Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады


«Өзеннің арғы беті тайпаларының» қоныс аударуы



бет32/92
Дата08.09.2022
өлшемі442,2 Kb.
#38696
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   92
«Өзеннің арғы беті тайпаларының» қоныс аударуы

ІІ Рамсес билігінен кейін көп ұзамай (б.з.д. ХІҮ ғ. аяғы – ХІІІ ғ. басы) Палестинаға Иорданның арғы бетіндегі далалардан малшы тайпалардың үлкен топтарының баса-көктеп кіруі басталады. Бұл жөнінде археологиялық деректер де, оқиғадан кейін 400-500 жыл өткеннен кейін аңыздарды жазбаға түсіруі негізінде және бізге дейін Таурат құрамында сақтала отырып жеткен тарихи аңыздар да жеткілікті түрде толық мәлімет бере алады.
ХІІІ ғ. Екінші жартысында Иордан өзенінің арғы бетіне, содан кейін Палестина жеріне басып кірген тайпалардың шығу тегі Жоғарғы Месопотамияны мекендеген аморей-сутий тайпалары еді, оларды бұл жерден ХҮІ-ХІҮ ғғ. Меттани хурриттері мен касситтер ығыстырып шыққан болатын.
ХІІІ-ХІІ ғғ. Заиорданиеде қоныстана бастаған сутий тайпалары ирби деген атаумен белгілі болған. Бұл «өзеннің арғы бетінен өтуші» дегенді білдірді. Ибрилер деп тек кейінгі еврей халқын ғана емес, атақты Авраамның (Ыбрахым пайғамбар) барлық ұрпақтары, соның ішінде аромейлер мен арабтарды да атаған болуы керек.
Барлық израильдіктердің мықты сеніміне айналған кейінгі аңыздар бойынша олардың ата-бабалары Египеттің қол астындағы Гошен немесе Гесем ауданына қоныстанбақшы болады, сол жерде олар Египет «құлдығына» түсіп қалып, «патша адамдары» ретінде міндеткерлік жұмыстар атқарып жүреді. Оларды бұл құлдықтан Египет патшайымының асырап алған баласы, израилдік Мұса пайғамбар Яхве құдайының көмегімен құтқарып, Египеттен алып шығады. Библия аңыздарына сәйкес Мұса Яхвемен «Өсиетке» (келісімге) отырады, келісім бойынша Яхве израильдіктерге Палестинаны беруге уәде етеді, ал олар өз кезегінде Яхведен басқа құдайларға табынбауға міндетті болады. Бұл әңгіме, әрине аңызға құрылған, алайда одан сол уақыттың оқиғаларына байланысты шынайы деректерді де сүзіп алуға болады.
Палестинада израильдіктер (аморей-сутий тайпаларының бір бөлігі) осы жерде бұрынннан өмір сүріп жатқан ханаана және аморей халқын кездестіреді. Аңыз бойынша израильдіктер Яхвенің әмірі бойынша барлық ханааней халқын қырып тастайды. Алайда іс жүзінде бүкіл ханааней халқы қырылып кетпеген, керек болса олардың кейбір қалалары өз тәуелсіздіктерін сақтап қалған. Атап айтқанда, биік, алынбас қырдың басында орналасқан, иевуситтер қаласы – Иерусалим израильдіктерден тәуелсіз болып қала берген.
Кейбір уақытша әскери көсемдерді есептемегенде израиль тайпаларының қандай да бір ортақ саяси билігі болмады. Оларды ақсақалдар мен пайғамбарлар (нәби) басқарды. Ерекше қиыншылық туған кезеңдерде жекелеген тайпалар немесе бүкіл тайпа одағы ерікті түрде құтқарушы-көсемге бағынды (қазы, ежелгі еврей тілінде шофет). Мемлекеттің бастамалары тек «қазылар» дәуірінің соңғы көсемдері тұсында ғана қалыптаса бастайды.
Дәстүр бойынша израиль тайпа одағы 12 тайпадан (буыннан) тұрды деп есептеледі. Бұл ең алдымен діни бірлестік болды, оларды ортақ құдай – Яхве біріктірді. Дінді тайпааралық левиттер ұйымы жүргізіп отырды. Яхвеге кез келген жерде – көбінесе қыраттарда, таудың биік шыңдарында табынатын. Алайда жер бетінде ол «Өсиет кемесінде» орналасқан, бірақ көзге көрінбейді деп есептелді. Бұл кеме көшпелі өмір кезіндегідей шатырда сақталды. Яхве сол дәуірде де, одан кейінгі кезеңде де бірден-бір құдай болып есептелмеген; ол тек өз тайпасымен өзін басқа құдайлармен тең қоймауы жөнінде келісім жасасқан «қызғаншақ» құдай болды деуге болады; бұл келісімнің символы ер балаларды сүндетке отырғызу болды. Алайда, келісімге қарамастан Яхвемен қатар басқа да құдайларға табыну орын алып отырды.
Бірте-бірте отырықшылыққа өту, қолөнер мен сауданың дамуы мүліктік жіктелісті күшейте түсті. Ежелгі еврейлердің қоғамында ірі жер иелері мен құл иелері қалыптасып жатты, ал олар өздерінің мүдделері мен талаптарын қорғайтын мықты биліктің орнауына мүдделі болды. Сайланбалы көсемдерді өз билігін мұраға қалдыра алатын патшалардың ауыстыруын және жалпы мемлекеттің қалыптасуын сырттан төнген қауіп те тездеткен болатын. Ежелгі еврей тайпалары көршілес филистимдіктермен ұзаққа созылған соғыс жүргізіп жатты. Осы соғыстар барысында солтүстіктің Вениамин тайпасының өкілі, Киштің ұлы Саул патша болып сайланып, оның билігін барлық еврей тайпалары мойындады (б.з.д. ХІ ғ.). Саул өз жақындарын мыңбасы, жүзбасылар етіп тағайындап, оларға егістік алқаптары мен жүзімдіктерді сыйға тартты. Мұның өзі қызметкер шонжарлардың пайда болуына алып келген болатын. Алайда Саулдың қолбасшылық қабылеті жеткіліксіз болып, ол филистимдіктерден ойсырата жеңіліс табады.
Еврейлердің патшасы болып Саулдың күйеу баласы, оңтүстіктегі иуда тайпасының көсемі Дәуіт (Давид) отырады (б.з.д. 1000-965 жж.). Оның тұсында ханаанейлерден Иерусалим тартып алынып (995 ж.), еврейлердің жаңа патшалығының астанасына айналды. Елді басқару мақсатында орталық мемлекеттік аппарат қалыптастырылып, оның басына жоғарғы қызметкер қойылды. Патшаның жанында тек өзіне ғана бағынатын, криттіктер мен филистимдіктерден жасақталған жеке гвардиясы тұрды. Дәуіттің салық жинау мақсатымен жаппай халық санағын жүргізу туралы бұйрығы халықтың қатты наразылығын туғызды. Дәуіттің сыртқы саясаты табысты болып, оның тұсында елдің оңтүстіктегі шекарасы Акаб бұғазына дейін кеңейтілді.
Дәуіттің мұрагері оның кіші ұлы Сүлеймен (Соломон – б.з.д. 965-935 жж.) болды. Дәстүр оны дана басшы, әділ де қайырымды қазы, Библияға кірген бірқатар әдеби шығармалардың авторы ретінде дәріптейді. Сүлейменнің тұсында құрылыс ісіне көп назар аударылды. Босап қалған ханааней қалалары қалпына келтіріліп, жаңа қалалар соғылды. Яхве құдайының құрметіне Сүлеймен патша Иерусалимде сән-салтанатты храм тұрғызды. Құрылыс қызметінің кең ауқым алуы мен сарайдың қажеттіліктері салық саясатының күшейтілуін талап етті. Израиль-иудей патшалығының территориясы 12 округқа бөлініп, оның әрқайсысы патшаға жылдың бір айында азық-түлік жеткізіп тұруға тиіс болды. Еңбек міндеткерлігі енгізілді, жылдың төрт айын израильдіктер патшаның құрылыс жұмыстарында өткізуге тиіс болды.
Сүлеймен билігінің соңына қарай мемлекеттің сыртқы саяси жағдайы қиындап кетеді. Солтүстік шекарада қуатты Дамаск патшалығы пайда болды. Көпшілік еврей тайпалары Иудеядан бөлініп кетіп, жаңа Израиль патшалығын құрды. Оның астанасы жаңа салынған Самария қаласы (б.з.д. ІХ ғ.) болды. Дәуіттің ұрпақтары тек елдің оңтүстігіндегі билігін сақтап қалды.
Әлсіреп, бөлшектеніп кеткен елге Египет патшасы Шешонк б.з.д. 930 ж. шамасында басып кіріп, еврейлердің екі бірдей патшалығын тонауға ұшыратты. Алайда Шешонктың мұрагерлері тұсында Египеттің әлсіреп кетуі оның Шығыс Жерорта теңізіндегі бұрынғы үстемдігінен айрылып 0алуына алып келді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет