына шығып ауытқып отырды.
Хеттердің Сириядағы басты тірегі Евфраттағы Каркемиш қаласы болды; хеттер өздері үшін осындай екінші тірек ретінде теңіз жағалауындағы Угарит қаласын жасамақшы болды. Угариттің мемлекеттік мұрағаты бізге б.з.д. ХІҮ-ХІІІ ғғ. Сирия қоғамы туралы құнды мәліметтер береді.
Угариттің қоғамдық құрылысының жалпы белгілері хетт патшасы ІІІ Хаттусилидің Угарит патшасына жіберген елшілік жолдауынан жақсы көрінеді. Хетт патшасының Угаритке ұсынып отырған келісім шарттарынан оның көзқарасы бойынша угарит қоғамы мынадай әлеуметтік топтардан тұрған: 1) «патша құлдары (яғни қызметкерлері)»; 2) «Угарит ұлдары (яғни ерікті азаматтар)»; 3) «патша құлдарының құлдары» (яғни патша қызметкерлерінің құлдары; бұған жалпы патша қызметкерлерінің бақылауындағы патша шаруашылығы жұмыскерлерінің ең төменгі топтары кірген болуы да мүмкін); 4) сатып алынған жеке меншік құлдар. Аталған топтардың әрқайсысынан адамдар хетт патшасының қамқорлығындағы хапиру қауымдарына қашып отырғаны көрсетілген, алайда хетт патшасы қашқындарды қайтарып отырған көрінеді. Деректерден угарит қауымдарынан ұжымдық салықтар жиналып отырғаны және олардың мүшелері жалпымемлекеттік міндеткерліктер өтеуге әкетіліп отырғаны жақсы белгілі (аккадша ильку, хурритше унушше «міндеткерлік өтеуге бару» дегенді білдіреді). Ең маңызды міндеткерліктер әскери, кеме ескекшісі болу және мемлекет жұмыстарын орындау болды, бұл міндеткерліктерді орындаушыларды мемлекет қазынасынан асырап отырды. Міндеткерліктерді орындауға жекелеген үлкен отбасылық қауым өкілдері (шамасы өз қалауымен болса керек) бөлініп отырды. Қауымдарды ақсақалдар және қауым мен патша өкіметі арасындағы ерекше байланыстырушы кісі – сакину басқарды; Угарит мемлекетінің басқаруы жалпы алғанда осындай болды, алайда сакинумен қатар патша да болды, бұл сыртқы қатынастар ісін кейде тікелей ақсақалдар кеңесі немесе сакинудің жүргізуіне кедергі келтірген жоқ.
Әскери міндеткерліктерді тек қауымдастар ғана емес, сондай-ақ «патша адамдары» да (ерекше артықшылықпен одан босатылғандарынан басқасы) атқарды. Каркемиштің күшеюінің нәтижесінде, оның үстемдік ету саласына Угарит те түсіп, бірте-бірте Угариттің ықпалы төмендей берді.
Египет перғауыны І Сети бастаған хеттерге қарсы шабуылдар ІІ Рамсес тұсында одан ары дамытылды. Сөйтіп, Палестинаның ханаанейлі қалаларының жағдайы Сирияның аморейлік-хурриттік қалаларынан әлдеқайда нашар болды; перғауындардың тежеусіз тонаушылығы, адамдарды қыру мен айдап әкетуі қайта басталды. Патшалық құруының бесінші жылында (шамамен, б.з.д. 1312 жыл болуы мүмкін) ІІ Рамзес көп әскер жинап, Чару шекаралық бекінісіне аттанады. 29 күндік жорықтан кейін патшаның өзі басқарған алдыңғы шептік әскер Кадештен бір асу қашықтықтағы жерге келіп орналасты. Бұған таяу жерге хетт армиясы және оған одақтас Сирия әскері орналасқан болатын.
Египет қосынына жіберілген тыңшылардың хеттер Египет әскерінен қорқып, солтүстікке шегініп кетті деген жалған ақпарына сенген ІІ Рамзес бүкіл армияның келуін күтпестен, өзінің шағын ғана авангардтық әскерімен хеттерге қарсы шабуылға шығады. Нәтижеде египеттіктердің шағын отряды перғауынның өзімен бірге қырылып қала жаздайды, жағдайды дер кезінде келіп жеткен Египет әскері құтқарып қалады. Хеттердің арбалы әскерінің қарсы шабуылы, олар тар өткелде шайқасқандықтан нәтиже бермейді. Қарсыластар бұл жолы бірін бірі жеңе алмайды.
Кинзес-Кадеш түбіндегі шайқастан кейін, ІІ Рамзес тағы да он бес жылдай уақыт бойы жыл сайынғы жорықтарымен тек Палестинаның ғана емес, сондай-ақ Сирияның да жергілікті халқын тонап отырды. Тек 15 жылға созылған ауыр күрестен кейін ғана ІІ Рамзес хеттерді Оңтүстік Сириядан ығыстырып, Кадешті және басқа да бірқатар қалаларды басып алды. ІІІ Тутмосистің бұрынғы иеліктерінің солтүстік бөліктері хеттер жағында қала берді. Ақырында хетт патшасы ІІ Хаттусили бір бүйірінен Ассирия қаупі төніп тұрғандықтан ІІ Рамсеспен бейбіт бітімге (б.з.д. 1296 немесе 1270 ж.) қол қоюға мәжбүр болды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет